1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


 Дәстүрлі шешендік сөздердегі тапқыр ой, көркем тіл ерекшілігі



бет79/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   148
Байланысты:
1. Ôîëüêëîð æàíðëàðû. Ôîëüêëîð, îíû? åðåêøåë³êòåð³ ìåí æ³êòåëó³

86. Дәстүрлі шешендік сөздердегі тапқыр ой, көркем тіл ерекшілігі.

 

Сөз өнері өнердің ең алды ретінде саналған. "Өнер алды - қызыл тіл", - дейді қазақ мақалы. Абай: "Тіл өнері - дертпен тең", - деген. Қысқасы, халқымыз шын мәніндегі шешендікті асыл өнерге баулып, осы жолда қайталанбас мұра қалдырған.



Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі - шешендік өнер. Шешендік өнер - ақындық айтыс секілді қазақ әдебиетінің ерекшелігін көрсететін негізгі жанрлардың бірі.

Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, бізге халық жадында сақталып жеткен. Әдетте шешендік сөз түсініктен кейін немесе онымен аралас айтылады. Шешендік сөздің тілі көркем, мағынасы терең болумен бірге сөздері сұрыпталған, сөйлемдері қалыптасқан болып келеді, бірен -саран өзгерістер енгізу болмаса, түпнұсқаға түбегейлі өзгеріс жасау ақын, шешен адамдар болмаса, кез келген кісінің қолынан келе бермейді.



Қазақ шешендік өнерінің әлеуметтік қызметі де, мазмұн - мағынасы да, сыртқы ажар - көркі де өте күрделі, көпсалалы, көп қырлы. Әлеуметтік қызметі жағынан шешендік өнер қазақ даласында бірнеше қоғамдық ойдың міндетін қатар атқарған.

Егер де жастар шешендік сөздерді зейін қойып оқыса, қазақ халқының рухын көтеріп, қазіргі замандағы әртүрлі жағымсыз әрекеттер болмас еді. Өйткені шешендік сөздер - халқымыздың адамгершілік, ұлттық тәрбие берудегі тиімді жолдарының бірі. Ендеше, біз халық жадынан жеткен шешен, ғибрат сөздерге үлкен құрметпен қарап, оның терең мағынасын танып өскеніміз абзал.

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет