1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


 Шешендік арнаудағы сәлем, сын, әзіл және бата сөздердің көркемділігі



бет80/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   148
Байланысты:
1. Ôîëüêëîð æàíðëàðû. Ôîëüêëîð, îíû? åðåêøåë³êòåð³ ìåí æ³êòåëó³

87. Шешендік арнаудағы сәлем, сын, әзіл және бата сөздердің көркемділігі.

 

Қазіргі таңда біздің тілімізде алғыс мәнді сөзге мазмұны жақын жамандықтың бетін қайтарып, жақсылыққа үндеу мақсатымен қонақта, түрлі жиында дәм соңынан айтылатын шешендік сөздің бір түрі — бата беру жатады. Ерте кезден жалғасып келе жатқан бата беру, бата тілеу рәсімі — халқымыздың ұлттық болмысы мен дүниетаным аясындағы аса бағалы, қасиетті де киелі, мән — мағынасы айрықша ұлттық рухани қазынасының, мәдени игілігінің бірегейі, тәрбиелік мәні аса жоғары ежелден дана салты. Сөз өнерінің бір түрі — бата сөздер. «Бата» деген сөздің өзі бір істің бастауы, ашылуы, кіріспесі дегенді білдіретін араб сөзі. Мұсылмандардың қасиетті кітабы, «құранның» сөзі бата деген сөзден яғни «фатиха» сүресінен басталады. Халқымыз «жақсы сөз — жарым ырыс» — дейді. Үлкен ақсақалдар, ел ағалары үлкен той-томалақтарда, кішігірім жайылған ақ дастарханға бата береді. Келген қонақтар дастарханнан дәм татып, қонақ кәде орындалғаннан кейін келген қонақтардың жасы үлкені дастарханға бата — тілек береді «Алтын алма Бата ал, Бата да алтын емес пе» — деген қазақта керемет сөз бар. Би-шешендер мен ақындарымыз айтқан кез келген шешендік бата сөздердің қай-қайсысын оқысақ та, табарымыз — биік мораль талаптары: ата жолын ардақтау, ел намысын қорғау, сөз асылын қастерлеу, үлкенді сыйлау, ізгілік қасиеттерді бойға жинау, т.б. Шабанбай бидің бала Жанқұттыға берген батасы: Аллаңа жағам десең — азанды бол, Ағайынға жағам десең — қазанды бол, Халқыңа жағам десең әділ бол, Судай таза бол





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет