88. Шешендік толғаудағы табиғат құбылыстары мен өмір өзгешеліктерінің жырлануы.
Жырау шығармаларының, толғауларының шоқтығы биіктігі ойды көркем де образды етіп, айналадағы болмысқа, өмір шындығына негіздеп беруінен байқалады. Мысалы, жиырма жасты ағып жатқан бұлаққа, отыз жасты жарға ойнаған лаққа, қырықты ерттеп қойған құр атқа, елуді көшкен елге, алпысты қайғылы мұңлы күнге, сексенді қараңғы тұман түнге, тоқсанды ажалға, тоқсан бесті торға, өрге, шөлге теңеуінде көшпенді елдің, сахара даласының өз шындығы, өзінше философиялық даналығы бар. Ол теңеулер сол тұстағы әлеуметтік өмірдің алаулаған қызуы мен шөге бастаған салқынын көз алдыңа анық елестетеді.
Қазақы сөз арнау дәстүрі түрлі жанрлық, тақырыптық сипатымен өзге түрік халықтарына қарағанда өте бай. Ең бастысы байырғы рухани құндылықтарымыз таза, бастапқы пішінін жоғалтпай бүгінгі күні жалғасын тауып отыр. Қазақы сөз арнау заман өзгерісіне байланысты тақырыптық жағынан түрленіп, мазмұны тереңдеп, өлең жүйесі күрделеніп отырды.
Жыраудың ең сүйікті жанры – толғау. Толғау, осы сөздің өзінен көрінетіндей, толғану, толғаныс деген ұғымды білдіреді. Бұл сөздің ойға да, сезімге де қатысы бар.
Осы орайда, толғаудың тууы мен өмір сүруі, дамуы жайында белгілі ғалым, әдебиетші Әнуарбек Дербісәлин мынадай анықтама береді:
«Мұны зерттеу екінші жағынан қарағанда жалпы жеке авторлар творчествосының ауыз әдебиетінен бөлініп шығуы мен өзіндік өсу жолына да зер салу, содан ой қорытындылау сияқты.
Жеке авторлар творчествосының ауыз әдебиетінен ұзақ бөліну процесінде туып, өлшеусіз көп қызмет атқарған толғау жанрының негізгі төркінін оның сол шыққан арнасынан – ауыз әдебиетінен іздеуге тиіспіз.