1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Халық лирикасының жанрлық ерекшеліктері



бет27/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   148
Байланысты:
1. Ôîëüêëîð æàíðëàðû. Ôîëüêëîð, îíû? åðåêøåë³êòåð³ ìåí æ³êòåëó³

27. Халық лирикасының жанрлық ерекшеліктері.

Әр халықтын лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған. Мәселен, қазақ лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде - той бастар мен жар жарда, сыңсу мен беташарда немесе мұң-шер өлеңдерінде, қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ поэзиясында Шалкиіз, Махамбет  толғауларында лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған арман-мұраттары көрсетілген.Лириканың жанрлық сипатын сөз еткенде, оның белгілі бір нақты түрін бөліп көрсету мүмкін бола бермейді, дегенмен шартты түрде бөлінген түрлері бар екенін де жоққа шығара алмаймыз. Мәселен, мысал, мұң өлеңі (элегия), мадақ өлең (ода), төрттаған (рубай), нәзира т.с.с. бұрыннан бар, дау тудырмайтын лирика түрлері бар. Ал, жоқтау, арнау, айтысты т.с.с. А. Байтұрсыновтың 1926 жылғы «Әдебиет танытқыш» кітабынан бастап ұлттық өлең түрі, ұлттық үлгі деп қарастырып келгеніміз белгілі. Сонымен бірге, ойлану (медиативті), жұмбақ, хат өлең түрлері де кеңінен жайылған.


  ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ лирикасының жанрлық сипаты дегенде, азаматтық( Болыс болдым мінеки, Сегіз аяқ), табиғат, махаббат( Кейде есер көңіл құрғырың), философиялық лирика(Құтты білік) деп жіктеп қарастырамыз. ХХ ғасырдың 20-40 жылдары жемісті еңбек еткен қазақ лириктерінің шығармашылықтарына көз салғанда олардың қай-қайсысының да айналып өтпейтін нысанасы бар екенін көруге болады. Ол – табиғат. Ал Ы. Алтынсариннің табиғат суретін жырлаған екі өлеңі жазба поэзиядағы табиғаттың реалистік қалпын берген алғашқы туындылар болып саналады.(Өзен, Жаз)   Дәл осы кезеңдегі бұл саладағы үлкен жаңалық ұлы Абайдың өлеңдері еді. «Ыбырай мен Абайдың жаз мезгілін бейнелеген өлеңдерінде табиғаттың сұлу суретін жалаң суреттемей, ел тіршілігімен байланыстыра жырлауын және тақырып ауқымынан шықпауын олардың жетістігідепбілеміз»



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет