7.Ауызша сөз өнерінің синкреттік сипатының басымдылығы менварианттылығы
Сингретті дегеніміз көп қырлы дегенді білдіреді. Әсіресе Жоқтау жанрының да көп қырлы ерекшеліктерін, танытқыштық, тарихтық, ғұмырнамалық сапиттарын мысалдар келтіре отырып сөз етеді. Жоқтау жанрындағы шығармағаларда исламдық ұғымдар мен сенімдердің орындалу дәрежесі туралы байқауларын білдіреді. Қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан салтында өлген адамды еске түсіру, оған арнап жоқтау шығару елеулі орын алған. Р.Бердібайдың сөзімен айтсақ, "өмірден өткен адамның атақ-данқын, барша істерін тізіп, кейде әсірелеп, ағынан жарылып айту - жоқтауларға тән хас белгілердің бірі". /13.124./ Шыншылдық, қайталанбас даралық жоқтауларда мол болады. Белгілі бір дәуірде өмір кешкен адамдардың тіршілік жолынан қымбат мағлұмат беретін жоқтаулар да аз емес.
Кейде ондай өлеңдерден басқа жазба немесе ресми кұжаттарда кездеспейтін деректер ұшырайды. Осындай жоқтаулар қатарына ғалым Мамай батыр өлгенде анасы Қараүлектің айтқан жоқтаулары мен "Орманбет" деп аталатын жоқтауларды жатқызады.
Достарыңызбен бөлісу: |