1 Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салған кім?



Дата10.04.2023
өлшемі16,9 Kb.
#80961

1)Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салған кім?
Фонеманың көршілес келген әр түрлі фонемалардың тигізген әсеріне пайда болған реңкі к о м б и н а т о р л ы р е ң к деп аталады. Тіл білімінде фонема туралы мәселенің өзіне тән тарихы бар.Фонема туралы ілім орыс лингвистикасында өткен ғасырдын жетпісінші жылдарында пайда болған.Фонема теориясының алғаш негізін қалаған лингвист – орыс ғалымы и. Бодуен де Куртанэ (1845-1929). Оның ғылыми – зерттеу жұмыстарының әр дәуірінде фнема туралы түсінік өзгеріп отырды.Мысалы, Бодуан де Куртанэ алғашында фонеманы этимология – морфологиялық құбылыс деп қараса,кейінгі кездерде фонемаға психологиялық анықтама береді.
2) Фонема сөзіне анықтама бере кетіңіз?
Фонема (гр.phonema-дыбыс)- сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан айыруға септігі бар тілдің тілдің ең кішкене функциялық бөлшегі.
3) Артикуляциялық жолына қарай дауыссыздар қалай бөлінеді?
салдыр дауыссыздар(қатаңдар мен ұяңдар) шұғыл дауыссыздар және ызың дауыссыздарболып екі топқа бөлінеді.
Шұғыл дауыссыздарды айтқанда, дыбыстау мүшелері бір-біріне жабысады да, бірден кілт ажырасып кетеді, осының нәтижесінде ауа үзіліп, шұғыл шығады. Шұғыл дауыссыздардың осы қасиеті ескеріліп, олар эксплозив дауыссыздар деп те аталады. Шұғыл дауыссыздар мыналар:п, б, т, д, к, г, қ.
Ызың дауыссыздар дыбыстау мүшелерінің жымдасуынан емес, тек өз ара жуысуынан, соның нәтижесінде, ауаның сүзіліп шығуынан жасалады. Ызың дауыссыздар кейде фрикатив дауыссыздар деп те аталады. Олар мыналар: в, ф, ғ, с, ш, х, з, ж, һ.
4) Дауыссыз дыбыстар тіркесімі туралы айта кетіңіз?
а) қатаң дауыссыздардан соң қатаң дыбыс келеді: Мысалы: бас-тық, атт-тар, оқ-тау;
ә) ұяң дауыссыздан соң ұяң дыбыс келеді. Мысалы: қыз-дар, қаз-ға, бағ-дар;
б) үнді дауыссыздан соң үнді дыбыс және қатаң, ұяң дыбыстар да келе береді. Мысалы: өрмек, төрт, қарға, найза. Айту кезінде қатаң дыбыс пен ұяң дыбыстар қатар келмейді, ол жазуда қатар тұра беруі мүмкін. Мысалы, бес жігіт (бешшігіт), жаз кезі (жазгезі). Дауысты дыбыстар арасында келген кейбір қатаң дауыссыздар ұяңдап айтылуы тиіс. Мысалы, шекара (шегара), көк алма (көгалма); жаңа қазақ (жаңағазақ)
5) Дауыссыздардың басты ерекшеліктері?
- дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары;
- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде бәсең үн болады;
- дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы таза салдырдан тұрады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды;
- дауыссыз қатаң және ұяңдарды көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады;
- дауыссыздардың үн сапасында жаңғырық болмайды;
- дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.
6) Әріп пен дыбыс туралы айта кетіңіз?
Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе( о,ө,ұ,ү) кейде бір әріп ( мәселен ю,я) бірнеше дыбыс қосындысын өрнектейді.
Тілдің дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілеті үн дыбыс деп аталады да, оны жазу тілінде белгілейтін шартты белгі әріп деп аталады. Демек, дыбысты айтамыз және естиміз ал әріпті жазамыз және көреміз. Әріп — жазуда дыбысты белгілейтін шартты таңба.
7) Ауыз жолды, Мұрын жолды дауыссыздар?
Дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай ауыз жолды және мұрын жолды дауыссыздар болып екі топқа бөлінеді. Егер жұмсақ таңдай жоғары көтеріліп, жұтқыншақтың мұрын қуысына баратын кіре беріс жолды жауып тұрса, онда ауа ауыз қуысымен өтеді де, осының нәтижесінде ауыз жолды деп аталатын жауыссыздар (мыс:л,р,й,у және т.б.) жасалады. Егер жұмсақ таңдай төмен түсіп, жұтқыншақтан мұрын қуысынан өтсе, онда осының нәтижесінде мұрын жолды деп аталатын дауыссыздар жасалады.(мыс: м,л,н,ң).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет