4. Әріп пен дыбыстың арақатынасы, кейбір әріптердің дыбыстық мәні (и, у, я, ю) дыбЫс, әРІп, Фонема Сөздің айтылуы бар да, жазылуы бар. Әдетте мынадай көзқарас кездеседі: шын тіл - жазылған (көзбен көріп отыр- ған) тіл, яғни сөзді қатесіз жазу, жазылуындай етіп оқу. Ал айту (сөйлеу) оның шылауында кете береді. Тілдің фонетика- лық құрылысын дұрыс меңгеру үшін алдымен осындай қате түсініктен арылу керек. Дұрысы, жазудан гөрі айту әлдеқайда маңызды. Басқаны айтпағанда, әрбір адам алдымен сөйлеуді үйренеді де, содан соң жазуға көшеді. Күнделікті өмірде де адамның сөзді жазуы- нан гөрі айтуы, оқуынан гөрі тыңдауы көп орын алады. Тіпті үндемей ойлау, оқу, жазудың өзі де дыбыстарды іштей айту- мен байланысты. Олай болатыны, сөздің өмір сүру формасы - дыбыс. Әріп - сол дыбысқа берілген шартты таңба. Бір ғана дыбысты әртүрлі (мәселен, д, d, ) , т. б.) өрнектей беруге болады. Өзімізге мектептен таныс қағида: дыбысты айтамызжәне есітеміз, ал әріпті жазамыз және көреміз. Әріпті оқу, ай- налып келгенде, дыбысты айту болып шығады. A. Байтұрсынов өзінің алғашқы «Тіл - құрал» деп атала- тын еңбегінде (1914 ж.) осыны айрықша қадағалап айтқан: «Дыбыс таңбасын қарып деп атаймыз. Сондықтан жазған сөз ішінде пәлен қарып бар дейміз. Дыбыс пен қарып екеуі екі басқа нәрсе. Біріне бірін қатыстырып, шатыстырмасқа тиіс. Дыбыс естілетін, көзге көрінбейтін нәрсе, қарып көрінетін, ес- тілмейтін нәрсе»1. Содан бері 80 жыл өтті. Алайда осы бір қа- рапайым қағиданы әлі күнге пайымдай алмай келеміз. Фоне- тика оқулығының өзінде әріп пен дыбыс бірінің орнына бірі талғаусыз қолданып жүр. Әріп пен дыбысты шатыстыруға әсте болмайды. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе (мәселен, о, ө, ұ, ү), кейде бір әріп (мәселен, ю, я) бірнеше дыбыстың қосындысын (йүу, йүу, йа) өрнектейді. Керісінше, кейбір әріптердің (ь, ъ) дыбыстық мә- ні жоқ. -тілі Әріп пен дыбыстың бір-біріне ылғи да сәйкес келе бермеуі сөздің жазылуы мен айтылуының арасында ала-құлалық туды- рады. Мәселен, адам, ана, жер, кісі, ойла, ат, қара, қызыл, кел, ескер, мен т. б. сөздердің жазылуы мен айтылуы бір-біріне жуық. Ал оқы, ойланба, тонға, басшы, көзсіз дегендер айтуда оқұ, ойламба, тоңға, башшы, көссүз түрінде болады. Әңгіме ды- быс туралы болған кезде әр кез сөздің айтылуы ескеріледі. Тіл дыбыстары - адамның дыбыстау мүшелерінің қызме- тінің жемісі. Дыбыс - тілдің бір жақты единицасы: дыбыста- лады, бірақ мағынасы жоқ. Ал олардың белгілі бір тілде қа- лыптасқан тіркестері мағыналы сөздерді білдіреді. Олай бол- са, дыбыстар -- тілдің мағыналы единицалары сөз бен морфе- маларды (сөз бөлшектерін) құрастыратын материалдар қызме- тін атқарады. 1 Сөздер мен морфемаларды құрастыру үшін әр тіл өзінде бар толып жатқан дыбыстардың ішінен санаулы ғана дыбыс- тар типтерін (түрлерін) пайдаланады. Дыбыстық құрамының арқасында бас, көз, жер, су, адам, үй, қоян, сиыр, ауыл, қала сияқты сөздерді бір-бірімен шатастырмай, мағынасын дұрыс түсінеміз. Олай болатын болса, дыбыстар (дыбыстар типі) сөз- ді тануға қызмет етеді. Қазақ тілінен хабары бар әрбір адам бал, мал, қал, жал, сал, тал; жай, жақ, жап, жар, жас, жат, жау; бар, бер, бор, бүр, бұр, бір сияқты дыбыс тіркестерінің әр түрлі сөздер екенін бір-ден ажыратады. Өйткені бұларда бір-біріне ұқсамайтын ды- быстар бар. Егер бір ғана сөзді (мал) тіліміздің заңына сәйкөс түрлендіретін болсақ дыбыстар оларды бір-бірінен ажыратуға тағы да тірек болады (малдың, малға, малды, малы, малда т. б.). Қысқасы, тіл дыбыстары сөздер мен морфемаларды құ- растыруға (жасауға), тануға (түсінуге), ажыратуға қызмет етеді. Бұл дұрысы, фонемалардың негізгі функциясы (қызме- Ti).
5
6. Қазақ тілі дыбыстарының жіктелімі. Олардың жасалымы, айтылымы, естілімі
ҚАЗАҚ ТІЛІНІң Жасалуы НЕГІЗІ (артикуляциялық базасы) Сөйлеу мүшелері физиологиялық тұрғыдан алғанда адамзат баласының бәріне бірдей ортак, яғни "С анатомо-физиологической точки зрения принципиальной разницы в строении и функционировании произносительных органов у представителей разных рас или национальностей нет" [1, 80], алайда сол бәріне ортақ сөйлеу мүшелерін ұлт тілінде пайдаланудың жолдары әртүрлі болады. Бір сөйлеу мүшесі бір тілде белсенді болса, екінші тілде қалыс қалып отырады. Тіптен, белгілі бір сөйлеу мүшесінің қызметі әр тілде әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан да фонетика ғылымының басты міндеті ең алдымен сөйлеу мүшелерінің белгілі бір тілге тән жасалым негізін (артикуляциялық базасын) анықтап алу болып табылады. Тілдің жасалым негізі жалпы фонетика (общая фонетика) тұрғысынан "Артикуляционная база - это совокупность привычных для данного языка движений и положений произносительных органов" деп анықталады. Ал қазақ тілінің жасалым негізіне "Қазақ тілі дыбыстарын жасауға қатысатын сөйлеу мүшелері мен олардың қозғалысының жиынтығы" [2] деген анықтама берілген. Ендеше қазақ тілі дыбыстарының жасалымына қатысатын сөйлеу мүшелері мен олардың қозғалысының өзіндік ерекшеліктері бар. тіл ілг жә не Қазақ тілінің төл дыбыс құрамын дәл анықтап, оның жүйесін (айырым белгілерін) дұрыс сипаттап шығу үшін ең алдымен казақ тілінің жасалым негізін анықтап алу керек болады. Олай болмаған жағдайда қазақ тілінің дыбыс құрамы дәл анықталмайды, дыбыс жүйесі дұрыс сипатталмайды. Өкінішке орай, ондай жаңсақтықтар казіргі казақ фонетикасында баршылық. Жаңсақтыктардан арылудың жолы тек қазақ тілінін жасалым негізіне сүйенгенде ғана табылады. 3.1 Сонымен, бірінші кезекте қазақ тілінің жасалым негізінің көрнекі пішіндемесін (моделін) құрастырып алу керек болады. Қазақ тілінің жасалым негізі пішіндеме үлгісінде жасалғандықтан, оның сызба бөліктерінің көрінісі шартты болып табылады. Соған карамай, пішіндеме сөйлеу мүшелері мен олардың қозғалысының казақ тілі дыбыстарының жасалымына қатысын нақты көрсетіп отырады (3.1-сурет). 3.2 Пішіндеменің орта тұсы (Д көрсеткішінің топтамасы) тілдің ауыз қуысындағы көлденең қалпын, яғни тіл ортасы немесе ілгерінді (Д, және Д) қалпын, тіл арты немесе кейінді (Д, және Д ) және тік қалпын, яғни ашық немесе төменді (Д, және Д қысаң немесе жоғарылы Д, және Д,) қалпын көрсетеді. 3.3 Төменгі оң жақ бұрышта дауыс желбезегінің (дауыс жарғағы немесе дауыс шымылдығы деп те аталады) тербеліс қалпы бейнеленген (Г көрсеткішінің топтамасы). Дауыс желбезегінің қатысын көрсететін Г топтамасындағы төменгі бірінші түзу сызық дауыс желбезегінің бейтарап немесе тербеліссіз қалпын көрсетеді. Дауыс желбезегінің бұл қалпы қатаң дауыссыздарға тән. Жоғары қарай екінші толқын сызық дауыс желбезегінің жартылай тербелісін немесе тербеліңкі қалпын көрсетеді. Дауыс желбезегінің бұл қалпы ұяң дауыссыздарға тән. Жоғары қарай үшінші толқын сызық дауыс желбезегінің мол тербелісін немесе тербелімді қалпын көрсетеді. Дауыс желбезегінің бұл қалпы үнді дауыссыздарға тән. Жоғары қарай төртінші толқын сызық дауыс желбезгінің толық тербелісін немесе тербелмелі қалпын көрсетеді. Дауыс желбезегінің бұл қалпы дауыстыларға тән. Сонда дауыс желбезегінің қатысына қарай қазақ тілі дыбыстарының жасалым жіктелімі тербеліссіз (қатаң), тербеліңкі (ұяң), тербелімді (үнді) және тербелмелі (дауысты) болып шығады. Дауыс желбезегінің тербеліс күшіне (еніне) карай қазақ тілі дыбыстарының жіктелім сатысы тербеліссіз > тербеліңкі > тербелімді > тербелмелі болып шығады. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың кұрамы мен жүйесін айқындайтын бірден-бір жасалым белгі дауыс желбезегінің қатысы екенін көреміз. 3.4 Сол жақ тік қанат дыбыстардың жасалымына ерін қатысын (А топтамасы) көрсетеді. Қазақ тілі дыбыстарының жасалымына ерін қатысы екі түрлі болады. Егер дыбыстардың үндесім (сингармонизм) түрленімін ескеретін болсақ, онда езулік [а, ә, ы, і, е] (А , көрсеткіштері) және еріндік [ү, ү, о, ө] (А, ) деп екіге жіктей саламыз, ал егер дыбыстардың үйлесім (ассимилятив) түрленімін ескеретін болсақ, онда езуліктік өзін ашық езулік [а, ә] А , қысаң езулік [ы, і] (А) және емеурін езулік [е] (А,) деп үшке, еріндіктің өзін доғал еріндік [ұ, (А,) және сүйір еріндік [0, ө] (А,) деп екіге жіктейміз. Сонда қазақ тілі дыбыстарының жасалымына ерін қатысының өзі бес түрлі болады. Мұның өзі қазақ тілі дыбыстарының жасалымында ерін қатысының маңызы үлкен екенін көрсетеді. 3.5 Жоғарыдағы көлденең қанат дыбыстардың жасалу орнын (Е топтамасы) көрсетеді. Қазақ тілі дыбыстарының жасалу орны ерін, тіл ұшы, тіл ортасы, тіл арты және тілшік болып табылады. Оның ішінде тіл ортасы [ә, і, ү, е, ө] (E,) мен тіл арты [а, ы, ұ, о] (E,) дауысты дыбыстарға қатысты болса, ерін [п, б, м, у(w)] (E,), тіл ұшы [т, д, н, с, з, р, ш, ж, л] (E,), тіл ортасы [к, г, й, ң] (Е,) және тілшік [қ, ғ, й, н] (E,) дауыссыз дыбыстарға қатысты. Қазақ тілінің төл дыбыс құрамындағы у таңбасымен белгіленіп жүрген ерін-ерінді, жуысыңқы, тербелімді (үнді) дауыссыз дыбысын орыс тілінің у дауысты дыбысымен шатастыру жиі кездесіп жүргендіктен, оның халықаралық таңбасын жақша ішіне алып, арнайы көрсетіп отырмыз. 3.6 Оң жақтағы тік қанат дыбыстардың жасалу тәсілін (Б топтамасы) көрсетеді. Сөйлеу мүшелерінің қазақ тілі дыбыстарының жасалу тәсіліне қатысы да күрделі болып шықты. Тілдің арқалығы (үсті) мен таңдайдың арақашықтығына қарай ашық [а, ә] (Б ) және қысаң [ы, і, ұ, ү] (Б,) болып жіктеледі. Сонда дауыстылардың ашық/қысан белгісін дыбыстардың жасалу тәсіліне жатқызып отырмыз. Қазак тілінің жасалым негізінің фонетикалық заңдылығын сақтайтын болсақ, солай болуы керек. Сөйлеу мүшелерінің екеуара қалпынақарай жуысыңқы [ш, ж, с, з, л, р, й, ғ(г) у(w)] (Б, ) және тоғысыңқы [п, б, м, т, д, н, к(к), н] (Б.) болып жіктеледі. Жуысыңқының өзі жайылыңқы [ш, ж, ғ, й] (Б ), жиылыңқы (жинақы) [с, з, й, г, y(w)] (Б.), жанама [л] (Б.) және діріл [р] жуысыңқы (Б,) болып тағы төртке бөлінеді. Тоғысыңқы сол бір қалпында қалады. 3.7 Кейбір қазақ тілі дыбыстарының үндесім және үйлесім сыңарларының (варианттарының) жасалу орны бір-бірінен алшақ жатады. Сондықтан да олар жоғарыда бірде бір топтың құрамында көрінсе, енді бірде екінші біртоптың құрамында кездеседі. Мысалы, ақ, аға, аң, айсөздерінің құрамындағы қ, ғ, ң, й дауыссыздары тілшік арқылы айтылса, әк, еге, ең, әй сөздерінің құрамындағы к, г, ң, й дауыссыздары тіл ортасы арқылы айтылады. Сондай-ақ ғылым, гүл сөздерінің құрамындағы ғ, г дауыссыздары тоғысыңқы, жоқ, және сөздерінің құрамындағы ж [дж] жабысыңқы (аффрикат) болып айтылса, аға, еге сөздерінің құрамындағы ғ, г дауыссыздары мен ажа, әже сөздерінің құрамындағы ж дауыссызы жуысыңқы болып айтылады. Дауыссыздардың кестесінде к, г. ң, й жіңішке үндесім дауыссыздар, г, г, жуысыңқы үйлесім дауыссыздар және ж жабысыңқы дауыссызы жақшаға алынып берілді. Сонда жақ- шадан тыс тұрған дауыссыздардың саны 17 дыбыс болып шығады. Үндесім фонологиясы бойынша қазақ тілінде 17 дауыссыз дыбыс (сингема) бар деген қорытынды осыдан туындайды. 3.8 Қазақ тілі дауысты дыбыстарының негізгі жіктелімі 3.1-кестеде берілген. Қазақ тілінде тіл алды дауыстылар жоқ, сондықтан ол көрсеткіш кестеге ендірілмеді. Қазақ тілі дауыссыз дыбыстарынің негізгі жіктелімі 3.2-кестеде берілген. Қазақ тілінде тіл алды және тіл арты дауыссыздар жоқ, сондықтан ол көрсеткіштер де кестеге ендірілмеді. Дауыссыз дыбыстардың жасалымы ерекше сыңарлары жақша ішіне алынып берілді. Және де мақала көпшілік мамандарға арналғандықтан, қажет болған жерінде, дәстүрлі фонетиканың атауын қоса беріп отырмыз. 3.9 Қазақ фонетикасында жасалым (артикуляция), айтылым (акустика) және естілім (перцепция) фонетикаларының атаулары, сондай-ақ үндесім (сингармонизм) мен үйлесім (ассимилятив) фонетикаларының атаулары өзара араластырылып, жүйесіз қолданылып жүр. Мысалы, "а - ашық, жуан, езулік дауысты дыбыс" деген жасалым анықтаманың құрамында жасалым атау (ашық) мен үндесім атау (жуан, езулік) араласып жүр. Дұрысы, егер біз дыбыстың жасалым анықтамасын беретін болсақ, онда "ашық, тіл арты, езу" болып жасалым атауларды біркелкі пайдалану керек. Ал "жуан, езулік" атауы дыбыстың үндесім сипаттамасын бергенде оның жуан, езулік әуезбен айтылатынын көрсету үшін керек болады. Өйткені қазақ тілінде "жуан, езулік әуез бар" бар, ал "жуан, езулік жасалым (артикуляция)" жоқ. Тағы бір мысал: "т-тіл ұшы, қатаң, шұғыл дауыссыз дыбыс" деген жасалым анықтаманың құрамында да жасалым атау (тіл ұшы) мен естілім атау (қатаң) араласып жүр. Ал "шұғыл" атауы жасалымға да, естілімге де кірікпей тұр. Сонда дыбыстың жасалым анықтамасы "тіл ұшы, тербеліссіз, тоғысыңқы" болып берілгені жөн. Ал "қатаң" атауы дыбыстың естілім сипаттамасын бергенде қажет болады, өйткені дыбыс құлаққа қатаң болып естіледі. "Тоғысыңқы" атауы дыбыс жасалым тұрғысынан сөйлеу мүшелерінің (тіл ұшы мен тістің) өзара тоғысуы арқылы жасалатынын көрсетеді.