15.Құрсақ қуысы ағзаларының,тік ішектің аурулары. 1 .Перитонит деп қандай ауруды айтады?
A. ұйқы безінің қабынуы
B. жүректің үлпершегінің қабынуы
C. кеуденің сірі қабығының қабынуы
D. іш пердесінің қабынуы E. қуықтың қабынуы
2.Перитониттің белгілеріне жатпайтын белгіні таңда:
A. іштің күрт ауыруы
B. іштің бұлшық еттерінің кернелуі
C. гематурия D. Щеткин-Блюмберг белгісі оң
E. айқын шектелу
3 . «Іш теспе» белгілері бар науқасқа бірінші медициналық көмек көлемін көрсет:
A. ішке салқын басу, ауруханаға жеткізу B. ауыру сезімін басу
C. ішке жылы басу, ауруханаға жеткізу
D. спазмолитиктер беру
E. физиотерапиялық ем
4 . «Іш теспе» ұғымымен нені түсінуге болады?
A. іштің бұлшық еттерінің кернелуі
B. құрсақ қабырғасының ақауы арқылы іш пердесінің шығуы
C. іш перденің қабынуын шақыратын белгілер жиынтығы D. кеуде қуысының сірі қабығының қабынуы
E. кеуде аралықтың қабынуы
5 . «Іш теспесінің» себебі болмайтын ауруды таңда:
A. ішек жарақаты
B. ішкі мүшелердің жарақаты
C. асқазан жарасының тесілуі
D. аппендицит
E. қуықтың қабынуы (цистит) 6 .Науқастың жағдайы ауыр, бозарған, тежелген. Іші кернелген, іште түгелдей Щеткин –Блюмберг белгісі оң. Сіздің диагнозыңыз?
A. жамбас сүйектерінің сынығы
B. құрсақ қуысы мүшелерінің зақымы
C. іш пердесінің қабынуы D. омыртқа сынуы
E. кеуде қуысының зақымы
7.Қуықтың қарын қуысына жарылғандағы клиникалық белгілерін таңда:
A. іш пердесінің қабынуы B. қасаға үстінде пайда болатын ісік
C. несеп мөлшерінің көбеюі
D. қан қысымы жоғары
E. брадикардия
8 .Жарық деп қандай ауруды айтады?
A. іріңдікті
B. алдыңғы құрсақ қабырғасынынан іш перденің шығуы C. алдыңғы құрсақ қабырғасының ісігі
D. ішек қабырғасының қосымша қуысы
E. алдыңғы құрсақ қабырғасының торсылдағы
9 .Жарық шығатын жерді көрсетіңіз?
A. патологиялық жерлер
B. іш қабаттары
C. физиологиялық, әлсіз жерлер. D. қабыну процесінен кейін
E. жарақат алған жерде
10.Қысылған жарықтағы мүмкін болатын асқынуларды таңда:
A. некроз
B. энтероколит
C. колит
D. ішек жүрмеуі E. цистит
11.Жарықты қандай зерттеу әдісінің көмегімен анықтауға болады?
A. томография
B. жарық қабын саусақпен зерттеу
C. қан талдауы
D. рентгенография
E. жарық сақинасын саусақпен зерттеу 12. Баланың шат аймағында ұмаға дейін түсетін ісік тәрізді түзіліс бар, жатқанда жоғалып кетеді. Сіздің диагнозыңыз?
A. ен көк тамыры мен ұрық бауы көк тамырларының кеңеюі (варикоцеле)
B. шат ұма жарығы C. жұмыртқа торсылдағы
D. сан жарығы
E. тік ішек жыланкөзі
13 .Сәбидің кіндік аймағында ісік тәрізді түзіліс біресе пайда болып, біресе жоғалған. Қазір ісік күрең түсті, жоғалмайды. Сіздің диагнозыңыз?
A. сүт безінің жатақаты
B. іштің ақ сызығының жарығы
C. қысылған кіндік жарығы D. кіндік жарығы
E. кіндік мақының қабынуы (омфалит)
14.Асқазан жарасы перфорациясында ауырсыну сипаты мен орны:
A. оң жақ бүйірде ауырсыну
B. белдемелік ауырсыну
C. пышақ сұққандай эпигастрийде D. оң қабырға астында ауырсыну
E. төс тұсы ауырсыну,қан құсу
15 .Қысылған жарық үшін тән емес симптом:
A. пышақ сұққандай эпигастрийде
B. өткір ауырсыну
C. ішек өтімсіздігі
D. оң жөтел түрткі белгісі E. кернелген жарық ісігі
16.Механикалық ішек өтімсіздігіне тән емес:
A. іштің кебуі
B. ұстама тәрізді ауырсыну
C. жалпы әлсіздік
D. жүрек айну ,құсу
E. бауыр тұйықтығының жоғалуы 17.Соқыр ішектің құрт тәрізді өскінінің қабынуы бар науқас адамға бірінші медициналық көмек көлемін таңда:
A. ішке салқын басу, ауруханаға жеткізу B. ауыру сезімін басу
C. ішке жылы басу
D. тазартқыш клизма жасау
E. операция жасау
18 .Соқыр ішектің құрт тәрізді өскінінің қабынуына тән белгіні таңда:
A. Брудзинский белгісі
B. Ортнер белгісі
C. Ситковский белгісі D. Пастернацкий белгісі
E. Кернер
19 .Холецистит деп қандай ауруды айтады?
A. мүшенің қосымша қуысы (дивертикулдың) қабынуы
B. ұйқы безінің қабынуы
C. қуықтың қабынуы
D. өт қалтасының қабынуы E. жатырдың қабынуы
20 .Өт қалтасы қабынуға тән емес белгіні таңда:
A. сол қабырға астының ауыруы B. оң жақ қабырға астының ауыруы, оң иыққа беріледі
C .тері қабатының сарғаюы
D. жүрегі айну, құсу
E. дене қызуы
21.Ұйқы безінің қабынуына (панкреатитке) тән белгіні таңда:
A. оң жақ мықын аймағының ауыруы
B. бел аймағының ауыруы
C. кеуде қуысы ауырсынуы
D. оң жақ қабырға астының ауыруы
E. күшті белдеме тәрізді ауыру сезімі 22.Панкреатит деп қандай ауруды айтады?
A. жатырдың қабынуы
B. ұйқы безінің қабынуы C. қуықтың қабынуы
D. ішектің шырышты қабатының қабынуы
E. өт қабының қабынуы
23. Ішек жүрмеуінің себебіне жатпайтын жағдайды көрсет:
A. ішектің жабысқақпен жаншылуы
B. ішектің шала салдануы (парезы)
C. ішектің айналып кетпеуі
D. ішек ойық жарасының тесіліп кетпеуі E. ішектің толық салдануы
24. Ішек жүрмеуінің белгісіне жататын белгіні таңда:
A. іш аймағында ұстама тәрізді ауыру сезімі
B. бел тұсының ауыруы
C. көп рет құсу
D. жел және нәжіс жүрмеу E. жалпы әлсіздік
25.Науқастың жағдайы өте ауыр, жүрегі айнып, құсқан. Бір жыл бұрын іш пердесі қабынып операция жасалған. Сіздің диагнозыңыз?
A. ішек жүрмеуі B. соқыр ішектің құрт тәрізді өскінінің қабынуы
C. іш пердесінің қабынуы
D. қуықтың қабынуы
E. жатыр қабынуы
26.Іш жүрмеуінде қандай жағдайда консервативті ем жүргізуге болмайды?
A. егер ауру басталғанынан 15 сағат өтсе
B. егер ауру басталғанынан 12 сағат өтсе
C. егер ауру басталғанынан 24 сағат өтсе
D. консервативті ем жүргізілмейді E. иә, болады
27. «Жедел іш»синдромы кезінде фельдшердің тактикасы:
A. анальгетик енгізу
B. асқазанды шаю
C. іш аймағына суық басу D. тамақ пен су беру
E. витаминдер егу
28.Аппендициттің дәлелді симптомы:
A. іште жайылған ауырсыну
B. жүрек айну
C. іш кебу
D. Щеткин-Блюмберг симптомы E. Ортнер симптомы
29.Жедел холецистит симптомы:
A. Ситковский
B. Ортнер C. құлаушы тамшы
D. Пастернацкий
E. Щеткин-Блюмберг
30.Перитонит кезінде науқасты тасымалдайды:
A. қалалық транспортпен
B. зембілде жатқызып C. отырғызып
D. тақтайда жатқызып
E. тұрған қалыпта
31.Еркін газ іш қуысында анықталады-
A. аппендицитте
B. перфоративтік асқазан ойық жарасында C. холециститте
D. ішек өтімсіздігінде
E. жіті перитонитте
32.Бұлшық еттің қорғаныс күші болады:
A. жіті перитонитте B. панкреатиттің ісіну формасында
C. ішектің инвагинациясында
D. асқазаннан қан кетуде
E. асқазан ойық жарасында
33.Холесциститтегі механикалық сарғаюдың себептері:
A. бауыр жетіспеушілігі
B. эритроцит гемолизі
C. жалған зәр шығару
D. жалпы өт жолының таспен бітелуі E. зат алмасу бұзылысы
34.Он екі елі ішек пен асқазан ойық жарасының перфорациясы келесі симптомокомплекспен айқындалады:
А. құрсақ қуысының бүріп ауыруы
В. жүрек айнуы,тамақ қалдықтарымен құсу
С. ойық жара анамнезі
Д. эпигастрия аймағындағы кенеттен пайда болған қатты ауырсыну Е. тамақ қалдықтарымен құсу
35.Перкуссия кезіндегі бауыр тығыздалуы тән :
А. бауыр жарақаты
В. он екі елі ішек пен асқазан ойық жарасында С. жіті аппендицит
Д. жіті гепатит
Е. цистит
36.Жедел холицистит келесі симптомокомплекспен айқындалады:
А. ауырсынудың оң қабырға астына берілуі
В. оң қабырға астының ауырсынуы ,пальпацияда өт қалтасының ұлғаюы С. құрсақ қуысының оң жақ бөлігінің ауырсынуы
Д. эпигастрия аймағының ауырсынуы
Е. жүрек айнуы
37.Жедел холециститте ауруханаға дейінгі көмек көрсету кезіндегі рационалды терапия көлемі
А. мұзды мұйық қою,хирургиялық стационарға жатқызу В. антибиотик,емханаға қаралу
С. ауырсынуды басу
Д. хирургиялық стационарда жатқызу
Е. емханаға қаралу
38.Жедел панкреатитте ауруханаға дейінгі көмек көрсету кезіндегі рационалды терапия көрсеткіші:
А. ауырсынуды басу
В. спазмолитик
С. қосымша ем –дом жүргізілмейді
Д. тағам және сұйықтықты шектеу
Е. мұзды мұйық қою,спазмолитик ,инфузия 39.Жіті аппендициттің бастапқы сатысында ауырсыну беріледі:
А. эпигастрия аймағынан оң жақ бүйірге ауысуы В. құрсақ қуысының жоғарғы бөлігіне
С. оң жақ мықын бүйірінің ауырсынуы
Д. оң жақ қабырға астының ауырсынуы
Е. ауырсынбайды
40.Жедел аппендицитте ауруханаға дейінгі көмек көрсету кезіндегі рационалды көмек көлемі:
А. құрсақ қуысына мұзды мұйық қою
В. спазмолитик
С. хирургиялық стационарға жатқызу Д. антибиотиктер
Е. емханаға жолдама беру
41. Жедел аппендициттің белгілері айқындалса,оң мықында аппендициттен кейінгі тыртық болса, ауруханаға дейінгі рациональдық тактика
А. жедел түрде хирургиялық стационарға жеткізу В. мамандандырылған жедел жәрдем бригидасын шақыру
С. 2 сағаттан кейін қайта қарау
Д. ауырсынуды басу
Е. емханаға жолдама беру
42.Жедел ішек өтімсіздігінде болады ( қате жауапты көрсет)
А. бірнеше рет құсу
В. шум плеска симптомы
С. құрсақ қуысында кенеттен пайда болған ауырсыну Д. құрсақ қуысында толғақ тәрізді ауырсыну
Е. іштің ісінуі
43.Жедел ішек өтімсіздігінде ауруханаға дейінгі көмек көрсету кезіндегі рационалды көмек тактикасы:
А. сифон клизмасын қою
В. инфузиялық терапия жүргізіп хирургиялық стационарға жатқызу С. қосымша ем-дом қолданылмайды
Д. ауырсынуды басу,іш жүргізетін препараттар,
Е. емханаға жолдама беру
44.Диффузды шашыраңқы перитониттің белгілері, қате жауапты көрсет
А. құрсақ қуысының тұрақты ауыруы
В. құрсақ қуысының толғақ тәрізді ауыруы С. ішек перистальтикасының жоғалуы
Д. интоксикация белгілері
Е. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс
45.Диффузды перитонитпен айқын интоксикация симдромында ауруханаға дейінгі рационалды көмек тактикасы:
А. ауырсынуды басу,хирургиялық стационарға жеткізу
В. қосымша ем-дом қолданылмайды
С. хирургиялық стационарға жатқызу
Д. антибиотик
Е. инфузия терапия жүргізіп хирургиялық стационарға жеткізу 46.Қысылған жарық келесі симптомокомплекспен айқындалады:
А. ауырсыну, жөтел белгісі оң
В. жөтел белгісі теріс
С. орнына түспеуі Д. жөтел кезінде жарық төмпешігі болады
Е. орнына түсуі мүмкін
47.Қысылған жарықта ауруханаға дейінгі көмек көрсету кезіндегі рационалды көмек көрсету қамтиды:
А. жарықты орнына түсіруге талпыну
В. спазмолитик енгізу
С. анальгетик
Д. ауырсынуды басу
Е. хирургиялық стационарға жеткізу 48. Қалпына келген қысылған жарықта ауруханаға дейінгі көмек көрсету қамтиды
А. шұғыл түрде хирургиялық стационарға жатқызу В. ауырсыну болмаса емханаға жолдама беру
С. ауырсыну кезінде – ауырсынуды басу
Д. спазмолитик енгізу
Е. 2 сағат өткен соң қайта қарау
49. Іш қуысына енген жарақаттың пайда болуында күмән тудырмайды:
А. қан аралас құсық
В. іш кебу
С. құрсақ қуысының ауырсынуы
Д. перкуссия кезінде құрсақ қуысының тығыздалуы
Е. эвентрация немесе ішек бөліндісінің жара арқылы сыртқа ағуы 50.Ішектің бір бөлігінің сыртқа шығуы кезінде ауруханаға дейінгі көмек кезіндегі рационалды көмек көрсету әдісі қамтиды:
А. ішектің сырқа шыққан бөлігін құрсақ қуысына енгізу
В. ауырсынуды басу
С. шұғыл түрде хирургиялық стационарға жатқызу Д. антибиотик енгізу
Е. асептикалық таңғыш салу
51. Ауруханаға дейінгі көмек көрсету кезіндегі құрсақ қуысының жабық жарақаты мен ішкі ағзалардан қан кету диагнозына негіз болатын белгілер, қате жауапты көрсет:
А. жарақаттаушы фактор туралы анамнез жинау
В. жіті іш клиникасы және ішкі қансырау
С. ауырсыну
Д. перкуссияда бауырдың тығыздалуы
Е. құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасынан ішектің шығып тұруы 52.Құрсақ қуысының жабық жарақаты мен паренхиматозды ағзалар жарақатындағы белгілер, қате жауапты көрсет:
А. тахикардия,артериялды гипотензия
В. перкуссия кезіндегі бауыр тығыздалу синдромының жойылуы С. перкуссияда құрсақ қуысының шеткі бөліктерінің тығыздалуы
Д. тері қабатының бозаруы
Е. гематома
53.Құрсақ қуысының жабық жарақатына тән белгілер, қате жауапты көрсет:
А. қатты ауырсыну синдромы
В. бүйрек тығыздалуының жоғалуы
С. Щеткин – Блюмберг симптомының оң
Д. жарадан асқазан және ішек сұйығының бөлінуі Е. қан қысымыныңқан қысымының төмендеуі
54.Құрсақ қуысының жабық жарақаты және ішкі ағзалардан қан кету кезінде ауруханаға дейінгі көмек кезіндегі рационалды көмек көрсету тактикасы:
А. терапияға жеткізу
В. қосымша ем-дом жүргізілмейді
С. жедел хирургиялық стационарға жеткізу Д. бастапқы инфузия терапия
Е. мамандандырылған жедел жәрдем бригадасын шақыру
55.Құрсақ қуысының жарақаты және ішкі ағзалардан қан кету күдігі кезінде ауруханаға дейінгі көмек көрсетуде рационалды көмек кезіндегі инфузиялық терапия:
А. міндетті турде 1 л инфузия ерітіндісін енгізу
В. инфузиялық терапия жүргізу
С. қан тоқтатқанға дейін инфузиялық терапия жүргізілмейді
Д. қан қысымы 100 мм жеткенге дейін көк тамырға инфузия Е. антибиотик
56. Парапроктиттің себебін таңда?
A. тік ішектен қан кету
B. тік ішек маңындағы шелге инфекцияның енуі C .іш жүрмеуі
D. тік ішек көк тамырларының іркілісі
E. нәжіс шығарғандағы ауыру сезімі
57.Парапроктитке тән емес белгіні таңда:
A. тік ішектен қан кету B. жергілікті қызу көтерілуі
C. көтен тесігі (анальное отверстие) аймағының ісінуі, қызаруы
D. нәжіс шығарғандағы ауыру сезімі
E. жалпы диспепсиялық белгілер
58. Қан түйнек деп қандай ауруды айтады?
A. тік ішек көк тамырларының жарылуы
B. ұрық байламы көк тамырларының кеңеюі
C. өңештің көк тамырларының варикозды кеңеюі
D. тік ішек шырышты қабатының ісіп кетуі
E. тік ішек көк тамырларының варикозды кеңеюі 59.Сыртқы қан түйнекке тән емес белгілерді таңда:
A. кеңейген венозды түйіндер
B. нәжісте жаңа қан болуы
C. артқы жол аймағында толысу сезімі D. артқы жол аймағының қызаруы, ісінуі
E. нәжісте ірің аралас болуы
60.Қан түйнектің себебін таңда:
A. іш өту
B. ішектің зақымы
C.тік ішектің шырышты қабатының қабынуы
D. қақпа (воротная вена) көк тамырда қанның іркілуі E. іш қату
61.Берілген адамдардың қайсысында қан түйнек дамуы мүмкін?
A. балаларда
B. жарақат алған адамдарда
C. жасқа байланысты
D. тұрғылықты жеріне байланысты
E. отырып жұмыс жасайтын адамдарда 62.Қан түйнектің асқынуына жатпайтын асқынуды көрсет:
A. іш жүрмеу B. түйнектердің қабынуы
C. түйнектерден қан кету
D. қан түйнектердің қысылуы
E. құсу
63.Тік ішекті зерттеу әдісін таңда:
A. бронхоскопия
B. тік ішекті саусақпен зерттеу C. жалпы қан талдауы
D. цистоскопия
E. жалпы зәр талдауы
64. Берілген адамдардың қайсысында тік ішектің түсіп кетуі болады?
A. толық адамдарда
B. қант диабеті
C. жүкті әйелдерде
D. 1 жасқа дейінгі балаларда жиі іш өтуден E. отырып жұмыс жасайтын адамдарда
65.Тік ішек түсіп кетуінде болатын асқынуды көрсет?
A. іш өту
B. көк тамырдың кеңеюі
C. шырышты қабаттың түсіп қысылып қалуы D. қан кету
E. тік ішек маңындағы шелдің қабынуы
66.Тік ішек ісігіне тән белгілерді таңда:
A. көк тамырлардың варикозды кеңеюі, қышыну
B. дене қызуының жоғарылауы,
C. кахексия, нәжіс шығарғанда қан кету, D. нәжіс шығарғанда қан кету
E. ауыру сезімі
67.Тік ішек қатерлі ісігін консервативті емдеу әдісін таңда:
A. операция
B. биоэнергетика
C. физиотерапия
D. сәулелі, химиотерапия E. ампутация
68. Парапроктит деп аталатын ауруды таңда:
A. тік ішектен шырышты қабатының түсіп кетуі
B. тік ішек маңындағы шелдің қабынуы C. бүйрек маңындағы шелдің қабынуы
D. іш пердесінің қабынуы
E. шел қабығының қануы
69.Артқы тесіктің жарықшағының пайда болу себебі:
A. проктит
B. некроз
C. геморрой
D. ұзақ іш қатуда E. парапроктит