1. Ген туралы түсінік. Гендердің жіктелуі анықтама


Ақуыз биосинтезі. Трансляция, кезеңдері



бет8/19
Дата11.04.2023
өлшемі64,07 Kb.
#81430
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
мб мг рубежка 2

11. Ақуыз биосинтезі. Трансляция, кезеңдері
Трансляция - ақуыз биосинтезінің екінші сатысы. Трансляция рибосомалардағы цитоплазмада жүзеге асырылады. Эукариотты рибосомалар көбінесе түйіршікті эндоплазмалық тордың бетінде орналасады. Жетілген мРНҚ ядродан шыққаннан кейін рибосома жиналады. Рибосома екі суббірліктен тұрады. Кіші суббірлік үлкен суббірліктің бетіндегі қуыста орналасады.
Жиналған рибосома құрылымында ерекше функционалды орталықтар бар:
• А-орталығы - аминоацил орталығы - аминоацил-тРНҚ-ны байланыстыратын орталық (аа-тРНҚ, амин қышқылы мен тРНҚ-дан тұратын кешен).
• П-центр - рибосоманың пептидил орталығы - пептидил-тРНҚ байланыс орталығы (өсіп келе жатқан пептидтік тізбектен және аа-тРНҚ-дан тұратын кешен)
• Е орталық - рибосомадан бос тРНҚ бөліну орталығы.
Сондай-ақ, рибосомада мРНҚ-ны байланыстыруға арналған аймақтар бар (М-центр) және ПТФ-центр (пептидилтрансфераза орталығы) пептидтің пептидил-тРНҚ құрамынан А-орталыққа енген келесі аатРНҚ-ға ауысуын катализдейді.
Трансляция кезеңдері
1) Инициация
Трансляция үдерісі белсенді рибосоманың жинақталуынан –трансляция инициациясынан басталады, бұл жинақталу рибосомалардың қызметтік орталықтарының әсерінен қатаң тәртіппен жүргізіледі.
Суббірліктердің арасындағы қуыстарда рибосомада жинақталған трансляцияның басқа қатысушылары– аРНҚ, пептидил-тРНҚ, және аминоцил- инициаторлық аа-тРНҚ орналасады.
• М-орталық – аРНҚ байланыстырушы орталық кіші суббірлікте орналасады.
• П-орталық – пептидилдік орталық кіші суббірлікте орналасады. Трансляцияның басында онымен аа-тРНҚ (эукариоттарда инициаторлық кодонды әрқашан метионин кодтайды) байланысады.
• Е-орталық туралы айтқанда («exit» - шығу), оған пептидилмен байланысын үзген тРНҚ рибосомадан шығады делінген.
• А-орталық – амин қышқылдық орталық – кезекте аа-тРНҚ-ны байланыстыратын жер.
• ПТФ-орталық –пептидилтрансферазалық орталық.
Трансляция инициациясы ерекше нәруыздар – инициация факторларымен катализденеді, ол рибосоманың кіші суббірлігімен қозғалмалы байланысқан. Инициация аяқталған кезде бұл факторлар рибосомадан ажырайды. Кезекті бір пептидтік байланыс түзілген кезде, пептидил бір амин қышқылына ұзарады.
2) Элонгация
Инициациядан кейін трансляцияның негізгі кезеңі басталады элонгация процесі (пептидтік тізбектің ұзаруы). Ұзару бірінші пептидтік байланыс пайда болған сәттен бастап, соңғы аминқышқылының тіркесуіне дейінгі барлық реакцияларды қамтиды. Бұл циклдік қайталанатын үдеріс. Элонгация циклінің 3 кезеңі бар:
а) аа-тРНҚ байланысы. Циклдің бірінші кезеңінде тағы бір аа-тРНҚ рибосоманың бос А-центрімен байланысады - актикодон А-центрінде орналасқан мРНҚ кодонымен комплементарлы болады.
б)Пептидтік байланыстың тұйықталуы. Рибосомада циклдің бірінші кезеңінен кейін пептидил-тРНҚ (П-орталықта) және аа-тРНҚ (А-орталықта) бір-бірінің жанында болады. Дегенмен олардың акцепторлық ұштары және олармен байланысқан амин қышқылдарының қалдықтары катализдік орталықта (ПТФ-орталықта) орналасады.
в) Транслокация. Циклді аяқтайтын кезең – аРНҚ-ның қайтадан түзілген пептидил-тРНҚ-мен бірге рибосомаға қатысты бір кодонның ұзындығына орын ауыстыруы (транслокация). Немесе мұны рибосома аРНҚ-ға қатысты – оның үш шетіне бағытталып орын ауыстырады деуге болады.
3) Трансляция терминациясы
Трансляцияның аяқталуы туралы белгі- рибосомада а-РНҚ -ның «мағынасыз» (термнацияланатын немесе стоп кодондарының) бірі - УAA, УAГ немесе УГА пайда болғаннан саналады. Трансляция аяқталғаннан кейін пептидтік тізбек, тРНҚ және мРНҚ рибосомадан босатылады, ал рибосома суббірліктері бірбірінен алшақтайды және енді келесі пептидтік тізбектің синтезін бастауға дайын



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет