21. Катаклизм дегеніміз не? А)Литосфералық плиталардың түрлі бағытта жылжу үдерісі
В)Қоршаған ортаны бұзатын, материалдық құндылықтарды жоятын, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жер бетінде болып жатқан құбылыстар мен үдерістер
С)Табиғи ортада болып жатқан оқиға, оны сипаттауға және ғылыми негіздеуге болады
Д)Жердің барлық қабығында болып жатқан күрделі физика-химиялық процестердің көрінісі
22. Суретте жанартаудың құрылымы көрсетілген. Жанартаулық құрылыс элементтерін сәйкестендір.
А)Магма ошағы
В)Кратер
С)Көмейі
Д)Лава
23.Жер сілкінісі кезінде қандай орындар қауіпсіз деп саналады? А)баспалдақ алаңдары, кіру есіктерінің ойықтары
В)кіру есіктерінің ойықтары, берік үстелдер
С)лифт, ғимараттың қаңқаларының тіреуіштерінің асты
Д)баспалдақ алаңдары мен балкондар
24. Мұхиттық жер қыртысы қандай тау жыныстары қабаттарынан тұрады? А) гранит және базальт
В) гранит және шөгінді жыныстар
С) базальт және гнейс
әктас және гранит
А)Дивергенция
В)Конвергенция
С)Ығыспалы орын ауыстыру
Д) Обдукция
26. Литосфераның құрылысы бойынша қорытынды жаса. А)Литосфера – Жердің қатты жоғарғы қабаты. Оның құрамына жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігі кіреді. Жер қыртысын құрамы мен қалыңдығына қарай континенттік және мұхиттық деп екіге бөлінетін қыртыстар құрайды. Литосфераның құрамына мантияның жоғары иілімді қабаты астеносфера да кіреді.
В)Литосфера – Жердің қатты жоғарғы қабаты. Оның құрамына жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігі кіреді. Жер қыртысының құрамына жоғары және төменгі мантияның барлық бөлігі кіреді.
С)Литосфера – Жердің қатты жоғарғы қабаты. Оның құрамына жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігі кіреді. Литосфераның негізгі бөлігін базальт, шөгінді қабаттардан тұратын мұхиттық жер қыртысы құрайды.
Д)Литосфера – Жердің қатты жоғарғы қабаты. Оның құрамына жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігі кіреді. Литосфераның негізгі бөлігін базальт, гранит, шөгінді қабаттардан тұратын континенттік жер қыртысы құрайды