48
ҚОРЫTЫНДЫ
Біздің дипломдық жоба тақырыбы «Жаңажол кен орнында ұңғыны
газлифтілі әдіспен пайдалану және оның тиімді технологиялық режимін
орнату»
.
Дипломдық жоба : геологиялық , технико-технологиялық , экономикалық
, және техника қауіпсіздігі бөлімдерінен тұрады.
Техника-технологиялық бөлімде біз газконденсатты қоспалардың
фазалық өзгерісі туралы, газконденсатты кен орындарды зерттеу әдістері және
оларды жүргізуге арналған
кәсіпшілік қондырғылар туралы, газконденсатты
кәсіпшілікте өндірілетін тауарлар туралы,
құрғақ газды және тұрақты
конденсатты өндіруге арналған газ конденсатты кәсіпшілігінің негізгі
жабдықтары туралы, сонымен қатар тік гравитациялық айырғыштардың ішкі
диаметрі мен өткізгіштік қабілетінің есебі және мұнайлы газды компрессорлық
өңдеу туралы, көтергіштің оптимальді және
максимальді дебитін есептеу, сол
сияқты тиімді технологиялық режимін таңдау тақырыптарын қарастырдық.
Қабаттағы газконденсатты қоспа жалпы жағдайда көмірсутектерден
(метан, этан, пропан, изобутан, бутан, пентан, гексан, гептан, октан, нонан,
декан және оданда ауыр), азоттан, көмірсутектен,
көмірқышқыл газынан,
гелиден, су буынан тұрады.
Экономикалық бөлімінде:газдыконденсатты өндірудің өзіндік құны
жәнекөтергіштің оптимальді және максималді өнімін,
газ ауалы көтергішті,
көтергіштің тиімді және жоғарғы өнімін, экономикалық тиімділігін анықтап
есептедік.
Тұрақты қысымда және температураның
төмендеуінде немесе тұрақты
температурада будың – суға конденсат процесі жүреді.
Техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бөлімінде газ
ұңғыдағы техника қауіпсіздігі және жалпы қоршаған ортаны қорғау туралы
жаздық.
Газконденсатты кен орындардың қабат флюидтері – табиғи шикізат.
Жалпы жағдайда бұл шикізаттын құрамына мыналар кіреді: 1)
құрғақ газ
(метан және этан); 2) сұйық газдар (пропан және бутан); 3) тұрақты (бутансыз)
конденсат – С
5+в
; 4) күкіртсутек; 5) азот; 6) көмірқышқыл газ; 7) гелий; 8)
сынап. Айырудың физикалық әдістерінің көмегімен бензин, лигроин,
керосин, майларды жасауға, сонымен қатар қош иісті көмірсутектерді; бензол,
толуол, бөліп алуға болатын С
5
– тен С
17
– ге дейінгі түрлі
құрылымды
(парафинді, нафтенді, қош иісті) көмір сутектер конденсаттарының құрамына
кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: