Неолитте (жаңа тас дәуірі) 9-5 мың жыл бұрын аса маңызды оқиға орын алғандығы белгілі, ол неолит революциясы деген атқа ие болды. Нақты айтқанда – жабайы жануарларды қолға үйретті, өсімдіктер өсіру, бір орында тұрақтап тіршілік ету қалыптасты. Аң аулау – жинау шаруашылығы мал, егін өсіру шаруашылықтарына айналды. й жануарлары мен мәдени өсімдіктердің жасанды сұрыптау мен гибридтеу нәтижесінде алынған тұқымдары мен сорттары, мата тоқу, металлургия т.б. пайда болды.
Мәдени дамудың келесі кезеңдері “үштік ғасыр” деп аталатын – мыс, қола, темір ғасырларынан тұрады. Олардың әрқайсысы кейіннен белгілі болғандай, белгілі бір кезеңдерді басынан өткізіп, жекелеген мәдениеттің даму кезеңдері болып, олардың уақыты әр мәдениеттің даму уақытына сәйкес болды. Осы “ғасырлардың” ауысу реті әр жерде және жалпы бұл жүйені қазіргі кезде көпшілік мойындамай отыр, бірақ оның орнына жетілдірілген басқа жүйе әлі жасалған жоқ.
5.2 Жыныс ерекшелігіне байланысты қатынастар және отбасы эволюциясы
Қарапайым еңбек түрлеріне ауысу тек ұжымда және мінез-құлықтың қоғамдық нысандары жағдайларында мүмкін болады.
Мінез-құлықтың қоғамдық нысандары ұжымдардың сақталуына жағдай жасаған табиғи сұрыптау әсерінен күшейе түсті. Әлеуметтік байланыстар мен өзара көмек қарым-қатынастар жақсы дамыған ұжымдарда олардың жаулары мен стихиялық апаттарға қарсы тұру мүмкіндіктері жоғары болды.
Бұл жағдайлар антропогенездің ең ертедегі кезеңдері мен алғашқы қауымдық қоғам тарихында адамдардың қорек табу, бөлу, жыныстық қатынастар, т. б. реттелуінде үлкен маңызы болды. Ертедегі қауымның биологиялық және әлеуметтік бастамаларының өзара күресу бағыттарының негізгісі бала табу немесе жыныстар арасындағы қарым-қатынастар болу керек еді. Бұл жерде жануарлардағы инстинктер күшті дамуы қажет.
Осыған жақын ұқсастықты приматтардың қарым-қатынасынан көруге болады. Қазіргі заманғы маймылдардың кейбір түрлері, шимпанзе мен гориллалар жұптасып, отбасы болып тіршілік етсе, басқалары гаремдер құрып, 10 шақтысы бір үлкен көсемнің басқаруымен бірге тіршілік еткен. Гаремде көсемнен басқа да жас аталықтар болғанымен, олар көбею процесіне қатыса алмайтын болған.
Әдетте ашық жерлерде тіршілік ететін маймылдардың дене бітімі күшті болып жетіледі. Осы маймылдардың барлық қауымдарының ішінде ең тұрақтысы саваннада тіршілік ететін павиандар қауымдастығы. Қауым болып тіршілік ететін жануарлар бірлесіп жауларынан қорғанып, саванналарда жақсы көбейіп өскен. Бұл қауымдар алғашқы адамдар бірлестігінің бір ғана түрі болып, ол барлық индивидтерді қамтыды.