1. Грамматикалық негізгі ұғымдардың түрлері,тіл жүйесіндегі сипаты



Дата04.02.2022
өлшемі17,89 Kb.
#24837
Байланысты:
ТагайбекА.бөж2.сөзтаптары


2 Бөж

1.Грамматикалық негізгі ұғымдардың түрлері,тіл жүйесіндегі сипаты.

Сөз тілде сөйлеу процесі арқылы өмір сүреді. Сөздің сөйлеу процесінде басқа сөздермен әр түрлі қатынастарының негізінде пайда болатын ішкі мәндері, оның көрінісі болатын сыртқы түр-тұлғасы, солардың барлығы негізінде сөйлемдегі қызметі, т.б. тілдің грамматикалық құрылысымен байланысты болса, оның өзіндік ерекшеліктері тағы сол сөздің грамматикалық сипатымен анықталады.
Ең басты грамматикалық ұғымдарға грамматикалық мағына, грамматикалық форма және грамматикалық категория жатады. Бұл үшеуі бір-бірімен диалектикалық бірлікте болып, тілдің грамматикалық құрылысын құрайды да, қалған жекелеген грамматикалық единицалар мен құбылыстар, жүйелер сол ұғымнан туындайды.

2.Грамматикалық мағына,түрлері,берілу жолдары.

Грамматикалық мағына – сөздің жалпы мағынасы. Лексикалық мағынаға қарағанда грамматикалық мағына арқылы олардың әрі жалпылық, әрі ортақтақ қасиеті негізінде сөздер грамамтикалық топтарға топтасады. Осыдан грамматикалық мағынаның мынадай ерекшеліктері байқалады. Біріншіден, лексикалық мағынаға қарағанда, грамматикалық мағына одан кейін пайда болады, атап айтқанда, грамматикалық мағына алдымен лексикалық мағынаның жалпылану арқылы, содан кейін сөйлеу процесінде сөздердің бір-бірімен әр түрлі қарым-қатынасқа түсуі арқылы және сөздің сөйлемде жұмсалу мақсатына қарай оған әр түрлі тұлғалардың қосылуы арқылы үстеледі. Екіншіден, лексикалық мағынаның мәні дара болса, сөйтіп, сөздерді бір-бірінен саралап, бөлуге негіз болса, грамматикалық мағына жалпы болады, жеке сөзге (формаға) ғана емес, солардың белгілі топтарына тән болғандықтан, сөздерді грамматикалық сипаты жағынан топтауға негіз болады. Мысалы, үй, кітап сөздері лексикалық мағыналары жағынан ешбір жақындығы жоқ сөздер болса, грамматикалық мағыналары жағынан бір топтағы сөздер, екеуі де заттық мағынаны (зат есім) білдіреді. Үшіншіден, сөз бір ғана лексикалық мағынаны білдірсе, грамматикалық мағына сөзде біреу де, бірнешеу де болуы мүмкін. Кел, балалар, оқылық! деген сөйлемнің бір өзінде мынадай грамматикалық мағыналар бар. Кел – лексикалық мағынасы – ауыс мәндегі келу қимылы, грамматикалық мағыналары: 1) жалпы қимылды білдіру, 2) салттық мән, 3) бұйрық мағына және 2-жақ арнайы. Балалар: лексикалық мағынасы – белгілі жасқа (оқу жасына) байланысты адам, грамматикалық мағыналары: 1) жалпы заттық мағына, 2) адамға байланысты және бір адамға ғана емес, белгілі жастағы адамдарға түгел қатысты. 3) бір емес, көп екендігі. 4) соларға қаратылу. Оқылық : лексикалық мағынасы – оқу іс-әрекеті, грамматикалық мағыналары : 1) жалпы қимыл, іс-әрекет, 2) сабақтылық мән, 3) ниеттік мән және І жақ көптік ұғыммен байланысты, т.б.

3.Грамматикалық форма,ерекшелігі,сипаты.



Грамматикалық форма деген ұғыммен байланысты қолданылатын тағы бір ұғым – сөз формалары. Тұжырымдап айтқанда, сөз формасы немесе сөз формалары деген ұғымға белгілі бір лексикалық мағынаны білдіретін сөздің категориялық грамматикалық мағынаны білдіретін белгілі бір грамматикалық тұлғада тұруы жатады. Мысалы, сөз, сөздер, сөзді, сөздік, сөздіктер; сөздікпен, сөздікте, сөйле, сөйлесе, сөйлеген, сөйлепті, сөйлем, сөйлемнің, сөйлемді дегендерге назар аударайық. Ең алдымен, осылардың әрқайсысы жеке-жеке сөз бе? Әрине жоқ. Сөз тұрғысынан келсек, бұл топтан сөз, сөздік, сөйле, сөйлем деген төрт сөзді бөліп көрсетуге болады, ал қалғандары — төрт сөздің бірінің түрлі формалары. Басқаша айтқанда, сөз, сөздер, сөзді дегендер бір ғана сөз — сөз; сөздік, сөздіктер, сөздікпен, сөздікте дегендер де бір ғана сөз — сөздік; сөйле, сөйледі, сөйлесе, сөйлеген, сөйлепті дегендер де бір ғана сөз — сөйле; сөйлем, сөйлемнің, сөйлемді дегендер де бір ғана сөз — сөйлем, өйткені осы топтың әрқайсысы бір ғана лексикалық мағынаны білдіреді: сөз болса, ауыздан шығатын, белгілі ұғымды білдіретін дыбыстар жиынтығы, ол мағына сөз десек те, сөздер десек те, сөзді десек те өзгермейді; сөздік – белгілі мақсатпен (мағынасын түсіндіріп, жазылуын көрсететін, басқа тілге аудармасын беретін, т.б.) жасалған, тілдегі сөздерді жинақтап берілетін құрал, ол мағына сөздік десек те, сөздіктер десек те, сөздікпен десек те, сөздікте десек те өзгеріссіз беріліп отырады. Сөйлем мен сөйле дегендер жайында да осыны айтуға болады.
Ал бұлардың өз ішіндегі бір-бірінен айырмашылығы сол – негізгі лексикалық мағынасы біреу болса да, демек, лексика ретінде бір сөз болса да, сөз дегеннен сөздер дегеннің айырмашылығы сол — сөздің біреу емес көп екендігін білдіріп, ол қосымша грамматикалық мағына — дер формасы үстелу арқылы беріліп отырғанын көреміз. Сөйтіп, сөз деген сөздің бір формасы сөз болса, екінші бір формасы сөздер екен, үшінші формасы сөзді болады, өйткені бұнда сөз дегеннің негізгі лексикалық мағынасы сақталған да, оған қосымша тура объектілік (сөзді тыңда) мағына -ді деген форма (табыс септік жалғауы) арқылы үстелген.
Сонда сөз формалары деген ұғымға сөзге грамматикалық формалар үстелген түрлері ғана жатып, сөз формасының жаңа сөз тудырумен, сөзжасам қосымшасымен байланысы жоқ па? деген заңды сұрақ туады.
Өзінің аты анық көрсететіндей, сөз формасы деген ұғым сөзге грамматикалық мағына (форма тудырушы қосымшалар) үстейтін формалар қосылуы арқылы жасалады. Сөз формасы деген ұғымның бұл мәні әр уақытта дұрыс түсініле де бермейді. Мысалы, А.Ысқақовтыңсөз формасы дегенді төмендегіше талдауымен келісуге болмайды: „тіліміздегі сөз бен сөзді байланыстыратын (жалғастыратын), сөзден сөз тудыратын, демек, кейбіреулері жаңа сөз тудыратын, кейбіреулері тек сөздің түрін ғана өзгертетін я түрлендіретін (форма тудыратын) қосымшалардың қай-қайсысын алсақ та, олар өздері жалғанған сөзді бір грамматикалық категориядан екінші басқа бір грамматикалық категорияға көшіретін, я болмаса жалпы грамматикалық категорияның ішіндегі жалқы ка-тегорияларды іштей бірінен-біріне аударатын формалар ретінде қызмет етеді», „синтетикалық тәсіл арқылы туатын сөз формаларын категориялық маңыздары мен қызметтеріне қарай сөз жалғастыратын (сөз жалғастырғыш) формалар, сөз түрлендіретін (сөз түрлендіргіш я форма тудырғыш) формалар және сөз ту-дыратын (сөз тудырғыш) формалар деп үш салаға бөлген дұрыс» (ЫА — ҚҚТ, 83 — 84).

4.Грамматикалық категория,түрлері.

Тілдегі негізгі грамматикалық ұғымның бірі — грамматикалык категория. Грамматикалық категория деген ұғым, бір жағынан, эрі грамматикалық мағынамен байланысты, эрі екінші жағынан, олардың жалпы жиынтығынан күрделі де жүйелі де болып келеді.

Грамматикалық категория деген ұғым барлық зерттеулерде біркелкі түсінік бермейді. Грамматикалық категорияның сан қырлы сипатын түбегейлі түсіндіруде пікір айырмашылықтары да байқалып отырады. Кейбір еңбектерде грамматикалык категория тек грамматикалык мағына деген ұғыммен катысты ғана беріліп, сөздердеті нақты лексикалық магынадан жалпыланған, жалпы сипаттағы мәнді білдіретін мағына деп анықталады. Сондай-ақ «тілдегі өзіне тэн грамматикалық формасы (тәсіл) бар жалпы грамматикалық мағына да грамматикалык категория деп аталады», немесе «тілдегі лингвистикалық единицалардың, яки оның бір тобының грамматикалық амал-тәсілдер арқылы берілетін жалңы сипаттарының бірі», немесе «морфологиялык категория деп ортак грамматикалық сипаттағьг мағынаны білдіретін сөз формаларының жүйесі», не «бірыңғай мағыналы грамматикалық формалар қатарының бір- біріне карама-кайшы жүйесі түсініледі»’ тәрізді анықтаудан грамматикалык категория деген ұғымның ішіне морфология саласына байланысты, бір жағынан, сөз таптары мен олардың түрлері деген кесек ұғымдар, екінші жағынан, жекелеген сөз таптдрының түрлену жүйесіне байланысты тұлғалық топтары (айталык, зат есімде .көптік, септік, тэуелдік, сын есімде шырай, шак, жак т.б. категориялар), үшінші жағынан, төменде көрсетілгендей, олардың жеке-жеке түрлері (айталык, жіктік я тәуелдіктің I я II жағы немесе «I я II жақ категориясы», «ілік септік категориясы», «өткен шақ категориясы», «ашық рай категориясы» тәрізді) еніп кетуі сөзсіз. Сондыктан грамматикальщ категориялардың шекарасын айқындаудың өзі киынға соғады. Кейбір еңбектерде грамматикалык категория катарына сөз таптарынан бастап қосымшаларға дейні тілдік кұбылыстар, тіпті олардың жеке түрлері де жатқызылып отырадыұГрамматикалык категория, ең алдымен, грамматикалық мағынамен жэне грамматикалык формамен тікелей байланысты. Грамматикалық мағына немесе грамматикалық форма болмаган жерде грамматикалық категорияның болуы мүмкін емес. Екіншіден, грамматикалық категорияның болуы грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың өзара бірлігімен, тұтастығымен, сәйкестігімен, ягни олар арасындағы диалектикалық сәйкестікпен* ондағы жүйелілікпен байланысты. Яғни, кез келген грамматикалық мағЬіна немесе қайсыбір грамматикалық форма грамматикалық категория кұрай бермейді.Белгілі бір грамматикалық мағыналар бірлігі белгілі бір грамматикалық топ кұрайтын сөздерге тэн болып, солардың парадигмалық түрлену жүйесі болу арқылы грамматикалық категория кұрайды. Үшіншіден, грамматикалык категория сипатына жету үшін грамматикалық мағыналар жиынтығы, бір жағынан, өзара бір тектес бірыңғай сипаттағы, екінші жағынан, бір-біріне қарама-қайшы мағыналар болу керек. 



Әдебиеттер:
1. К. Аханов. Грамматика теориясының негіздері.
2. К. Аханов. Тіл білімінің негіздері.
3.А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Морфология А.,1974. 13- 23 -беттер.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет