1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның халықы ұлттық құрамы


Тәуелсіздік жылдарында денсаулық сақтау,мәдениет және спорттың дамуы



бет69/92
Дата22.02.2022
өлшемі171,87 Kb.
#26088
түріҚұрамы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   92
67.Тәуелсіздік жылдарында денсаулық сақтау,мәдениет және спорттың дамуы.

Тәуелсіздік жылдарындағы мәдениет пен спорттың дамуы барысында өмір барынша қызғылықты және мәнді бола түсті. Қаржы жетіспеушілігіне қарамастан, мәдениет пен өнер, спорт дамуға жаңа серпін алды. Ғылым мен мәдениеттің дамуында жаңа бағыттар байқалды, өзге елдердің жетістіктері жақын бола түсті. Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік Ұлттық олимпиадалық комитет құрылды. Қазақстан спортшылары ірі-ірі халықаралық жарыстарда табысты енер көрсетті. XI Азиялық ойындарға алғаш қатысқан қазақстандықтар жалпы командалық есепте 4-орынды иеленді, 77 медаль (25 алтын) жеңіп алды. Дәулет Тұрлыханов, Сергей Филимонов, Наталья Торшина, Бақыт Ахметов сияқты спортшылар Қазақстанды спорттық держава ретінде танытты. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда мемлекет қаражаты есебінен 1312 денсаулық сақтау оъектілері салынып, қолдануға берілді, соның ішінде: 8 медициналық ғылыми орталықтары, 32 арнайы медициналық орталықтар, 176 аурухана, 144 емхана, 907 амбулатория және 45 арнайы денсаулық сақтау объектілері (қан орталықтары, патологоанатомиялық бюро және тб.)

Барлық медициналық нысандардың 87%-ын алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдар құрайды.

Мынадай ірі медициналық ұйымдар құрылған, олар: Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, Республикалық диагностикалық орталық, Ұлттық нейрохирургия орталығы, Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығы, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы және т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет