1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның халықы ұлттық құрамы


Н.Ә.Назарбаев «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегі (15 желтоқсан 2017ж.)



бет89/92
Дата22.02.2022
өлшемі171,87 Kb.
#26088
түріҚұрамы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
87. Н.Ә.Назарбаев «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегі (15 желтоқсан 2017ж.)

Президент еңбегінің әр бөлімі, әр тарауы жеке-жеке бір кітапқа мазмұн мен тақырып боларлық. Бірінші бөлім «Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірін¬ші жаңғыруы» деп аталып, оқырманын салғаннан баурап алып, аласапыран қарама-қай¬шылыққа толы өткен ғасырдың 90-жылдарының басына жетелейді. Жаңа дәуірдегі жаңа мемлекеттігіміздің неден бастау алып, қандай жағдайда өзінің іргетасын қалап, шаңырағын көтергені – әрине кімді болса да қызық¬тырмай қоймайды. Біздің Пре¬зидентіміз де сол тағдырлы кезеңге оған дейін жас кезінен сол кездегі Одақ көлемінде ең ал¬дыңғы қатардағы өнеркәсіп орыны саналатын Қарағанды металлургия комбинатының металлург жұмысшысы болып, суарылған болаттай шыңдалудан өтіп, қала, облыста комсомол, партия, саяси қызметтерін абыроймен атқарып, республика көлемінде өнеркәсіп, қаржы, экономика, әлеуметтік салаларды басқару мектебін игеріп, бірінші басшы дәрежесіне көтеріліп еді. Кітап авторы өзі жазып, сараптап отырған жылдар¬дың қайнаған қазанымен бірге қай¬насып, еліміздің тұтқасын уысынан шығармай шымыр қуатпен ұстап, «Қазақстан» кемесінің желкенін желге жыртқызбай, тұлпарының жал-құйрығын ит-құсқа жұлғызбай қырағылықпен әрі әлемдік додада шаң қауып қалмайтындай біліктілікпен басқара алғанының нәтижесінде халықтың мызғымас сеніміне ие болды. Алғашқы тарауда-ақ сол кездегі алаң көңіл кезеңнің кейбір маңыздыларын еске түсіріп жазған Президент төмендегідей ой түйіндейді: «...Сол жылдардың аласапыран оқиғалары біз үшін ащы да маңызды сабақ болды. Өз заманындағы құдіретті державаның күрт құлдырауы¬ның себептерін түсінген және кеңес¬тік басшылықтың тактикалық қателіктерін талдаған біз КСРО-да болған оқиғалардан маңызды сабақ алдық. Сол сабақтар Қазақстаннан шыққан көптеген қиындықтарды жеңуімізге көмектесті. Ол кездегі республика өнеркәсібінің дені (93 пайызы) орталыққа бағыныш¬ты болғанын айтсам да жеткі¬лік¬ті болар. Демек кеңестік экономика құлдырауының зардабын қазақстандықтар толығымен бастан өткерді». (Н.Назарбаев. Тәуелсіздік дәуірі. 25-26 бет. Астана. 2017 жыл).

Сондай-ақ Елбасы еңбегінің айрықша құндылығы – жоғары¬дағыдай сараптамалар арқылы жаңа мемлекет құру негіздері мен жолдары туралы нақты мағ¬лұматтар мен дәл уақытында жасал¬ған іс-қимыл, тиімді әре-кеттер мен шешімдер туралы баян¬даулары. Мемлекеттік тәуел¬сіздігімізді жария¬лау, бір¬ден мемлекеттік құзыр¬лы құры¬лы쬬дарды жасақтап, олар¬дың жұмысын қамтамасыз ету сияқты өте күрделі жұмыстардың қалай жүзеге асырылғаны туралы тарихи деректер, соларға кітап ав¬торының Мемлекет басшысы ретін¬дегі көзқарасы мен бағасы – сөз жоқ, тарихымыздың айрықша құндылықтары.

Мемлекеттіліктің ең алғы¬шарт¬ты қажеттілігі әрі мемлекет қы第метін қозғалысқа түсі¬ріп, ел¬дің тыныс-тіршілігін қамта¬ма¬сыз ете¬тін басқару жүйесі – би¬лік мәсе¬лесі, атап айтқанда Пр嬬з謬дент¬¬тік басқару, Парла-мент, Үкі¬мет, Сот билігін қалып¬тас¬¬тыру шара¬лары тарихи дерек не¬гізінде сабырлы, парасатты байып-тылық¬пен бірқалыпты тұжы¬рыммен жазылған.

Ел басқару ісінде тарихымызда тұңғыш рет президенттік бас¬қару институтының қалыптасу про¬цесі де, Президент лауазымының халықтың қалтқысыз толық сені¬¬міне ие болып, беделінің биік бол¬ғаны да айқын көрінеді.

Үлкен шығарманың бар¬лық тараулары билік тарапынан қандай шаралар жүргізілсе де ол халық мүддесі үшін жасала¬ты¬ны әрі табиғи түрде әрі мемлекет¬тің негізгі мақсаты, ұлттың өсіп-өнуін қамтамасыз ету үшін жасалатынына тұтастай маңыз беріліп отырады.

Кітаптың бірден-бір қызықты тарауы «Сыртқы саясат: тыңға түрен салғандай...» деп аталыпты. Шын мәнінде әлемде болып жатқан әртүрлі оқиғалар мен құбылыстар туралы ақпаратты оқып, біліп хабардар болу бір басқа да, сол аласапыран, ерсілі-қарсылы қатынастардың бел ортасында өз ұстанымыңмен жүре біліп, өзіңе, мемлекетіңе бедел жинай алу мүлдем басқа дүние екенін сол қатынастарға араласа алған тұста білерсің. Автордың естелік жолдарына ден қояйық: «...КСРО-ның ыдырауы жаһандық және аймақтық деңгейде түрлі зардаптар туындатты. Посткеңестік кеңістікте қарулы жанжалдар пайда болды...

...Қазақстанның өз ішіндегі және одан тысқары аймақтағы түрлі күштер арандату әрекеттері арқылы қазақстандықтар¬ды бір-бірімен ғана емес, сондай-ақ көр¬шілермен де жанжалдастыруға тырысты. Кеңестік дәуірдің ауыр мұраларының бірі – Қазақстан үшін көрші мемлекеттермен аумақтық дау-дамай болатын». (Н.Назарбаев. Тәуелсіздік дәуірі. 87-бет).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет