13. Мұхаметжан Тынышбайұлы (1879-1937) — қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері. Найман тайпасынынң Садыр руынан шыққан[1]. Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында (қазір Алматы облысы Қабанбай ауданы) туған. Ауыл молдасынан хат таныған соң, 1890 жылы Верный ерлер гимназиясының даярлық сыныбына қабылданады. Мұхамеджан Тынышбаевтың тағдыр-талайы білім мен ағартуға, ұлттық теңдік пет өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір. Даярлық сыныпты қоса есептегенде, 10 жыл аталған гимназияда оқыған М.Тынышбаев оны үздік (алтын медальмет) аяқтайды. 1900 жылы оқушыны ұлтқа бөліп алаламайтын, білімдіні қадірлейтін гимназия директоры М.В. Вахрушевтің Жетісу губернаторына дәлелдеп жүріп стипендия бөлгізуінің арқасында (ол шақта мемлекет есебінет оқу тек осылай жүргізілген) Мұхамеджан император I Александр атындағы Петербор темір жол транспорты институтына қабылданады. Бұл институтты 1906 жылы бітірген. 1926 жылы Тұрар Рысқұловтың ұсынуымен Түркісіб темір жол жобасы мен құрылысына қатысты. Бір жолы қолына А.П.Чулошниковтың қазақ халқы тарихына қатысты еңбегі түседі. Осы кітаптағы ұлттың намысына тиетін пікірлерге қарсы сын жазып, академик В.В.Бартольдке жібереді. Ғалым бұған қатты риза болып, қазақ халқының тарихын зерттеп, жазуға кеңес береді, ең болмаса болашақ зерттеушілер үшін тарихи деректер мен материалдарды жазып қалдыруға ақыл қосады. Осы жолда Мұхаметжан Тынышбайүлының 1926-1927 жылдарда жазған еңбектері: "Материалы по истории киргиз-казахского народа", "Киргиз-казахи в XVII-XVIII веках", "Ақтабан шұбырынды" т.б. Сталиндік зобалаңда ол 1930 жылы 3 тамызда тұтқындалып, бес жылға сотталып Воронежге бес жылға жер аударылады. 1933-1937 жылдары ол айдауда жүріп Мәскеу-Донбас темір жол құрылысында жұмыс істейді. Онда ауырып, оралғанымен 1937 жылы қараша айында қайта тұтқындалады да, 1937 жылы Ташкент түрмесінде "Халық жауы" деген желеумен атылады. 1959 жылдың 29-қыркүйегінде Мұхаметжан Тынышбаев Қазақ КСР-сы Жоғарғы сотының, және де 1970 жылы КСРО прокуратурасы мен Түркістан әскери округының прокурорының шешімімен ақталып шықты.