31. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы мен КСРО-ға қарсы агрессиясының себептері
1939ж 23 тамызда Мәскеуде Германия сыртқы істер министрі И.Рибебентроп және КСРО үкіметінің төрағасы В.М.Молотов шабуылдаспау туралы келісімшартқа қол қойды. Ал шарттың құпия хаттамасы бойынша Германия мен КСРО Еуропаны бөліп алды және КСРО-ға Балтық жағалауындағы республикалар мен Финляндияға қарасты мәселелерді өз қалауынша шешуге еркіндік берілді. 1939ж 1 қыркүйекте герман қарулы күштері Польшаға шабуылын бастады. Польшаны жақтаған Англия мен Франция Германияға қарсы соғыс жариялады. Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Екінші дүниежүзілік соғыстың тұтануына фашистік мемлекеттер Германия, Италия және милитаристік Жапония айтарлықтай күш салды. Соғыс алдында КСРО басшылары да фашистік Германиямен жақындасып, Шығыс Еуропаны бөлісу жөнінде құпия келісім жасады. Екінші дүниежүзілік соғыс 6 жылға созылып, барлық әлемді қамтыды. Соғысқа 1,7 млрд халқы бар 64 мемлекет қатысты Ал олардың армиясында 110 млн-нан астам адам болды. Тек КСРО-ның өзінде ғана қаза болғандардың саны 27 млн адамға жеткен. Германияның тұтқындар лагерінде 11 млн адам қырылды. Екінші дүниежүзілік соғыстың тағы бір ерекше айырмашылығы – осы соғыста адам ресурстары емес, техника санының көп болуы үлкен рөл атқарды. Барлық қиыншылық пен азапқа қарамастан демократиялық елдер Кеңестер Одағымен бірге Германия мен Италияның, милитаристік Жапонияның басқыншы қарулы күштерін талқандады, зорлық пен зомбылықты, қатігездікті ауыздықтаған осы Ұлы Жеңіс қазіргі дүниежүзі тарихының бірінші кезеңін аяқтайды. 1945ж 20 қарашасы мен 1946ж 1 қазаны аралығында Германияның Нюрнберг қаласында халықаралық әскери трибуналдың мәжілістері өтті Онда өздерінің адамзат алдында жасаған аса ауыр қылмыстары үшін Германияның үкіметі мен әскери басшыларының 24 адамы сотқа тартылды. Осындай себеппен 1945ж Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды, оның негізгі міндеті – бейбітшілікті қолдау және нығайту болды.
Достарыңызбен бөлісу: |