42. Кеңестік өмірдегі әлеуметтік-саяси, мәдени тоқырау құбылыстары
Саси өмір ерекшеліктері: 1962-1969 жылдар –реформашылдық дүрбелең кезеңі. Реформалар жүргізудегі жіберілген кемшіліктер: - Экономикалық байланыстар мен қатынастарды түбегейлі өзгерту жолдары көрсетілмеді; Проблемалар ұйымдық қайта құруға есептелген субъективтік әрекеттер жолымен шешілді; Қайта құрулар шалағай ойластырылып, тұрақсыздық, тұрмыс деңгейінің және әлеуметтік кепілдіктердің әлсіреу қаупін тудырды.
1964 ж. 14 қазан – КОКП ОК –нің пленумында партия мен ел басшылығы ауыстырылды. Шаруашылық мәселесін шешудегі субъективтілік пен өктемдік әрекеттер айыпталды. КОКП ОК-нің І-ші хатшылығына -Л.И.Брежнев сайланды; Кеңес үкіметінің басшылығына – А.Н. Косыгин сайланды. 1964 жылғы қараша – КОКП ОК- нің пленумы партия, кеңес, кәсіподақ ұйымдарының өндірістік ұстаным бойынша бөлінуін тоқтатып, аумақтық-өндірістік ұстаным бойынша бөлді; Н.С.Хрущев басшылығы кезінде енгізілген қайта құру, өзгерістер, жетілдірулер идеясы мұқият ойластырылған шешімдер саясатымен ауыстырылуға тиіс болды.
Тоқырау жылдарындағы Қазақстан: Жаңашыл үрдістер әлсіреді; Қоғамдық құрылыс ұстанымдары мен түрлері тоқырауға ұшырады; 1977 ж. мамыр – КСРО Конституциясы қабылданды. Міндеттері: Коммунизмнің материалдық-техникалық базасын жасау; Социалистік қоғамдық қатынастарды жетілдіру және коммунистік қатынастарға айналдыру; Коммунистік қоғам адамын тәрбиелеу.
Кеңестік қоғамның саяси жүйесіне тән белгілер: Демократияны шектеу; Еңбекшілерді меншік пен билікке жақындатпау; Адамның жеке басын аяқ асты ету; Қоғамдық ұйымдардың партиялық –мемлекеттік аппаратпен тұтасуы; Сөз беніс арасындағы алшақтық.
Достарыңызбен бөлісу: |