1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның халықы ұлттық құрамы


Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы (12 сәуір 2017ж.)



бет81/92
Дата22.02.2022
өлшемі171,87 Kb.
#26088
түріҚұрамы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   92
Байланысты:
СЕССИЯ ТАРИХ

79. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы (12 сәуір 2017ж.)

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.

Бағдарламаның бөлімдері:

 КІРІСПЕ

 І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ

• Бәсекелік қабілет

• Прагматизм

• Ұлттық бірегейлікті сақтау

• Білімнің салтанат құруы

• Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

• Сананың ашықтығы

 ІІ. ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР

 ҚОРЫТЫНДЫ

Елбасы жаңғырудың алты бағытын белгілейді:

1) Бәсекеге қабілеттілік;

2) Прагматизм;

3) Ұлттық бірегейлікті сақтау;

4) Білімнің салтанат құруы;

5) Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;

6) Сананың ашықтығы.

Бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 6 бағыт бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде.

1) «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. 2017 жылы осы тапсырманы орындауға мүмкіндік беретін негізгі тетік ретінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынды. Жобаны жүзеге асыру үшін Ұлттық аударма бюросы құрылды. Жобаның мақсаты – гуманитарлық бағыттағы әлемнің ең үздік оқулықтарын қазақ тіліне аударып, елдегі барлық жоғары оқу орнына жеткізу, сол арқылы гуманитарлық білім мен ғылымның мазмұнын жаңарту. Аударылатын оқулықтарды іріктеу барысында 800-ден аса ұсыныс түсіп, арнайы жұмыс тобының қарауына жіберілді. Оқулықты таңдауда бірнеше талап ескеріледі: әлемнің ең озық 100 университетінің оқу бағдарламасында болуы; кемінде үш басылымда жарық көруі және соңғы 3 жылда басылып шығуы; мазмұнының бейтарап сипатта болуы; заманға сай, түрлі интерактивті қосымшаларының болуы. Аталған талаптардың негізінде 47 оқулық аударылды. Әр оқулық 10 мың данамен басылып, еліміздегі 132 ЖОО-ға таратылды. Оқулықтардың басым бөлігі ағылшын тілінен, сонымен қатар француз және орыс тілдерінен аударылған.

2) «Туған жер» бағдарламасының іске асырылуы. Бұл бастама аясында қолға алынған жоба қазақстандықтарды туған өлкесін дамытуға тартуды, жергілікті жерлердегі әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет пен азаматтық қоғамды жұмылдыруды мақсат етеді. Ол қазіргі таңда екі бағыт бойынша жүзеге асырылуда: өлкетанулық қызмет және меценаттықты дамыту. Меценаттардың қолдауымен мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, мәдениет үйлері, спорт нысандары т.б. салынған және жөндеуден өткізілген. «Өлкетанулық қызмет» бағыты бойынша туған өлкенің тарихын, табиғатын, мәдениетін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру мақсатымен 5-7 сыныптардың мектеп бағдарламасына «Өлкетану» оқу курсы енгізілді. Жалпы білім беретін орта мектептерде 1670 мектеп музейі , 2179 өлкетану үйірмесі жұмыс істейді. Олардың жұмысына 46,9 мың бала, 93 оқушылар сарайы, 4 жас натуралист сарайы, 18 аула клубы тартылған. 3 жыл ішінде (2017-2019 жылдары) 1 млн астам оқушы қамтылды.

3) «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы. Жоба аясында өлкедегі киелі орындарды анықтау, қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, олардың картасын жасау көзделген. Жобаны жүзеге асыру мақсатында Ұлттық музей жанынан республикалық «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы құрылды. Бүгінгі таңда Қазақстанның қасиетті жерлерін анықтау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы «Қасиетті Қазақстан» орталығының жанынан құрылған ғылыми-сараптамалық кеңес отырысы өткізілді. Нәтижесінде Қазақстанның жалпыұлттық маңызы бар киелі жерлерінің тізімі толықтырылып, олардың саны 206 нысанға, ал жергілікті маңызы бар киелі жерлерінің саны 575 нысанға жетті. Қазақстанның киелі жерлерінің жалпыұлттық тізіміне енген 15 нысанның 3D моделі жасалды олардың ішінде: саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Алжир» мемориалды кешені, Қабанбай батыр кесенесі, Қосбатыр-Құмай мемориалдық кешені, Кенесары үңгірі, Беспақыр, Рабия Сұлтан Бегім, Гауhар ана, Есім хан, Ибраһим ата, Қарашаш ана, Үкаша ата, Қарабура, Домалақ ана, Хақназар хан кесенелері, Бірлік – Ордабасы кешені бар.

4) «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын жүзеге асыру. Жоба шеңберінде қазіргі заманғы қазақ әдебиетін Біріккен Ұлттар Ұйымында қабылданған 6 тілге аудару көзделген. Аударылған шығармалар заманауи қазақ әдебиеті прозасының антологиясы мен заманауи қазақ әдебиеті поэзиясының антологиясына енгізіледі, бұл антологияларды да БҰҰ тілдерінде басып шығару қолға алынады. Поэзия және проза жанры бойынша 30 қазақстандық автордың қазіргі заманғы 290 шығармасы ағылшын, француз, испан және орыс тілдеріне аударылды.

5) Тарихи және мәдени жәдігерлерді цифрландыру. Бүгінде музейлердегі құндылықтардың 3D моделін, яғни музейлік заттардың цифрлық көшірмесін жасау өзекті. Еліміздегі музей ісін жаңғырту аясында отандық музейлердің қорындағы экспонаттардың 3D үлгілерінің цифрлық каталогын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінің Қазақстанның археологиялық алтындары және этнографиялық коллекциясынан 1020 құндылықтың цифрлық көшірмесі мен 3D нұсқасы жасалды.

6) «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы. Жобаның мақсаты – Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың тарихы мысалында табысқа жету, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және білімге табыну идеяларын ілгерілету. 2019 жылы 1678 өтінім қабылданды. 658 142 қазақстандық 1 974 428 дауыс берді. Дауыс беру және әділқазы мүшелерінің жұмысы нәтижесінде «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының ІІІ кезеңінде 32 азамат жеңімпаз деп танылды. Оның ішінде онлайн дауыс беру бойынша сайтта 20 мыңнан астам дауыс жинаған 25 қатысушы және жоба әділқазыларының ұсынуы бойынша 7 үміткер бар. Конкурсқа қатысушылар мына критерийлер бойынша іріктелді: 39 жастан аспауы; қызметтің белгілі салаларында нақты жетістіктерінің болуы; Қазақстан Республикасының азаматы болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет