1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның халықы ұлттық құрамы


ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» (2 қыркүйек 2019ж.)



бет91/92
Дата22.02.2022
өлшемі171,87 Kb.
#26088
түріҚұрамы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
Байланысты:
СЕССИЯ ТАРИХ

89. ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» (2 қыркүйек 2019ж.)

2019 жылы 2 қыркүйекте таңғы сағат 11 – де ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Бұл Мемлекет басшысы лауазымына сайланған сәттен бастап алғаш рет болды.

Жолдау барысында мұғалімдердің материалдық жағдайын жақсарту мәселесі айтылды,атап айтқанда отандық педагогтардың жалақысы төрт жыл ішінде екі есеге артады.

Президент Тоқаев Қ.Қ. бала құқығын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру мәселесі Қазақстанда басымдық болуы тиіс, жасөспірімдер арасындағы жоғары суицидтік проблемамен мақсатты түрде айналысу қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ, ол мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше көңіл бөлуді, аз қамтылған отбасылардың балаларына қамқорлық жасауды тапсырды. Бұл үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап аз қамтамасыз етілген отбасылардағы балаларды қолдау шаралары күшіне енуі тиіс, атап айтқанда кепілді әлеуметтік пакет енгізілді. Әлеуметтік пакетке мектеп жасына дейінгі балаларға тұрақты көмек көрсету, тегін ыстық тамақ, оқу құралдары мен барлық оқушыларға арналған нысан, медициналық көмекке ақы төлеу, қоғамдық көлікте жол жүру шығындарын өтеу кіреді.

Президент Жолдауда барлық қазақстандықтарды толғандырған ең басты сұраққа жауап берді — жер шетелдіктерге сатылмайды.

Күн тәртібінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес мәселесі түспейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет