1. Химияның негізгі түсініктері. Эквивалент



бет4/4
Дата26.12.2022
өлшемі130,27 Kb.
#59721
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
Моль сессия (1)

аbcd – А, В, С, D заттарының алдыңдағы сәйкес коэффициенттер.

11.Ерітінді концентрациясы.Молярлық концентрация


Ерітінді — екі не одан көп компонентерден ( құрамына кіретін заттар) тұратын гомогенді жүйе. Ерітінділер сұйық , қатты, газ тәріздес болады. Ең маңызды ерітінділер –сұйық ерітінділер, олар газ, сұйық, қатты заттардың сұйықтағы ерітіндісі. Адам, жануарлар, өсімдіктер ерітіндісіз өмір сүре алмайды (ас қорыту – көректік заттар ерітіндіге айналады; қан, лимфа – ерітінді). Химиялық процестермен байланысты өндіріс салаларының барлығы ерітіндіні пайдаланады. Ерітінді еріген зат пен еріткіштен тұрады . Еріткіш еріген заттан көп болады. Көбінесе еріткіш ретінде су алынады. Ерітінділердегі бөлшектердің мөлшеріне қарай ерітінділер жүзгін ( суспензия, эмульсия) ,бөлшек мөлшері (радиустары) – 10—5 — 10—3 см; коллоидты ерітінділер –10—7 — 10—5 см; шын(нағыз), молекулалық ерітінділер –10—8 — 10—7 см аралығында болады. Нағыз ерітінділерде таралып жүрген зат жеке молекулаларға не жеке иондарға дейін ұсақталады. Олар өте тұрақты, ұзақ уақыт дисперстік фаза мен дисперсиялық ортаға ыдырамайды. Біз нағыз сулы ерітінделерді қарастырамыз. Ерітінділердің қасиеттері ерітіндіні құрайтын компоненттердің концентрациясына тәуелді болады.
Концентрация –еріген заттың ерітіндідегі мөлшерін көрсетеді. Егер ерітіндінің концентрациясын сандық мөлшермен көрсетпесе, оларды қанықпаған , қаныққан, аса қанық , сұйық , қою, концентрленген деп бөледі.
Қанықпаған ерітінді – еріген заттың жаңа мөлшерін әлі еріте алатын ерітінді.
Қанық ерітінді – белгілі бір температурада затты одан әрі еріте алмайтын ерітінді.Аса қанық ерітінді – сол температурадағы ерігіштігіне сәйкес еруге тиісті мөлшерден артық затты еріген күйде ұстай алатын ерітінді.
Аса қанық ерітінді тұрақсыз, еріген заттың аз мөлшерін ғана ерітіндіге салса, артық еріген зат тез кристалданады.
Сұйық ерітінді – еріген зат аз ерітінді.
Қою ерітінді – еріген зат көп ерітінді
Концентрленген ерітінді — өте қою ерітінділер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет