1. Үй-жайлардың микроклиматы. Микроклимат түрлері. Оны қалыптастыратын факторлар


Балалардың физикалық дамуы және оны бағалау әдістері



бет22/26
Дата10.10.2022
өлшемі87,84 Kb.
#42129
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Гигиена РК 126 Erkebulan 44стр

24. Балалардың физикалық дамуы және оны бағалау әдістері.ФИЗИКАЛЫҚ ДАМУ – ағзаның морфологиялық және функционалдық ерекшеліктерінің ауысу процесі, сонымен қатар физикалық күш және еңбекке қабілеттілікті анықтайтын, әртүрлі жас кезеңдердегі оның жағдайы.
Физикалық даму көрсеткіштері балалардың денсаулық жағдайына кешенді баға беру, мектепке дайындығын анықтау, денсаулық топтарын анықтау, физикалық тәрбиелеу топтарын анықтау, балаларды топтастыру мен сол бойынша сауықтыру шараларын ұйымдастыру кезінде қолданылады.
Зерттеу әдістері:
✓ Соматометрия-стандартты өлшегіш аспаптар арқылы дененің ұзындықтарын (бойын , салмағын, қол-аяқ ұзындықтары, кеуде қуысының шеңбері, бас, жамбас, иық диаметрлері) өлшеу
✓ Соматоскопия - көмегімен тері, тірек-қимыл аппараты, тіс, бұлшықеттер, май-шел қабаты, омыртқа жотасының формасы, жыныстық даму дәрежесі бағаланады. Ең негізгі бағалау әдістері: 
o Аяқ формасын анықтау
o Май-шел қабатын бағалау
o Омыртқа жотасының формасын анықтау 
o Майтабандылықты анықтау 
o Биологиялық жасты анықтау
✓ Физиометрия
o Спирометрия 
o Динамометрия 
o Аскорбин қышқылымен қанығу дәрежесі 
Қараңғылық адаптация уақытын анықтау


25. Білім беру объектілерін салуға, жобалауға, пайдалануға, жер учаскесін таңдауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
Жалпы білім беретін ұйымдардағы сыныптар, оқу кабинеттерінің ауданы оқытудың аралас нысандарында бір білім алушыға шаққанда 2,5 шаршы метр нормасы белгіленеді. Технологияны және еңбекті зерделеу шеберханаларының, сондай-ақ бағыттар бойынша саралап оқытуға арналған мамандандырылған шеберханалардың ауданы бір білім алушыға шаққанда 3,75 м2.Техникалық және кәсіптік білімнің орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу кабинеттері мен дәрісханаларының ауданы:
1) 12 – 15 орын үшін 1 білім алушыға 2,5 м2 ;
2) 16 - 25 орын үшін 1 білім алушыға 2,2 м2 ;
3) 26 - 49 орын үшін 1 білім алушыға 1,8 м2
4) 50-75 орын үшін 1 білім алушыға 1,5 м2;
5) 76-100 орын үшін 1 білім алушыға 1,3 м2;
6) 100-150 орын үшін 1 білім алушыға 1,2 м2;
7) 150-350 орын үшін 1 білім алушыға 1,1м2;
8) 350 және одан артық орын үшін 1 білім алушыға 1,0 м2 болып айқындалады.
Дәрісханалар, оқу кабинеттері, зертханалар жерүсті қабаттарда орналасуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет