1. Жаңа қазақ емлесінің негізгі ережелері: құрылымы, жаңалығы



Дата08.12.2022
өлшемі55,6 Kb.
#55740

1. Жаңа қазақ емлесінің негізгі ережелері: құрылымы, жаңалығы
2. Емле ережесін түзудегі ұстанымдар
Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері – латын графикасындағы қазақ әліпбиі бойынша дұрыс жазуды көрсететін құқықтық күші бар құжат.
Сонымен қатар латыннегізді жаңа әліпби бойынша қазақ тілінің орфографиялық нормаларын тұрақтандыратын, дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыратын басты нормативті қағидалар болып саналады.

Ережеде алдымен ұлттық тілдің жазу-сызумен байланысты негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктері ескерілді:
тілдің жалғамалылығы;
тілдің ықшамдалуы;
тіл дыбыстарының үндестігі;
дауыссыздардың бір-бірімен үйлесімділігі
Ереженің негізгі ұстанымы үшін фонематикалық принцип басшылыққа алынды.
Сонымен қатар қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамындағы көне және кірме тілдік қабаттардың кейбір түрлерінің емлесіне қатысты дәстүрлі және фонетикалық,
ал төл сөздердің күрделі түрлері үшін морфологиялық принцип те қолданылды.
латын негізді әліпби бойынша қазақ тілі дыбыстарының мәнін білдіретін әріптердің үндестікпен, үйлестікпен жазылу нормасы көрсетілді;
сөздерді бірыңғай жуан немесе жіңішке жазу, соған сәйкес қосымшалардың жуан немесе жіңішке жалғану үлгісі берілді;
қосар дыбыстарды (ұу/үу, ый/ій) дара әріппен (у, и әріптерімен) таңбалаудың үлгісі ұсынылды;
қазақтың әдеби тіліндегі емлесі қиын сөздердің орфографиялану ерекшеліктері көрсетілді;
латыннегізді жаңа әліпбиде жоқ ё, й, ц, щ, э, ю, я, ь, ъ әріптерінің жазылу баламасы берілді;
бейүндес буынды кірме сөздерге қосымша жалғаудың орфографиялану тәртібі көрсетілді;
шеттілдік сөздердің орфографиялану үлгісі ұсынылды;
біріккен, кіріккен, тіркесті және қос сөздердің емлесі, сондай-ақ бас әріппен жазылатын атаулардың жазылуы мен тасымалдың тәртібі көрсетілді.
Ереже түзуде ұлттық тілдің ерекшеліктері мен заңдылықтарына сәйкес болуы, дәстүрге айналған базалық нормалардың сақталуы, техникалық жақтан қолдануға оңтайлы, жинақы болуы, халық тілінің дыбыстық қор әлеуетінің кеңірек қамтылуы, жаһандану үрдісінде жазу-сызудың ұлттық сипатының сақталуы ерекше назарға алынды.
Сонымен бірге бұған дейінгі жазу тәжірибесі, тұрақталған нормалары, латыннегізді әліпбиді қолданған және қолдана бастаған түркітектес халықтардың емле тәжірибелері ескерілді.


- қазақ тіліне шет тілінен орыс орфографиясы бойынша енген сөздердің жазудағы тұрпаты өзгереді; олар бұрын түпнұсқа принципі негізінде таңбаланса, енді түпнұсқа және фонетикалық принциптердің үйлесімі негізінде таңбаланады, яғни ұлттық жазу жүйесіне сәйкес игеріледі;
- егер ғылыми сананы қалыптастыратын ғылыми стильдегі мәтіндерде кеңінен қолданылатын терминдік сөздердің дені тек орыс орфографиясы бойынша жазылатын сөздерден құралса, латыннегізді әліпбиде олар қазақ тілінің орфографиялық ережелеріне сәйкес жазылатын болады. Бұл ғылыми сананың ұлттық өзегінің күшеюіне септігін тигізеді;
- бұған дейін негізі донор тіл орыс тілі болса, жаһандану үдерісінің әсерімен бірте-бірте осы рөлге ағылшын тілі де орнығатыны ақиқат, олай болса жаңа әліпби негізіндегі емле ережелерінде ағылшын тілінен енген сөздерді игерудің тетіктері қалыптастырылады;
- жаңа әліпбимен берілген қазақ мәтіндерінің халықаралық жазба кеңістіктегі танымалдылығы, тартымдылығы арта түседі, себебі латын жаһанияттың әліпбиіне әрі «сапа» концептісінің репрезентантына айналып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет