1. Жаңартылған білім беру саласы бойынша бағалау ерекшеліктері



Дата29.12.2023
өлшемі19,05 Kb.
#144965

1.Жаңартылған білім беру саласы бойынша бағалау ерекшеліктері
2. Жаңартылған білім беру мен дәстүрлі білім берудегі бағалау ерекшеліктері мен айырмашылықтары

«Білімнің бастауы – мектеп болса, келешек ұрпақтың алғашқы баспалдағы – бастауыш білім беру саласы» екені баршамызға белгілі. Қай кезде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді.


Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша білім беру үдерісіне енген жаңартылған бағдарлама бойынша өз білімін жетілдіру биылғы оқу жылында әрбір бастауыш сынып мұғалімінің алға қойған мақсаты болып отыр.
Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін өзінің ұстаздық ғұмырын арнайтын мамандар ғана сапалы да, жемісті еңбек ете алады деп ойлаймын.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша түйінді дағдылар оқу жоспарында «спиральді» тәсілмен берілген. Қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте білім, білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасады. Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, алған білімін қайта өмірде қолдана білуіне бағытталған. Оқушы бойында әлеуметтік дағдылар, жалпы білімнің іргетасы, танымдық белсенділігі, жүйелі оқу әрекетінің қалыптасуына бастауыш сынып оқу бағдарламаларында көңіл бөлінген.


Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ-ны қолдану, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдана білу. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі – спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарының жүйесін талқылау барысында көз жеткіздік. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалдық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты балдары бойынша өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Критериалды бағалау, кері байланыс тәсілі ХХІ ғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған. Олар оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты анағұрлым жоғары деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және ынталандырады. Осы дағдыларды жоғары дәрежеде меңгеру математика бойынша білім беру бағдарламасында мәселелерді шешу, жаратылыстану бойынша білім беру бағдарламасында бірлескен зерттеу және ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларына баса назар аударса, дүниетану пәні аясында ойлау дағдыларын дамытуды көздейді.
Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшелігі:
1. Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым);
2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау);
3. Шығармашылық ойлау дағдысы
4. Логикалық ойлау дағдысы
5. Сыни ойлау дағдысы
6. Алгоритмдік ойлау дағдысы
7. Критикалық ойлау дағдысы
8. Проблемалық ойлау дағдысы
9. Технологиялық ойлау дағдысы
10. Тілдік құзіреттілік дағдысы
11. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде 2017-2018оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру мазмұнына көшу сатысы басталып, оқушыларды кең ауқымды дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын арттыруға, адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөліне бастады. Білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы–бастауыш саты. Келешекте арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы да осы бастауыштан басталмақ. Жас бүлдіршіндердің ой-қиялын біліммен нұрландыратын, дуниетанымын кеңейтетін–ұстаз шеберлігі. Алға қойылған мақсат – 12 жылдық білім беруге көшу сатысында жалпы білім беру мектептерінде даму деңгейі әртүрлі балаларды оқыту жолында мұғалімнің кәсіби, құзырлық, шығармашылық деңгейін көтеруге көмек көрсету, тәжірибемен бөлісу болып табылады\

Дәстүрлі бағалауда оқушыларға өмірде теориялық білім қажет деп санап, мұғалім оқу материалын түсінікті етіп жеткізуді ғана қажет деп есептедік және олардың пәндік білімдерін, машықтарын, дағдыларын ғана қалыптастыра алдық. Оқушылардың білімін жіберілген қателерінің санымен бағаладық.


Дәстүрлі бағалаудың кемшіліктерін сынға алған атақты орыс педагогы К.Д. Ушинский былай деп жазды: "5 балдық бағалау жүйесінің тәсілдері мен әдістері оқушылардың ақыл-ой қызметіне кері әсерін тигізеді. Мұғалім бір немесе бірнеше оқушыдан сабақ сұрайды, ал осы уақытта қалған оқушылар қандай да бір қызметпен айналыспай бос отырады. Олар өз кезектерін күтумен уақыттарын, күш-жігерлерін текке жұмсайды. Кезек оқушыға жетпей қалуы да мүмкін. Осыдан оқушының пәнге деген қызығушылығы төмендейді".
Ал, қазіргі заман талабына сай бағалау жүйесі оқушыны мәселені көруге, мақсат жоюға, жоспар әзірлеуге оны жүзеге асыруға, өз жұмысын талдауға, тұжырым жасауға, өзін-өзі бағалауға, бір сөзбен айтқанда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға көмектеседі. Оқушы өзін-өзі бағалауды жүзеге асыруға бағытталған, рефлексия арқылы алға қойған міндеттерді шешу үшін ішкі ресурстарды белсендіруге, өзін-өзі жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
Оқытудың түрлері мен әдістерінің жаңартылуына байланысты бағалаудың да түрлері алуан түрлі. Қазіргі кезеңде оқыту үрдісінде Кембридж тәсілдеріне негізделген жаңа форматтағы әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылады. Қазіргі сабаққа қойылатын талап қалай оқу керектігін үйрету. Сыныпта оқуды үйрететін білім ортасын құру - топтық жұмысты ұйымдастыру. Тиісінше, бағалау жүйесі де оқушы білімін айқындайтын және оқу сапасы туралы қорытынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет