2. «Zhasyl El» номинациясы – зерттеу жобаларының байқауы келесі бағыттар бойынша өткізіледі: қалалық орта экологиясы, әлеуметтік экология, адам экологиясы – ауаның, көліктің, көгалдандырудың және т. б. ластану мәселелерін шешу жолдары;
инновациялық «жасыл» жобаларды әзірлеу, енгізу, ынталандыру және насихаттау практикасы (әр бағыт бойынша 2 қатысушы).
Жобаны қорғау уақыты – көрсететін материалды (макеттер, үлгілер, видео және т.б.) қолдануымен 7 минуттан аспауы тиіс.
Бағалау өлшемдері:
зерттелетін мәселенің өзектілігі мен жаңалығы;
жүргізілген зерттеулердің дәрежесі мен көлемі;
қойылған міндеттерді орындау нәтижелілігі;
жұмыстың практикалық маңыздылығы;
автордың жеке үлесі;
шешендік өнер;
автордың қосқан жеке үлесі;
сөйлеу шеберлігі.
3. «Экотеатр» номинациясы – экология туралы шағын спектакльдермен бейнероликтер байқауы (4 қатысушы). Экотеатр – экология мен өнерді біріктіреді. Әртістер мен көрермендер сахна өнерінің көмегімен экологияға енеді.
Ұзақтығы 10 минуттан аспайды.
Достарыңызбен бөлісу: |