1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Оқытушы: Дуйжанова Эльмира Шамбилбековна, э.ғ.магистрі, аға оқытушы (
Aiym2005@mail.ru
ZOOM конференциясының ID номері:
419 440 8117. Пароль: 064793)
Пәннің қысқаша сипаттамасы: «Маркетинг негіздері» пәнінен дайындалған бағдарлама маркетингтің теориялық негіздерін және
түсініктемелік
аппаратын оқыту, сонымен қатар маркетинг элементтері мен принциптерін пайдалану бойынша тәжірибелі дағдыларды игеруді
қаматамасыз етеді.
Бұл пән жалпы маркетингтік менеджмент тұрғысында маркетингтік қызметті ұйымдастыру туралы білім береді. Ол маркетингтік зерттеулерді
басқаруды, маркетингтік зерттеудің элементтерін, экономиканың түрлі салалары мен секторларында маркетингтік стратегияларды әзірлеуді, тұтас
алғанда кәсіпорынды басқару үшін маңызды болып табылатын тиімді маркетингтік жұмысты ұйымдастырудың
негізін құрайтын қағидаларды,
әдістерді және құралдарды зерттеуді қамтиды.
Оқыту мақсаты: болашақ мамандарға маркетинг негіздерін қолдану бойынша терең теориялық білім қалыптастыру, сонымен қатар өнімдер мен
қызметтер нарығында тәжірибелік дағдыларды дамыту.
Оқыту нәтижелері: (5-тен кем болмауы тиіс)
1. Ұлттық, аймақтық, салалық экономиканы басқару саласында жаңа,
айырықша идеялар ұсына білу, проблемаларды шешудің дәстүрлі емес
жолдарын дұрыс таба білу, кез - келген проблеманың шешіміне шығармашылық тұрғыдан қарау, өзін - өзі тәрбилеу және өзін - өзі дамытуға
ұмтылу дағдысына ие болады, біледі және түсінеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетуде мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың қажеттілігін дұрыс анықтайды, қажет ресурстарды тарту және
тұлғаның ресурстарын белсендіру, жұмылдыру арқылы олардың
проблемасын шеше біледі, клиентпен жұмыс жасау принциптерін, әдістерін
қолдана алады.
3. Кәсіби қызметте барлық тараптардың мүдделерін ескере отырып, кешенді шешімдер ұсына алады, келіссөз ұйымдастырып,оны жүргізе біледі,
өз позициясына сенімді болады, ақпараттарға талдау жасайды.
4. Түрлі жағдайлар мен ситуацияларда икемді және ұтқыр болады, өз мінез-құлқы мен ойын жаңа ситуацияларға бейімдей алады,
бір қызмет
түрінен екіншісіне тез өте біледі.
5. Жаңа және стандартты емес бастамалар көтереді; өз жұмысында түрлі тәсілдерді қолданады, жаңа технологиялар мен дәстүрлі
мәселелерді
шешуге жаңаша көзқарастарды оң қабылдайды; фирманың маркетинг саласындағы стратегиялық міндеттерінің тиімді жүзеге асырылу
тетіктерін дайындай алады, қорытындылар сәйкестігін бағалай біледі.