1. Жаман әдеті: бір жақ ұрт астына жұдырығын таяп ұйықтау



бет3/4
Дата17.05.2023
өлшемі47,19 Kb.
#94089
1   2   3   4
Байланысты:
ортодонтия 2 этап

12билет.
1. Альвеолярлы өсінділердің өсуінің тежелуі, бітпеген ортодонтиялық ем, 15.25 тістің ерте жұлынуы.
2. Төменгі жақтың алдыңғы тістерінің тығыз орналасуы, 22тіс тортоаномалиясы, 44 тістің вестибулярлы орналасуы, 45тістің оральды орналасуы. Тіс қатарының тарылуы. 2 дәрежелі терең окклюзия.
3. Пон және Коргхаус әдістері бойынша бақылау-диагностикалық үлгілерді шығару және есептеу, ортодонтиялық диагнозды нақтылау үшін симметроскопия. Нэнси бойынша тіс қатарының ұзындығы. СТЖБ артрофонографиясы, аксиографиясы. Түбірлік жүйесінің және жақ сүйек тінінің жағдайын бағалау үшін ОПГ.
4.Алдыңғы тістер аймағында тістем аймағы(площадкасы) + резеңкелі тартқыш, кортикотомия, 44 немесе 45 және 34 тістерді жұлу, Гербст - Гуляева, брекет-жүйесімен емдеу.

13билет.


1. Шайнау жүктемесінің болмауына және жақсүйек аймағындағы бұлшықеттердің әлсіздігіне байланысты альвеолярлы өсінділердің өсуінің тежелуі.


2. Жоғарғы және төменгі алдыңғы тістердің тығыз орналасуы, 12.22 тістер пішінінің аномалиясы, жоғарғы тіс қатарының тарылуы, екі жақты таңдай окклюзиясы (палатинооклюзия).
3. Пон және Коргхаус әдістері бойынша бақылау-диагностикалық үлгілерді шығару және есептеу, ортодонтиялық диагнозды нақтылау үшін симметроскопия. Түбірлік жүйесі және жақ сүйек тінінің жағдайын бағалау үшін ОПГ. Науқастың сүйек жасын бағалау үшін қолдың рентгенографиясын жасау.
4. Таңдай тігісін ашуға арналғанэкспансивті винт, брекет жүйе.
14билет.
1. Инфантильді жұтыну, созылмалы ЛОР патологиясын жойғаннан кейінгі үйреншікті ауыздық тыныс алу.
2. Алдыңғы тістердің тығыз орналасуы, тіс қатарының тарылуы. Протрузиялы дистальды окклюзия, 1-дәрежелі вертикальды дисокклюзия. Инфантильді жұтыну.
3. Эшлер Битнер сынамасы: науқас төменгі жағын итереді, егер профиль жақсарса, онда мәселе төменгі жақта, егер ол жақсармаса, онда мәселе жоғарғы жақта. Пон және Коргхаус әдістері бойынша бақылау-диагностикалық үлгілерді шығару және есептеу, ортодонтиялық диагнозды нақтылау үшін симметроскопия. Тыныс алу және сөйлеу функцияларын бағалау, функционалды жұтыну сынамасы. СТЖБ артрофонографиясы. Трансверзальды және сагитальді жазықтықтағы биометрия, апикальды базистің(негіз) өлшемі. Төменгі жақ қысқаруы мүмкін. Нэнси бойынша тіс қатарының ұзындығы. Түбірлік жүйесінің және жақ сүйек тінінің жағдайын бағалау үшін ОПГ. TРГ- SNA өлшемі 79-85 нормадан жоғары, SNB 77-83 нормаға тең. Скелеттік немесе тіс-альвеолярлы формасын анықтаймыз. Өсу түрін анықтаймыз, егер горизонтальды болса, онда ол қолайлы.
4. Гербст, Гуляев, Дерихсвайлер, Квад-Хеликс, Андрезен-Гойпл активаторы, брекет жүйесімен апараттық емдеу, егер орынның айқын жетіспеушілігі анықталса, бірінші премолярларды жұлып тастау көрсетіледі. Терең күректістік жабылуды жою және физиологиялық жұту дағдысын дамыту үшін брекетке арналған ортодонтиялық трейнерді қолданумен брекет-жүйесінің үйлесімі. Инфантильді жұтынуды жою үшін тілдің бұлшықеттеріне арналған тұрақты миогимнастикалық жаттығулар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет