№1билет. 1.Жаман әдеті: бір жақ ұрт астына жұдырығын таяп ұйықтау.
2. Жоғарғы алдыңғы тістердің тығыз орналасуы. Жоғарғы жақ тіс қатарының асимметриясы (сол жақта жоғарғы тіс қатарының тарылуы -анықталмаған). Айқас окклюзия (сол жақты таңдай окклюзиясы – анықталмаған).
3. Пон және Коргхаус әдістері бойынша бақылау-диагностикалық үлгілерді жасау және есептеу, симметроскопия, ортодонтиялық диагнозды нақтылау үшін тікелей проекцияда телерентгенограмманы есептеу. Түбір жүйесінің және жақ сүйек тінінің жағдайын бағалау үшін OПГ (одонтопародонтограмма). Науқастың сүйек жасын бағалау үшін қолдың рентгені.
4. Жаман әдеттерден арылту, сол жақтағы жоғарғы жақтың альвеолярлы өсіндісін саусақпен жүйелі түрде уқалау(саусақтық массаж), аспаптық емдеу: 1-ші аппарат – 16 және 26 тістер аймағына Адамс кламмерлері бар таңдайлық пластинка, вестибулярлы доғасымен, винт және сол жақ секторальды кескішімен; 2-ші аппарат - тұрақты тістемнің қалыптасуы аяқталғанға дейін түнде киюге арналған ортодонтиялық трейнер.
№2билет.
1. Уақытша сүйір тіс төмпешіктерінің жеткіліксіз қажалуынан мәжбүрлі окклюзия
2. Айқас тістем (үйреншікті төменгі жақтың оңға ығысуы)
3. Пон және Коргхаус әдістері бойынша бақылау-диагностикалық үлгілерді жасау және есептеу, симметроскопия, ортодонтиялық диагнозды нақтылау үшін тікелей проекцияда телерентгенограмманы есептеу. Түбір жүйесінің және жақ сүйек тінінің жағдайын бағалау үшін OПГ (одонтопародонтограмма). Науқастың сүйек жасын бағалау үшін қолдың рентгені.
4. Қалыпты окклюзияда тіс қатарын жабу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін уақытша сүйір тістердің төмпешіктерін таңдап егеу әдісі. Тұрақты миогимнастикалық жаттығулар: төменгі жақтың дұрыс жабылуына дейінгі ығысуы, жабылуды дұрыс қалыпта 10-15 секундқа бекіту, аздап шаршау сезімі пайда болғанша кем дегенде 10рет қайталау. Аспаптық емдеу: төменгі жақ сүйекті қозғалтатын, бұлшықеттердің функционалдық қайта құрылымдалуын жеделдету үшін ортодонтқа дейінгі трейнерді кию.
№3билет. 1. Тұқым қуалаушылықтың ауыр түрі(Отягощенная наследственность)
2. Төменгі жақтың макрогнатиясы – анықталмаған. Мезиальды окклюзия (гнатикалық түрі – анықталмаған). Сагиттальды күректістік дисокклюзиясы, кері күректістік жабылу. Айқас окклюзия (вестибулокклюзия, гнатикалық түрі – анықталмаған).
3. Пон және Коргхаус, Снагин әдістері бойынша бақылау-диагностикалық үлгілерді жасау және есептеу, симметроскопия, Tелерентгенограмма- SNA - бұрыштың төмендеуі (79-85) жоғарғы ретрогнатия, SNB бұрышының ұлғаюы (77-83) төменгі прогнатия. Скелеттік немесе тіс-альвеолярлы формасын анықтаймыз. Түбір жүйесінің және жақ сүйек тінінің жағдайын бағалау үшін OПГ (одонтопародонтограмма). Науқастың сүйек жасын бағалау үшін қолдың рентгені.
4. Төменгі жақ сүйегінің хирургиялық ығысуын жоюдың хирургиялық әдістері. Төменгі жақтағы диастеманы және треманы жабу үшін брекет-жүйесін орнату. Френкельдің 3 типімен, 3 типті Бальтерс бионаторымен, Хорошилкина аппаратымен, Вундерер активаторы, Эшлер активаторы , 3 типті резиналы тартқышпен, твин блокпен брекет-жүйесі(төменгі сүйір тістерден жоғарғы молярларға дейін), Диляр маскасымен брекет-жүйесі
№4билет. 1. Макроглоссия
2. Макроглоссия. Жоғарғы алдыңғы тістердің протрузиясы. Мезиальды окклюзия (төменгі жақтың макрогнатиясы – анықталмаған). Айқас окклюзия (вестибулокклюзия – анықталмаған). Вертикальді күрек тістік дисокклюзия.
3. Пон және Коргхаус, Снагин әдістері бойынша бақылау-диагностикалық үлгілерді жасау және есептеу, симметроскопия, Tелерентгенограмма- SNA - бұрыштың төмендеуі (79-85) жоғарғы ретрогнатия, SNB бұрышының ұлғаюы (77-83) төменгі прогнатия. Скелеттік немесе тіс-альвеолярлы формасын анықтаймыз. Жақ сүйек тінінің жағдайын бағалау үшін – ОПГ(одонтопародонтограмма). Науқастың сүйек жасын бағалау үшін қолдың рентгені.
4.Макроглоссияны хирургиялық емдеу. Төменгі жақтың өсуін иектік таңғыш көмегімен тежеу. Алдыңғы аймақтағы протрузияны және вертикальды дисокклюзияны жою үшін, тілді тістер арасына қою әдетін және үйреншікті ауыздық тыныс алуды жою үшін тұрақты тістем қалыптасуы аяқталғанға дейін ортодонтияға дейінгі, содан кейін ортодонтиялық трейнерлерді кию. Мұрын тынысын жаттықтыруға арналған миогимнастикалық жаттығулар. Френкель 3 типті, Бальтерс бионаторы 3 типті, Хорошилкина аппараты, Вундерер активаторы, Эшлер активаторы, Диляр аппараты, Кларк твин блок.
№5билет.
1. Дұрыс емес жасанды тамақтандыру, емізікті ұзақ уақыт сору, инфантильді жұтыну
2.Жоғарғы алдыңғы тістердің протрузиясы, төменгі алдыңғы тістердің тығыз орналасуы, ретрузия. Трапеция тәрізді төменгі тіс қатары. Дистальды окклюзия (Энгль бойынша 2 класс, 1 подкласс). Сагиттальды күректістік дизокклюзия. Терең күректістік жабылу -2 дәрежелі. Инфантильді жұтыну
3. Эшлер-Биттнер сынамасын жүргізу. Тыныс алу және сөйлеу функцияларын бағалау, функционалды жұтыну сынамасы. СТЖБ артрофонографиясы. Нэнси бойынша тіс қатарының ұзындығы. Пон және Коргхаус, Снагина әдістері бойынша бақылау-диагностикалық үлгілерді шығару және есептеу, симметроскопия, Tелерентгенограмма- SNA - бұрыштың төмендеуі (79-85) жоғарғы ретрогнатия, SNB бұрышының ұлғаюы (77-83) төменгі прогнатия. Скелеттік немесе тіс-альвеолярлы формасын анықтаймыз. Өсу типін анықтаймыз, егер горизонтальды өсу болса, онда ол қолайлы. Түбір жүйесінің және жақ сүйек тінінің жағдайын бағалау үшін OПГ. Науқастың сүйек жасын бағалау үшін қолдың рентгені.
4.Гербст, Гуляев, Дерихсвайлер, Квад-Хеликс, Андрезен-Гойпл активаторы, брекет жүйесімен апараттық емдеу, егер орынның айқын жетіспеушілігі анықталса, бірінші премолярларды жұлып тастау көрсетіледі. Терең күректістік жабылуды жою және физиологиялық жұту дағдысын дамыту үшін брекетке арналған ортодонтиялық трейнерді қолданумен брекет-жүйесінің үйлесімі. Инфантильді жұтынуды жою үшін тілдің бұлшықеттеріне арналған тұрақты миогимнастикалық жаттығулар.
№6билет. 1. Тілдің қысқа үзеңгісі
2. Төменгі алдыңғы тістердің тығыз орналасуы, трапеция тәрізді төменгі тіс қатары. Сагиттальды күректістік дисокклюзия.
3. Пон және Коргхаус, Снагина әдістері бойынша бақылау-диагностикалық үлгілерді шығару және есептеу. Нэнси бойынша тіс қатарының ұзындығын анықтау. Түбір жүйесінің және жақ сүйек тінінің жағдайын бағалау үшін OПГ.
4.Тіл үзеңгісінің пластикасы. 6шы тіс аймағында ұстағыш кламмерлері бар, вестибулярлы доғасы мен алдыңғы бөлігінде секторальды кескіші, 2 ортодонтиялық винті бар төменгі жақтық плантиналық аппарат,. Тіл бұлшықеттерін жаттықтыруға арналған миогимнастикалық жаттығулар, төменгі тіс қатарының фронтальды бөлігін саусақпен уқалау(саусақтық массаж).
№7билет.
1. Туа пайда болған аномалия
2. 11,21 тістердің макродентиясы
3. Тұрақты тістер ұрығының мөлшері мен санын және жақсүйектердің түбірлік жүйесін және сүйек тінінің жағдайын анықтау үшін ОПГ.
4.Тұрақты тістем қалыптастасуының аяқталғанына дейін диспансерлік бақылау, ортодонтияға дейінгі трейнерді профилактикалық қолдану, қажет болған жағдайда тіс қатарында орын құру үшін 11,21 тістерінің аппроксимальды беттеріне сепарация, Профилактикалық аппарат киюмен бірге Хотц бойынша уақытша тістердің экстракциясы. Орынның жетіспеушілігі болса бірінші премолярлардың жарып шығуынан кейін оларды ортодонтиялық көрсеткіштерге сәйкес жұлып тастауға болады.
№8билет.
1. Инфантильді жұтыну ( шайнауға ерінуі)
2. Жоғарғы және төменгі тіс қатарының алдыңғы бөлігінің тісальвеолярлы қысқаруы. Ертоқым тәрізді– жоғарғы тіс қатары тарылған. Алдыңғы тістер аймағындағы 1-дәрежелі вертикальды күректістік дисокклюзиясы - ашық тістем.
3. Пон және Коргхаус әдістері бойынша бақылау-диагностикалық үлгілерді шығару және есептеу, ортодонтиялық диагнозды нақтылау үшін симметроскопия. Функционалды жұтыну сынамасы. Түбірлік жүйесінің және жақ сүйек тінінің жағдайын бағалау үшін ОПГ. Науқастың сүйек жасын бағалау үшін қолдың рентгенографиясын жасау.
4. Резеңке тартқышы бар брекет жүйесін қолдану арқылы брекетке арналған ортодонтиялық трейнерді киюмен бірге аппараттық емдеу, жұтыну қызметін қалыпқа келтіру үшін, тіл бұлшықеттеріне арналған миогимнастикалық жаттығулар мен физиологиялық жұтыну жаттықтырулары. Кортикотомия, Гербст-Кожакаров аппараты.
№9билет. 1. Қысқа жоғарғы ерін үзеңгісі. Қолды тіреп оң жақта ұйықтау, оң жақ төменгі жақтың альвеолярлы өсіндісі өсуінің тежелуі. 84 тісті ерте жұлу.
2. Жоғарғы тіс қатарының диастемасы 3 мм, дистопия – 44 тістің тілдік бағытта жарып шығуы. Төменгі тіс қатарының оң жақтық тарылуы. 1-дәрежелі терең окклюзия, оң жақты лингво-окклюзия(тілдік окклюзия), дистальды окклюзия. 46.45 тістің мезиальды ығысуына байланысты оң жақта шайнау тістерінің жабылуы (84 тістің ерте жұлынуынан кейінгі деформациясы). СТЖБ дисфункциясы.
3. Пон және Коргхаус әдістері бойынша бақылау-диагностикалық үлгілерді шығару және есептеу, ортодонтиялық диагнозды нақтылау үшін симметроскопия. СТЖБ артрофонографиясы. Трансверзальды және сагитальді жазықтықтағы биометрия, апикальды базистің өлшемін анықтау. Нэнси бойынша тіс қатарының ұзындығын анықтау. Шайнау сынамалары, ауызды кең ашып/жабу, тік проекцияда ТРГ, түбірлік жүйесінің және жақ сүйек тінінің жағдайын бағалау үшін OПГ.
4. Жақтардың арақатынасын қалыпқа келтіру және СТЖБ дисфункциясын жою үшін брекетке арналған ортодонтиялық трейнерді киюмен бірге брекет-жүйесін қолданумен аппараттық емдеу. Гербст Гуляева аппараты (алып тастау, кортикотомия) Деррихсвайлер, Квад-Хеликс, Андрезен-Гойпл активаторы, брекет-жүйесі бар резеңке тартқыш – 2 класс (жоғарғы сүйір тістерден төменгі молярларға дейін).
№