1. Жарық терапиясы фототерапия



бет24/43
Дата17.01.2023
өлшемі102,66 Kb.
#61732
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43
Байланысты:
ішкі аурулар

49. Жылумен емдеу Жылу теріні және оның астында жатқан ұлпаларды жылытады, жоғарыда және тереңде жатқан қан тамырларының аздаған бөлшегін кеңейтеді (белсенді гиперемия), лимфа айналымы мен зат алмасуын күшейтеді. Жылудың әсерінен ауыр- сыну төмендейді, қабынудан пайда болған заттардың сіңіп кетуі жылдамдайды, ұлпалардың өсуін және жетілуін (регенерация) қуаттандырады, қандағы лимфоциттердің саны көбейеді. Жылумен емдеу ылғалды және құрғақ жылу агенттері болып бөлінеді. Біріншісіне жататыны: 1) резеңкелі қапшықтар-грелкалар; 2) қыздырылған қатты және сусымалы денелер (үтік, құм және торф); 3) электр және химиялық грелкалар. Ылғалды жылу агенттеріне жататындар: 1) ыстық сумен ылғалданып және жақсылап сығылған матадан жасалған ыстық компрестер; 2) шөп қиқымымен, зығыр дәнімен, картоппен булау, олардан температурасы 40-45°С ботқа тәріздес зат жасап, оны жарақаттанған жерге 1-2 сағатқа басады; 3) тұмсалау (приснит- цевскийше ) суық сумен ылғалданған простынямен дене бөлшегін орайды, простыняның үстінен одеяло немесе жабу жабады. Практикада құрғақ тұмсалауға одеяло немесе жабу жиі қолда- нылады. Грелкалар - (сулы, электрлі, химиялық) су өзінің жоғарғы жылу сыйымдылығы арқасында грелкаларға өте тиімді болады. Әр түрлі формадағы және мөлшердегі резеңке қапшықтарды сумен толтырып ауырған жерге басады.Электр грелкасы қолдануға өте тиімді - матадан жасалған қапшықтардың ішінде электр тоғымен қызатын металдан жасалған өзек (спираль) орнатылған. Және де химиялық грелкаларда болады, бірақ оларды сирек қолданады. Грелкалар плевритте, пневмонияда, ангиналарда, паротиттерде, миозиттерде, тендова-гиниттерде, периартриттерде, ұрылған кездерде және бурситтерде тиімді емдік шипа береді. Құрғақ ауамен емдеу іс-әрекеттері. Құрғақ, жылы ауа терідегі жылу рецепторларын тітіркендіріп, қан тамырларында реакция пайда болады және барлық денеге рефлекторлы әсер етеді, ал жылу басқан жерге ол өте жылдам сезіледі. Құрғақ ауамен емдеу үшін «фен» аппараты ұсынылған. Қолданылуы: ылғалды экземаларда, дерматиттерде, өте көп ірің бөлетін жараларда. Құрғақ және ылғалды жылу қабынуға қарсы және плеврит- терде, ағзалар мен ұлпалардың қабынуларында шешуші әдіс ретінде қолданылады. Жылу іс-әрекеттерін денеден қан аққанда, өкпе ісігінде мидың гиперемиясында қолдануға болмайды. Парафинмен емдеу - организмге жылумен әсер ететін емдік әдіс. Емдеу мақсаты үпин балқу температурасы 40-48°С жылдам балқитын және сирек баяу балқитын 52-56°С температурадағы парафин қолданылады. Бұл әдістің тиімділігі 80°С дейін қызды- рылған парафин денені күйдірмейді және де ол төменгі жылу өткізгіштікке ие. Оның бірінші қабаты 60-70°С температурадағы терімен жанасып, оған белгілі бір жылу мөлшерін береді және өзі жұқа қабыршыққа айналып, жабылған жерін әрі қарай артық қызып кетуден сақтайды. Парафин ұзақ уақыт қалыпты температураны ұстағандықтан (трофика) ұлпалардың қоректенуіне қолайлы жағдай туады. Парафиннің басқалай әсері - компрессиялық. Оның суып, қатаюына байланысты дененің жабылған жері бірқалыпты және жетерлік күшті қысым көреді. Тері парафиннен былғанбайды, тері мен оның аралығындағы кеңістікте күшті лимфа айналымын жақсартатын тер бөлінеді. Парафин су моншасында 70-80°С дейін қыздырылып теріге қабаты 1-2 см етіп бояу жаққышпен жағады: оның бетіне клеёнка немесе фланель жабады. Барлығын бинтпен байлайды. Дененің жарақаттанған бөлігінде парафин қатпарын 12-16 сағатқа қалдырады. Іс-әрекетті 1-2 күнде қайталайды. Парафинмен емдеу ларингофарингиттерде және плевриттерде аса тиімділікпен белгілі болып отыр. Озокеритпен емдеу - озокерит немесе таудың сасық балуызы - күңгірт-құба немесе қара түсті табиғи кен (күрделі углеводты қоспа). Қазақстанда оның мол кен орны бар. Ол жылу сыйымдылығы жағынан өлі балшықпен торфтан асып түседі, ал жылу өткізгіштігі жағынан олардан кем түседі. Тау балауызы едәуір жылу ұстағыш қасиетіне ие болу арқасында организмге күшті әсер еткіш факторға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет