1. Жарық терапиясы фототерапия


Терапияның кешенді принципі



бет3/43
Дата17.01.2023
өлшемі102,66 Kb.
#61732
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
ішкі аурулар

5. Терапияның кешенді принципі Кешенді принципі организм мен қоршаған ортаның байланысына және барлық жүйелер мен ағзалардың бірлігіне негізделген. Сыртқы ортаға азықтандыруды, малды күтіп-ұстауды жатқызады. Жұқпалы емес аурулардың 70 %-ы жоғарыдағы көрсетілген сыртқы қоршаған орта факторларының өзгеруінен туындайды, ал небәрі 10 %-ы генетикалық факторлардан, 10 %-ы кәсіптік ветеринарлық көмек көрсете алмағаннан болады. Организмнің барлық жүйелері функциональды бағынышта болғандықтан, бір жүйенің қызметі бұзылса, ол екінші жүйеге әсерін тигізеді. Мысалы жүрек зақымдалса, онда үнемі өкпенің, жиi бүйректің қызметтері бұзылады, асқазан мен ішек жолдары патологиясында - бауырдың, жас қан түзетін ағзалардың қызметі бұзылады.Кешенді емдеу әдісі бір ғана амалдарды қолданып қоймай, оларды аурудың сыртқы және ішкі себептерін жоюға бағытталған, малға қажетті күтім мен азықтандыруға, арнайы емдік-сақтандыруға арналған препараттарды кешенді түрде қолдануға арналған әдіс. Ветеринариялық ғылым мен тәжірибе көрсеткендей, жаппай жиі кездесетін (асқазан-ішек, респираторлы аурулар, зат алмасуының бұзылуы ж.б.) ауруларды емдеуде ең жоғары тиімділікке, микроклиматтың зоогигиеналық параметрлерін сақтағанда, диеталық ем мен премикстер қолданғанда, этиотропты, патогенетикалық нейротропты, орынтолтырушы және симптомдық ем қолданғанда қол жеткізуге болады. Кешенді емдеуде қалыпты жағдайда және патологиялық процестерде организмді нейроэндокринді реттеуді ескерген жөн.
6. Жүрек-тамыр жүйесі ауруларының алдын алу Ірі, арнайы бағыттандырылған өнеркәсіп типтес шаруашылықтарда, жұрек етінің ауруларын алдын ала сақтандыру үшін малдарға, физиологиялық талапқа сәйкес келетіндей күтім жасап, көңілді барынша зат алмасуының бұзылуына жол бермеу жақтарына бөлу керек. Үрейлендіру (стресс) тудыратын себептерді барынша азайту керек. Жүрек қан-тамыр жүйесі ауруларынан сақтандыруда мал организмінің физиологиялық мүмкіндіктерін, оларды мақсаттық пайдалану қарқынымен сәйкестендіру маңызды орын алады. Азық мөлшері (рацион) толық сапалы болуымен қатар, құрамы жағынан нәруыз (белоктар), майлар, көмірсулар (углеводтар), минералды заттар, витаминдермен байытылып, олардың үйлесімділіктері жақсы теңестірілгені жөн. Жүрек пен қан тамырларын, індет-уытты тудыратын қабынба ауруларынан (миокардит, эндокардит, тамырдың тромбозы) сақтандыру үшін оларды тудыратын басты ауруларды емдегенде, көңілді жүрек-қантамыр жүйесінің қызмет атқару жағдайларын жақсартуға бағытталған дәрі-дәрмектерді дер кезінде орынды пайдалануға бөледі. Аталмыш аурулармен ауырған малдар біраз уақыт бойы, біржақты болмайынша, малдәрігерлердің бақылауында болуы керек. Азықтан улану, ылғи жүрек қан-тамыр ауруларына әкеліп соқтыратын болғандықтан, улануға жол бермеу үшін азықтардың сапасын, дұрыс сақталуын және азықтандыруға дайындалуын мұқият тексеріп отыру керек. Азықтарда улы шөптер мен қоздырғыштық қабілеті бар саңырауқұлақтардың бар-жоқтығына көңілді қатты бөлген жөн Жүрек қан-тамыр жүйесін аурулардан сақтандыруда малдарды жүйелі түрде серуендетуді ұйымдастырудың мағынасы өте зор. Жүрек пен қан тамырларының дерттенуіне жиі әкеліп соқтыратын жұқпалы емес ауруларды алдын ала ескертуде диспансерлеу жұмысын жүргізу жақсы мүмкіндік туғызады, себебі оны жүргізудің барысында организмдегі зат алмасуының өзгеруін, оның салдарынан пайда болатын жүрек қан-тамыр ауруларын дер кезінде анықтап, тиісті әрекет жасауға жағдай жасалынады. Бұл ауылшаруашылық малдар арасында кездесіп тұратын жүрек пен қан-тамырлар ауруларына бағытталынған және экономикалық тұрғыдан қарағанда тиімді болып келетін сақтандыру шараларын жүргізуді қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет