Госпитализациялауға көрсетімдер: Клиникалық-зертханалық көрсеткіштерді 2 апта бойы қалпына келтірілмеуі.
Профилактика Профилактикалық шаралар Емдік курс аяқталғаннан кейін, элементарлы темір дəрі-дəмрмегін ауруды алдын алу мақсатымен, 6 ай бойы аптасына бір рет қабылдау ұсынылады:
Анемия диспансеризациясы
Анемия пайда болу қауіпі бар балаларды IIБ денсаулық тобына кіреді. Гемоглобині қалыпты, бірақ қатер тобына жатқызған балаларды 1-ші жылында кем дегенде айына 1 рет бөлімшелік педиатр байқайды. Жетіліп туылғандардың гематологиялық бақылауын 3 және 12 айларында бақылайды. Гемоглобині төмендегенде айына 2 рет қарайды. Қан анализін 2 аптада 1 рет ,сосын 6 ай бойы ай сайын бақылап отырады.Алдын алу ретінде темір препараттарын тағайындайды.
Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:
Темірмен байытылған тамақтану (қоспа). Тағайындалған емнің нəтижелігін растау үшін,ТТА ауыратын барлық кіші жастағы балаларда ТТА ауруын емдегеннен 4 аптадан кейін НЬ и Ht қайта анықталуы керек. Тағайындалған емге оң нəтиже байқалса (гемоглобилиннің 10 г/л жоғары немесе тең, Ht 3%-ке немесе одан көп ұлғаюы), немесе бұл көрсеткіштер қалыпқа сай болса, ем тағы 2 айға жалғастырылып, содан кейін темірдің тағайындалуы тоқтатылуы тиіс.
Жүргізілетін емнің оң нəтижесінің болмауы немесе 10 г/л төмен гемоглобилиннің ұлғайылуында, ал Ht 3%-тен төмен ұлғаюын, дəрігер қан аздықтың басқа мүмкін болатын себептерін науқасты гематологқа жіберуі арқылы анықтауы тиіс.
Орташа немесе ауыр түрдегі ТТА ауыратын төмен жастағы балалар (НЬ 90 г/л төмен немесе 27% аз Ht) гематологтан кеңес алуы керек.
ТТА ауруына шалдығу қауіп факторлары бар 6-дан 12-ге дейінгі жастағы балалар (өмір сүрудің немесе тамақтанудың нашар жағдайы) қайталамалы скринингті талап етеді.
Жасөспірім қыздар ТТА-ға зерттелуі керек, тегі болмаса, бір рет 15 жəне 25 жас арасында зерттелуі керек. Қауіп-қатерлі факторлар болмағанда (нашар тамақтану, етеккірдің көп мөлшерде келуі, донорлық жəне т.б) немесе ТТА диагнозының анамнезде болуы едəуір жиі срининг қажет (əр жыл).
Саусақтан алынған перифириялық қан анализінің негізінде ТТА-на күдік туса, ТТА болуын венадан алынған қанның анализімен растау керек. Жасөспірім қыздарға қан аздық 120 г/л төмен гемоглобин деңгейінде, Ht-36% төмен анықталады.
Көрсетілген шектен 20 г/л төмен гемоглобин концентрациясында, жасөспірімдер элементарлы темірдің емдік дозасын - күніне екі рет 60 мг алуы керек (жалпы доза темірдің 120 мг), бұдан басқа, дұрыс тамақтануды үйрету қажет. Дəрігер тағайындалған емнің нəтижелігін 1 айдан кейін тексеруі керек. Егер нəтиже болымсыз немесе тіптен болмаса (гемоглабиннің ұлғаюы 10 г/л-ден аз; немесе Ht 3 бірліктен аз ұлғаюы), клиницист қан аздықтың басқа мүмкін болатын себептерін науқасты гематологқа жіберу арқылы анықтауы керек. Қабынулық немесе жұқпалық процестердің болу кезінде төмен концентрациясы немесе гематокриттің көлемі организмде темірдің таратылуының бұзыу нəтижесі ТТА дамуын дəлелдей алады, жəне де қосымша емді қажет етеді.
Темір дəрі-дəрмегі тағайындалуының оң нəтижесін алғанда, ем гемоглобин концентрациясының 120 г/л жетуіне дейін жалғастырылуы керек, бұдан кейін темір дозасы аптасына 120 мг дейін төмендетіліп, 6 айға созылуы қажет.
Ауыр түрдегі ТТА көбінесе жасөспірім қыздарға тəн емес жəне темір тапшылығы мұндай қан аздықтың себебі сирек болады. Аурудың дамуы туралы толық ақпарат, оның ішінде, тамақтану сипты, тереңірек зерттеу мен қосымша зертханалық анализдер (жалпы қан анализі, Сарысулық темір, трансферрин құрамы, ферритин концентрациясы, ретикулоциттер саны, жалпы белок, жалпы билирубин жəне оның фракциялары) толық ТТА дəлелдеу үшін керек.
Жасөспірім қыздарға ТТА алдын алу үшін теңгерілген тамақтану ТТА дамуын тоқтатып, темір дəрі-дəрмегінің тағайындалуының алдын алады. Сондықтан, ет пен аскорбин қышқылына бай азық-түлікті (азық түліктен алынатын темірдің сіңірілуін ұлғайту үшін) тұтынуға ерекше көңіл беру керек, тамақтанғанда, шай мен кофені ішпеу қажет.
Жасөспірім қыздарда көптеген микроэлементтік жеткіліксіздігінің жоғары қауіптілігінде таблетка құрамында 30 г-ге жуық темір бар темірмультивитаминдік- минералдық дəрі - дəрмекті тағайындау керек.