1. Жасуша қабырғасы синтезін тежейтіндер



Дата20.12.2023
өлшемі15,39 Kb.
#141517
Байланысты:
1 билет 1 сұрак 2билет 1сұрак (1)


1билет . 1) Микробқа қарсы химиопрепараттар және антибиотиктер: түсінігі; алыну көзі, тәсілдері, химиялық құрылымы, спектрі, механизмі және әрекет түрі бойынша жіктелуі. Микробқа қарсы химиопрепараттардың әсер ету механизмдері. Микробқа қарсы химиопрепараттарға микроорганизмдердің резистенттілігі, оның механизмдері.
Антибиотиктер— микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан алынатын органикалық зат; Химиопрепараттар жұқпалы аурулар кезінде емдеу үшін және алдын алу үшін қолданылады. Алыну көзі: Табиғи-әр түрлі микроорганизмдер шығаратын: актиномицеттер-антибиотиктердің көпшілігін синтездейді 80%; зең саңырауқұлақтары-β-лактам антибиотиктерін, фузид қышқылын синтездейді;Мысалы: бензилпенициллин, феноксиметилпенициллин Жартылай синтетикалық-биосинтез арқылы табиғи антибиотик алынады, содан кейін ол химиялық түрде өзгертіледі;
ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНА БАЙЛАНЫСТЫ Β-лактамдар, құрамында β-лактамдық сақинасы бар, олардың микробқа қарсы белсенділігі үшін жауап береді. Β-лактам сақинасы бұзылған кезде олар тиімділігін жоғалтады. Барлық β-лактамдар бактерицидтік әсерге ие. СПЕКТРІ. ТАР СПЕКТРЛІ препараттар бактериялардың белгілі бір санына белсенді болған кезде; КЕҢ СПЕКТРЛІ бактериялардың көптеген түрлеріне әсер етеді Гр (+) және Гр(-) ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ. БАКТЕРИЦИДТІ-өлімге әкелетін бактериялар; Бастериостатикалық - бактериялардың өсуін және көбеюін тежейді, нәтижесінде олардың өліміне әкеледі. ӘРЕКЕТ ТҮРІ

1.Жасуша қабырғасы синтезін тежейтіндер

2.Рибосомалардағы ақуыз синтезін тежейтіндер

3.Нуклеин қышқылының синтезін тежейтіндер:

1.пуринпиримидин негіздерінің синтездеу блокадасы

2.ДНҚ синтезін тежейді

3.РНҚ-полимеразаны тежейді

4.Цитоплазмалық мембрана функциясының ингибиторлары


2билет.1) Вакциналар. Вакциналар жөніндегі түсінік, заманауи жіктелуі: тірі, белсенді, анатоксиндер, субклеталық, субвириондық (протективтік антигендерден)., рекомбинанттық, дивергенттік, трансгендік. Түрлі вакциналар типтерінің артықшылықтары мен кемшіліктері.


Вакциналар – жұқпалы аурлардың алдын алу мақсатында белсенді спецификалық иммунитетті қалыптастыру үшін арналған ауру қоздырғыштарының немесе олардың протективті (қорғаныс) антигендірінің препараттары. Тірі, аттенуацияланған вакциналар - микроағзаларды қолайсыз жағдайларда өсіру арқылы вируленттігін төмендету жолымен алынады. Мысалы: Туберкулезге қарсы (BCG) вакцина, Қызылшаға қарсы вакцина, Салға қарсы вакцина. /артықшылығы/КЕМШІЛІКТЕРІ:


Вакциналық вирус күшінің жоғарылауы мүмкін (вакцинаға байланысты дамыған сал), Басқа вакциналармен бірге енгізуге болмайды, себебі біреуінің әсері болмайды, Термотұрақсыз, Айналымдағы табиғы вирус вакциналық вирустың репликациялануын тежеп, әсерін төмендетеді. Өлтірілген /белсендіғой/ вакциналар – физикалық не химиялық тәсілдермен өлтірілген патогенді вирустар мен бактериялар, яғни жоғары иммуногенді микроағзалардың штаммдарын қыздыру, ультракүлгін сәуле және химиялық заттармен белсенділігін жою арқылы дайындалады: Көк жөтелге қарсы вакцина, Сүзекке қарсы вакцина, Тырысқаққа қарсы вакцина. КЕМШІЛІК:тұрақсыз гуморалдық иммунитет қалыптастырады (сондықтан бірнеше рет қайталанады), Адъюванттармен (вакцинамен бірге иммундық жауапты жоғарылатады) бірге енгізулуі тиіс.АРТЫҚШЫЛЫҚ: Басқа вакцинамен бірге енгізуге болады. Термотұрақты.
Химиялық вакциналар субвириондық и субжасуша – микроағзалардан протективті антигендерді бөліп алынған вакцина (холераға қарсы вакцина). Жасанды вакциналар – әртүрлі спецификалық эпитоптарды жалпы тасымалдаушы-полиэлектрлитпен және адъювантпен байланыстыру арқылы жасалады. Рекомбинантты вакциналар – вакциналарды молекулалақ клондау жолымен алу. Генетикалық вакциналар (ДНК-вакцина) трансген – патогеннің ағзаға енгізгенде ақуыздардың синтезделуін және оларға қарсы иммундық жауаптың түзілуін қамтамасыз ететін нуклеин қышқылы. Дивергентті вакциналар - антигендік қасиеті бойынша патогенді қоздырғыштарға ұқсас, бірақ ауру қоздырмайтын микробтардан дайындалады (шешекке қарсы вакцина сиыр шешегі вирусынан дайындалады).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет