Алғашқы көмек Тырысу кезінде бұлшықетті мүмкіндігінше жылдам созыңыз. Және де оны күшпен созу қажет. Егер балтыр бұлшықетінің спазмасы болса, аяқтың ұшын өзіңізге қарай тартыңыз. Себебі, аяқ осындай күйде тұрса бұлшықетті созады және спазмның қайта пайда болуына кедергі келтіреді.
Сондай-ақ, бұлшықеттерде жиналып қалған ауыр күшті жеңілдетуге көмектесетін жаттығулар да бар.
1. Еңкею. Тырысуды жеңілдету үшін қолдың саусақтарымен аяқтың ұшына дейін созыламыз. Және бұл кезде табан толығымен еденде тұруы керек. Бұл жаттығуды 5-7 рет қайталаңыз. Бірақ, балтыр бұлшықетін жақсылап созу үшін, осындай позада бірнеше секунд тұруға тырысыңыз.
2. Бастапқы қалыпқа оралып, қайта тұрыңыз. Аяқтың ұшымен көтеріліп, қолыңызды жоғары созыңыз, содан кейін толығымен табанмен тұрып, бастапқы қалыпқа келіңіз. Бұл жаттығуды қысқа үзілістермен (5-10 секунд) он рет қайталаңыз.
Егер денеңізге жиі ауыр күш түсетін болса мысалы, ұзақ уақыт бойы аяғыңызбен тік тұрсаңыз, бірнеше минут аяқты көтеріп жатуға немесе отыруға уақыт табыңыз. Мүмкін болса, осы жаттығуларды орындап тұрыңыз.
Сонымен қатар, күнделікті жаттығулар, кешкі серуендер тырысу белгілерін жеңілдетуге көмектеседі. Сондықтан, бұлшықетті босаңсытатын кез келген нәрсе жасаңыз. Мысалы, жылытатын массаж немесе жылы ванна қабылдаңыз. Бірақ, төмен температуралардың кері әсер беретінін ұмытпаңыз, сондықтан қатты тоңып қалудан аулақ болыңыз және моншаға барғаннан кейін, мейлі ол мұзды купель, душ, теңіз болсын, суық суда шомылмаңыз.
Тырысудың алдын алу
Күйзеліске жол бермеңіз. Қаншалықты дөрекі естілсе де, күйзеліс денсаулыққа қатысты әр түрлі аурудың пайда болуына себепші. Жүйке бұзылуы – бұл біздің ағзамызға, ең алдымен, бұлшықеттің жиырылуына жауап беретін жүйке аяқталуына түсетін жүктеме.
Сонымен бірге, ағзаның сусыздануына жол бермеңіз, әсіресе денеге физикалық күш түсетін кезде. Ал осының барлығы ағзаға теріс әсер ететін жанама себептер, олар адамның мазасын қашыра отырып, маңызды элементтердің жетіспеушілігін тудырады.
Үй тапсырмасы:
Аяқ бұлшық еттеріңізді нығайтуға көмектесетін 5 негізгі жаттығулары жайлы анықтама беріңіз!