1-жаттығу. Мәтінді оқып, онда дефистің неге, қандай жағдайда



Дата06.01.2022
өлшемі16,43 Kb.
#15832
Байланысты:
тапсырма Дефис


1-жаттығу.  Мәтінді  оқып,  онда  дефистің  неге,  қандай  жағдайда 
қолданылғанын түсіндіріңіздер. 

Киіз  үйлердің  жанында,  от  басында  адамдар  әңгіме-дүкен  құрып  отыр. 


(Ш.А.)  Вагон-ресторанда  адам  онша  көп  емес  екен.  (С.Ш.)  Жидебайға  
қайтардың алдында Абай әкесінен көші-қон жайын сұрастырған. (М.Ә.) Үлкен 
үй  мен  қонақ  үйдің  арасына  тартылған  кермеде  Құнанбайдың  ер-тоқымы 
ерттелген  ұзын  торы  ат  тұр  екен.  (М.Ә.)  Ауыл  үстінен  қашқандарын  иттер 
қуып,  Ботақан  бойы  азан-қазан  болды.  (М.Ә.)  Азынаулақ  қойлар  мен  төртті-
бесті ірі қараның айналасында қатын-қалаш, кәрі-құртаң, ер-азамат көп-көптен 
келеді.  (М.Ә.)  Үлкен  күміс  қаптырмамен  бір-ақ  жерден  түймелеген 
қызылмауыт камзолының қынама белі болымсыз желмен тербеле солқылдаған 
көк  шыбықтай  сүйкімді.  (Д.Ә.)  Ол  орта  жастарды  жағалатқан  ашаң  жүзді, 
мұрынды, жұмыр ақ саусақты Фан-Штейн еді. (Ғ.Мүс.) Бала у-шу, малай қиқу, 
мал  маңырап,  ит  жаң-жұқ.  (Ж.А.)  Жасыбай  көлі  сол  таудың  қойнауында 
қызылды-жасылды  кәрден  кесеге  құйып  қойған  зәм-зәм  суындай  мөп-мөлдір. 
(Б.М.) 

 

2-жаттығу. Сөйлемдердегі бас әріппен келетін сөздерді анықтап, жазылу 


себебін түсіндіріңіздер. 


І. Аздан соң ербол абайлардан бөлініп, көлқайнарға қарай тартып 


кетті.  (М.Ә.)  қасым  пішенбаев  көмір  тапқаннан  кейін,  ол  баянауыл,  
қарқаралы жерлерін сонау балқашқа дейін иемденіп алады. ұлы сібір 
темір  жолын  салуына  байланысты  ХІХ  ғасырдың  аяқ  кезінде 
екібастұз  көмірін  пайдалану  үшін  «воскресен  тау-кен  акционерлік 
қоғамы»  ұйымдасады.  павлодар  қаласына  таяу,  ертістің  сол  жақ 
жағалауындағы  воскресенская  пристанына  екібастұздан  тар  табанды 
темір  жол  тартылды  да,  сол  жолмен  екібастұз  көмірін  деров  ертіс 
арқылы омбыға тасытады. (Ә.Нұрш.) араб басқыншылығынан кейінгі 
кездегі қараханид кезеңінің тілдік ерекшеліктерін сипаттайтын жазба 
материалдарға  юсуф  баласағұнның  «құтадғу  білік»  атты  поэмасы, 
махмұд  қашқаридің  «дивану  лұғат-ат  түрік»  атты  лингвистикалық 
еңбегі, ахмед югнакидің «һибат-уль-хакаик» атты еңбегі, қожа ахмет 
яссауидің  шығармалары  («хикметі»)  жатады.  (С.И.)  шығыстың 
классикалық  әдебиетінің  қазақша  еркін  аудармалары,  яғни  шығыс 
сюжеттерін  қайталап  қазақша  жырлаған  туындылар:  «шахнаме», 
«ләйлі – мәжнүн», «жүсіп – зылиха», «фархад – шырын», «ескендір», 
«мұңлық  –  зарлық»,  «сейфүл-мәлік»,  «бозжігіт»,  «шахмардан», 
«шәкір – шәкірат» т.б. (Р.С.) 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет