1. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз. А ы в а с о д у е ә



Дата11.12.2023
өлшемі55,15 Kb.
#137509
Байланысты:
Дауысты дыбыстар тест


Дауысты дыбыстар.
1 - нұсқа.
1. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз.
А) ы В) а С) о Д) у Е) ә
2. Жуан дыбыстарды көрсетіңіз.
А) І, Ы, Е, И. В) Е, И, У, О. С) А, О, Ұ, Ы. Д) А, Ғ, Ө, Ұ. Е) О, Ө, Ұ, Ү.
3. Жіңішке буынды дәм атауын көрсетіңіз.
А) Күшті, үлкен. В) Ащы, қышқыл. С) Семіз, ерен. Д) Тәтті, дәмді. Е) Тұзды, қатты.
4. Дауысты дыбыстардың жақтың қатысына қарай жіктелетін түрлерін көрсетіңіз.
А) жуан, жіңішке В) еріндік, езулік С) ұяң, қатаң Д) ашық, қысаң Е) үнді, жуан
5. Дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай жіктелетін түрлерін көрсетіңіз.
А) жуан, жіңішке В) қысаң, ашық С) үнді, ұяң Д) еріндік, езулік Е) қатаң, ұяң
6. Ашық дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) а, ұ, ү В) у, и, і С) у, і, ы Д) а, о, е Е) е, ө, й
7. «Ы» дыбысы қойылатын сөзді көрсетіңіз.
А) Жазғ.... В) Кәр.... С) Бөр... к. Д) М... нез. Е) Д... мді.
8. Бірыңғай жіңішке дауыстылардан тұратын сөздерді көрсетіңіз.
А) Қиық. В) Береке. С) Сынып. Д) Қиғызу. Е) Кітап.
9. Жіңішке буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) сынып, парта В) дәптер, қалам С) мереке, білім Д) қыркүйек, қоңырау Е) кітап, оқушы
10. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қандай түрлерге бөлінетінін белгілеңіз.
А) Үнді, қатаң В) Езулік, еріндік С) Жуан, жіңішке Д) Қатаң, ұяң Е) Ашық, қысаң
11. Жіңішке дауыстылар қатарын көрсетіңіз.
А) ы, ұ, и В) а, ү, о С) ұ, е, ө Д) ө, і, е Е) о, э, у
12. Жуан дауысты сөзді табыңыз.
А) Кезең. В) Куәлік. С) Көне. Д) Ғұлама. Е) Билік.
13. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз.
А) у В) о С) а Д) ө Е) ұ
14. Барлық буында жазылатын дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) а, ы, і В) э, ә, и С) о, ө, ұ Д) у, ұ, ө Е) ә, ү, у
15 Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстары бар сөзді көрсетіңіз.
А) мемлекет В) отан С) саудагер Д) көзілдірік Е) достар
16. Қай дауысты дыбыс әрі жуан, әрі жіңішке дауыстыға жататынын анықтаңыз.
А) е В) и С) о Д) а Е) ү
17. Жуан да жіңішке де болатын дыбысты табыңыз.
А) О. В) Е. С) У. Д) А. Е) Ө.
18. Тек жуан дауысты дыбыстан тұрған қатарды көрсетіңіз.
А) Кінәлі, дүдәмәл. В) Ботагөз, Өмірзақ. С) Ақтөбе, тарихи. Д) Су, бауырмал. Е) Ушығу, қабілет
19. Жіңішке дауысты сөзді табыңыз.
А) Базар В) Қора С) Қауырсын Д) Кілем Е) Сауысқан
20. Жіңішке әрі ашық дауысты дыбысты көрсетіңіз.
А) О, И. В) Ү, І. С) Ә, Е. Д) А, Ұ Е) Е, Ы.
21. Тек жуан дауысты дыбысты сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) Кенесары, өнерпаз. В) Ұлытау, қуғыншы. С) Емхана, арбакеш. Д) Игілік, ержүрек.
Е) Қыстыгүні, кітаптар.
22. Жуан дауысты дыбыстары бар сөзді белгілеңіз.
А) Кеңес. В) Күндіз. С) Сабыр. Д) Екеуі. Е) Келуші.
23. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстарын белгілеңіз.
А) о, е. В) а, и. С) и, у. Д) ө, ү. Е) ы, э.
24. Тек жіңішке дауысты дыбыстар қатарын анықтаңыз.
А) О, ө, у. В) А, ә, е. С) Ы, і, и. Д) Ә, ө, і. Е) Э, о, ү.
25. Дыбыстар неше топқа бөлінетінін көрсетіңіз.
А) 5. В) 2. С) 3. Д) 6. Е) 4.
Дауысты дыбыстар.
2 - нұсқа.
1. Фонетика нені зерттейтінін көрсетіңіз.
А) Сөз таптарын. В) Тіл дыбыстарының жүйесін. С) Сөз тіркесінің байланысу тәсілін.
Д) Сөз құрамын. Е) Сөз мағыналарын.
2. А, О, Ұ, Ы қандай дыбыстар екенін көрсетіңіз.
А) Езулік. В) Қысаң. С) Еріндік. Д) Жуан. Е) Ашық.
3. Бірыңғай жіңішке дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) Ы, И, Ү, У... В) О, У, Е, І... С) Ә, І, Е, Ө... Д) Ә, А, О, Ү... Е) И, Е, А, Ө...
4. Жуан дауысты дыбыстар қатарын көрсетіңіз:
А) ә, и. В) ү, і. С) а, о. Д) ө, ә. Е) у, і.
5. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз.
А) ы В) ү С) ұ Д) о Е) у
6. Жуан дауысты дыбыстар қатарын анықтаңыз.
А) Е, і, о. В) И, ө, ы. С) Ұ, о, а. Д) Я, ә, е. Е) Ү, е, у.
7. «О» қандай дыбыс екенін анықтаңыз.
А) Жуан. В) Қысаң. С) Езулік. Д) Дауыссыз. Е) Жіңішке.
8. Жуан әрі еріндік дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) е, а В) ә, а С) о, ұ Д) и, ө Е) ү, і
9. Езулік дауыстылардың саны қанша екенін белгілеңіз.
А) 8. В) 6. С) 10. Д) 7. Е) 12.
10. «У» дыбысы жуан болып тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Кету. В) Жүру. С) Жету. Д) Секіру. Е) Қайту.
11. Қысаң дауыстылар қатарын толықтырыңыз: Ы, і, у, ү, ұ,...
А) А. В) И. С) О. Д) Ә. Е) Е.
12. «Ұ» дыбысына талдау жасаңыз.
А) Жіңішке дауысты. В) Ұяң дауыссыз. С) Үнді дауыссыз. Д) Жуан дауысты. Е) Қатаң дауыссыз.
13. Тек жуан дауысты дыбыстан құралған сөзді табыңыз.
А) Арбакеш. В) Өнерпаз. С) Екілік. Д) Аққу. Е) Биыл.
14. Қазақтың төл сөздерінде сөз соңында келмейтін дыбысты белгілеңіз.
А) А. В) І. С) О. Д) Е. Е) Ы.
15. «а» дыбысы жақтың ашылуына қарай қай дауыстыға жататынын белгілеңіз.
А) Қысаң. В) Ашық. С) Еріндік. Д) Жуан. Е) Жіңішке.
16. Бірыңғай қысаң дауыстыдан болған сөзді көрсетіңіз.
А) Іні. В) Немере. С) Ана. Д) Бала. Е) Шөпшек.
17. Бірыңғай езулік жіңішке дауыстылардан болған сөзді белгілеңіз.
А) Жоңышқа. В) Еріншек. С) Мүсәпір. Д) Бүлдіршін. Е) Бүлдірген.
18. «У» дыбысы екі рет дауысты болған сөзді белгілеңіз.
А) Жауласу. В) Таулық. С) Қауышу. Д) Татуласу. Е) Баулық.
19. Қысаң дауыстылардың саны қанша екенін белгілеңіз.
А) 7. В) 10. С) 4. Д) 6. Е) 8.
20. Тек қана жіңішке дауысты дыбыстары бар сөзді белгілеңіз.
А) Оқушы. В) Сынақ. С) Кітап. Д) Күнтізбе. Е) Сынып.
21. Бірыңғай қысаң дауысты сөзді көрсетіңіз.
А) Баста. В) Қонақ. С) Іңір. Д) Тағалы. Е) Қаза.
22. Қысаң, езулік дыбысты көрсетіңіз.
А) и. В) у. С) ө. Д) а. Е) о.
23. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар екенін белгілеңіз.
А) 13. В) 16. С) 15. Д) 42. Е) 20.
24. Бірыңғай еріндік дыбысты сөзді ажыратыңыз.
А) Метр. В) Әңгіме. С) Көну. Д) Білімді. Е) Жеміс.
25. Қай дауысты дыбыс әрі жуан, әрі ашық, әрі еріндік болатынын белгілеңіз.
А) и. В) у. С) а. Д) о. Е) ы.
Дауыссыз дыбыстар.
1 - нұсқа.
1. Қатаң дауыссызды көрсетіңіз.
А) д, в, е В) б, й, р С) п, ш, қ Д) м, ң, н Е) ғ, л, у
2. Ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
А) В, Б, Г, Ғ, Ж В) Д, З, Һ, Т, В С) К, С, Т, Ш, Л Д) Б, В, К, С, Д Е) Л, Д, Р, М, П
3. Қатаң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
А) қ, к, п, с В) б, в, г, ғ С) н, р, у Д) й, л, м Е) д, ж, з, һ
4. Тек ұяң дауыссыз дыбысқа аяқталған сандарды көрсетіңіз.
А) 6, 9, 1 В) 4, 10, 7 С) 5, 8, 10 Д) 4, 11, 15 Е) 100, 9, 30
5. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатар келген сөзді көрсетіңіз.
А) Қасқа. В) Арқан. С) Қаймақ. Д) Алма. Е) Алғаш.
6. Ұяң дауыссыз дыбысы жоқ сөзді көрсетіңіз.
А) лездеме В) өзгеріс С) міндет Д) көмір Е) қазба
7. Сөздің басында жазылмайтын әріпті көрсетіңіз.
А) ғ В) ң С) ы Д) ә Е) қ
8. Дыбыссыз әріптерді көрсетіңіз.
А) х, һ В) у, й С) с, ц Д) ъ, ь Е) і, ы
9. Үнді дауыссыз дыбыстардан құралған сөзді табыңыз.
А) Азат. В) Аймақ. С) Айман. Д) Алпыс. Е) Сапар.
10. Қатаң дауыссызға басталып, қатаңға аяқталған сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) Асқар, тау, базар В) Алып, доп, кел С) Ұлт, болашақ, жан Д) Мал, киіз, отау Е) Қас, шаш, құқық
11. Ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын сөздерді көрсетіңіз.
А) Айдын, шие, әдеп В) Кедей, емен, тау С) Күн, мектеп, аула Д) Аймақ, орта, мөлдір
Е) Бұлт, зерттеуші, жағажай
12. Буын құрай алмайтын дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
А) и В) ү С) ы Д) а Е) ж
13. Тек үнді дауыссыз дыбысқа аяқталатын сөздерді көрсетіңіз.
А) Үн, үй, көл В) Көз, құлақ, ауыз С) Қонақ, кісі, қуаныш Д) Зерек, жеміс, ерлік Е) Бота, бала, жаға
14. Тек ұяң дауыссыз дыбыстан тұратын сөзді көрсетіңіз.
А) Баға В) Алыс С) Аспан Д) Гүл Е) Белгі
15. Қатаң дауыссыз дыбыстарды табыңыз.
А) б, з В) р, у С) з, һ Д) қ, к Е) л, м
16. Қазақ тіліне тән дыбыстарды табыңыз.
А) ж, ң, н В) й, і, ә С) р, д, у Д) а, е, ы Е) ғ, қ, һ
17. Ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын үй жануарын белгілеңіз.
А) Ешкі В) Сиыр С) Жылқы Д) Қой Е) Түйе
18. Қазақ тілінде неше үнді дыбыс бар екенін анықтаңыз.
А) 10. В) 6. С) 7. Д) 4. Е) 2.
19. Тек қатаң дауыссыздан жасалған сөзді табыңыз.
А) Көз. В) Көш. С) Қожа. Д) Қиыр. Е) Қияр.
20. Ұяң дауыссыз дыбысқа аяқталған сөздерді көрсетіңіз.
А) хабар, үміт, шағын В) атақ, бақыт, заң С) күн, егін, жол Д) шөл, су, нарық Е) жаз, жұлдыз, үздіксіз
21. Тек қатаң дауыссыздан тұратын сөздерді көрсетіңіз.
А) Заң, жарыс, бұлақ. В) Қарға, жаға, аспан. С) Аққу, апта, көк. Д) Ағаш, аула, ел. Е) Бет, жол, емен
22. Ғ - әріпі жазылатын сөзді көрсетіңіз.
А) Жа... ажай. В) Е... ін. С) Те... іс. Д) Үл... і. Е) Заң... ер.
23. Құрамында қатаң дауыссыз дыбыс бар сөзді табыңыз.
А) Дөң В) Қатық С) Ру Д) Ғалым Е) Жаза
24. Үнді дауыссыздан басталатын сөзді көрсетіңіз.
А) жеміс В) қонақ С) достық Д) рақат Е) шығарма
25. Ұяң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
А) н, ч, ұ В) б, в, г С) ә, п, ц Д) т, у, й Е) м, л, р
Дауыссыз дыбыстар.
2 - нұсқа.
1. Үнді дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
А) Ң, Р, Л, М... В) И, Ң, В, Г... С) Қ, Л, М, Н... Д) Р, Л, М, И... Е) С, У, Ш, Ң...
2. Қазақ тіліне тән дыбыстарды табыңыз.
А) д, т, р В) қ, ң С) р, н, д Д) а, о, м, д Е) й, у, ж
3. Қатаң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
А) г, ғ В) л, м С) н, р Д) д, ж Е) п, т
4. Тек ұяң дауыссыздарды көрсетіңіз.
А) П, Ғ, В, К... В) П, У, Х, В... С) Д, Ж, С, В... Д) Б, В, Р, Л... Е) Б, В, Ғ, З...
5. Қазақ алфавитіндегі әріп санын көрсетіңіз.
А) 33 В) 40 С) 41 Д) 36 Е) 42
6. Қатаң дауыссызға аяқталатын сөзді көрсетіңіз.
А) нәтиже В) мемлекет С) қарағай Д) ойын Е) пән
7. Үнді дауыссыз дыбыстары бар сөздерді көрсетіңіз.
А) қыз, ата, қар В) жүн, қой, ет С) бал, жүз, топ Д) сүт, шұжық, май Е) мың, нан, мал
8. Ұяң дауыссыз дыбысқа аяқталған сөзді көрсетіңіз.
А) Мәдениет В) Біз С) Кездік Д) Тармақ Е) Оқулық
9. Қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын мемлекет атауын көрсетіңіз.
А) Қазақстан. В) Албания. С) Ресей. Д) Украина. Е) Грузия.
10. Үнді дауыссыз дыбысқа аяқталған көне қала атын көрсетіңіз.
А) Йассы. В) Ақмола. С) Семей. Д) Түркістан. Е) Қарағанды.
11. Жалғауы ұяң дауыссыз дыбыстан басталған сөзді көрсетіңіз.
А) Тәуелсіздіктен В) Әйелдер С) Өнерлер Д) Шеберлер Е) Көшпенділерге
12. Үнді дауыссыз дыбыстармен басталған сөздерді көрсетіңіз.
А) Қазына, әдіс, ұят. В) Наурыз, райхан, мереке. С) Кездік, серік, бой. Д) Отбасы, шығыс, әлем. Е) Дауыл, бөлме, доп.
13. Ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын сөзді көрсетіңіз.
А) рухани В) қоғам С) шығыс Д) бағыт Е) әділ
14. «У» дыбысының дауыссыз дыбысты таңбалап тұрғанын көрсетіңіз.
А) бару, келу В) сурет, жуан С) сулы, сұлу Д) тау, дау, сау Е) су, шу, қу
15. Қатаң дауыссызды көрсетіңіз.
А) д В) в С) қ Д) у Е) р
16. Үнді дауыссыздан басталатын сөзді көрсетіңіз.
А) Емен. В) Зерек. С) Намыс. Д) Теңге. Е) Дастан.
17. Ұяң дауыссыз дыбысты көрсетіңіз.
А) й В) б С) қ Д) м Е) п
18. Қ - әріпі жазылатын сөзді көрсетіңіз.
А) ө... іл В) үзді... сіз С) уа... ыт Д) ше... ара Е) іс... ер
19. Ұяң дауыссыз дыбыстардан қазақ тіліне тән дыбыстарды көрсетіңіз.
А) қ, т В) б, д С) з, ж Д) ғ, һ Е) д, ж
20. Қатаң дауыссыздан басталатын сөзді көрсетіңіз.
А) күрес В) үміт С) орман Д) байлық Е) ғарыш
21. Мына дыбыстардың қайсысы ұяң дауыссыз дыбысқа жататынын көрсетіңіз.
А) қ, к В) б, в С) й, л Д) р, у Е) ч, ш
22. «Баяндама» сөзіндегі әріп пен дыбыс санын анықтаңыз.
А) 9 әріп, 8 дыбыс. В) 8 әріп, 9 дыбыс. С) 8 әріп, 8 дыбыс. Д) 9 әріп, 9 дыбыс. Е) 8 әріп, 7 дыбыс.
23. Тек үнді дауыссыз дыбыстары бар сөзді табыңыз.
А) Сапар. В) Айман. С) Алпыс. Д) Азат. Е) Аймақ.
24. Қатаңға басталып, қатаңға аяқталған сөзді белгілеңіз.
А) Орман. В) Жолбарыс. С) Тауық. Д) Торғай. Е) Арыстан.
25. Ұяң дауыссыздан басталған қосымшаны табыңыз.
А) Қаламның. В) Мерекеге. С) Тойлар. Д) Достың. Е) Есіктер.
Дауыссыз дыбыстар.
3 - нұсқа.
1. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін көрсетіңіз.
А) Ашық, қысаң. В) Ұяң, жуан, қатаң. С) Қатаң, ұяң, үнді. Д) Үнді, жіңішке, езулік.
Е) Еріндік, езулік.
2. Қатаң дауыссыздар қатарын табыңыз.
А) Б, В, Г. В) Р, У, Н. С) Б, Л, Қ. Д) Ф, Х, Ч. Е) Ж, Р, С.
3. Құрамында төрт дауыссыз дыбысы бар сөзді табыңыз.
А) Азан. В) Тау. С) Қарақат. Д) Қарт. Е) Сахара.
4. Тек ұяң дыбысты сөзді көрсетіңіз.
А) Халық. В) Ұшқыш. С) Жазғы. Д) Айқын. Е) Көпір.
5. Үнді дыбыстары бар сөзді табыңыз.
А) Наным. В) Жаға. С) Отбасы. Д) Көкжиек. Е) Бастық.
6. Ұяңнан басталып ұяңға аяқталған сөзді табыңыз.
А) Төрт. В) Сегіз. С) Жүз. Д) Тоғыз. Е) Бір.
7. Құрамында тек қатаң дыбыстары бар сөзді табыңыз.
А) Дөң. В) Ру. С) Қатық. Д) Ғалым. Е) Жаза.
8. Үнді дауыссызға аяқталған сөзді белгілеңіз.
А) Ұшқыш. В) Қала. С) Шәкірт. Д) Көпір. Е) Аймақ.
9. «У» әрпі қай қатарда дауыссыз болып тұрғанын анықтаңыз.
А) Жазушы, шешуші. В) Жабу, кебу. С) Туды, жуды. Д) Дауыс, қауын. Е) Бу, қу.
10. Тек ұяң дыбысты сөзді көрсетіңіз.
А) Нарық. В) Ұшақ. С) Жазда. Д) Айқын. Е) Қара.
11. Үнді дауыссызға аяқталған сөзді белгілеңіз.
А) Қонақ. В) Дала. С) Шәкірт. Д) Өмір. Е) Қаймақ.
12. Жұп болып келмейтін ұяң, қатаң дауыссыздарды табыңыз.
А) З - Х. В) Т - Д. С) Қ - Ғ. Д) В - Ф. Е) П - Б.
13. Қатаң дыбыстары бар сөзді табыңыз.
А) Із. В) Қыс. С) Май. Д) Лаң. Е) Біз.
14. Дауыссыз дыбыстың түрін табыңыз.
А) Ашық. В) Жіңішке. С) Еріндік. Д) Үнді. Е) Езулік.
15. Қатаң дауыссыздан басталып қатаң дауыссызға аяқталған сөзді табыңыз.
А) Парыз. В) Сақтан. С) Тамыр. Д) Қайрат. Е) Арман.
16. Үнді дауыссыздан құралған сөзді белгілеңіз.
А) Дыбыс. В) Ынта. С) Бұлақ. Д) Тоқты. Е) Аңның.
17. Бірыңғай ұяң дауыссыздан құралған сөзді белгілеңіз.
А) Қобыз. В) Мұрат. С) Мылтық. Д) Мезгіл. Е) Доға.
18. Ұяң дауыссыздар қатар тұрған сөзді анықтаңыз.
А) Наурыз. В) Кітап. С) Жаңбыр. Д) Аспан. Е) Қаздар.
19. Дауыссыз дыбыстардың үндесуін табыңыз.
А) Сингормонизм. В) Екпін. С) Дыбыс үндестігі. Д) Үндестік заңы. Е) Буын үндестігі.
20. Ұяң дауыссыздан басталатын бес арыстың бірін көрсетіңіз.
А) Ахмет. В) Мағжан. С) Шәкәрім. Д) Жүсіпбек. Е) Міржақып.
21. Тек қатаң дауыссыз дыбыстарды табыңыз:
А) с, т, п, қ, к. В) қ, ш, ғ, д, г. С) б, в, ғ, г, з. Д) а, м, р, т, н. Е) ы, с, х, м, ң.
22. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған сөзді көрсетіңіз.
А) Сана. В) Ешкі. С) Жаңа. Д) Шана. Е) Табиғат.
23. Тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылатын әріпті табыңыз.
А) а. В) в. С) м. Д) с. Е) т.
24. Қос қатаң дауыссыз дыбыс тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Әліпби. В) Етпетінен. С) Жазғы. Д) Арман. Е) Түнгі.
25. «Ұжымдастыру» сөзіндегі ұяң дауыссыз нешеу екендігін көрсетіңіз.
А) 2. В) 1. С) 5. Д) 4. Е) 3.

1.1929 жылы қай әліпбиге көшкенімізді табыңыз.


B) Латын әліпбиі. C) Араб әліпбиі. D) Түрік әліпбиі. E) Қазақ әліпбиі.
2. Қазақ тіліне тән дыбыстардың санын анықтаңыз.
А) 5. B) 6. C) 7. D) 8. E) 9.
3.«Қоян» сөзінің құрамында қанша дыбыс, қанша әріп барын анықтаңыз.
А) 5 дыбыс, 4 әріп. B) 5 дыбыс, 5 әріп. C) 4 дыбыс, 4 әріп.
D) 4 дыбыс, 5 әріп. E) 6 дыбыс, 4 әріп.

4.Орыс әліпбиіне көшкен жылды көрсетіңіз.


А) 1940. B) 1929. C) 1924. D) 1939. E) 1941.
5. Қазақ тіліне тән дыбыстар топтастырылған қатарды белгілеңіз.
А) Ә, ғ, қ, к, ң, ө, ү, ұ, і. B) Ғ, қ, і, к, ә, ң, ө, ү, ұ.. C) һ,ә, ғ, қ, ң, ө, і, ұ, ү.
D) Ы, ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, і. E) Ә, ғ, ү, қ, ң, ы, ұ, і, у.
6.Дауысты дыбыстардың жақ қатысына қарай бөлінуін көрсетіңіз.
А) Жуан, жіңішке. B) Жіңішке, ашық. C) Ашық, қысаң. D) Еріндік, езулік. E) Езулік, жуан.
7.«Ы» дыбысына тән сипаттаманы табыңыз.
А) Жіңішке, еріндік, қысаң. B) Жуан, езулік, қысаң. C) Жуан, езулік, ашық.
D) Жіңішке, езулік, қысаң. E) Жуан, еріндік, ашық.
8.Дауысты дыбыстың жасалу ерекшелігін көрсетіңіз.
А) Дауыстап айтуға келетін дыбыстар.
B) Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстар.
C) Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үн мен қоса салдыры бар дыбыстар.
D) Салдырдан жасалған дыбыстар.
E) Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстар.
9.Дауысты дыбыстардың тіл қатысына қарай бөлінуін көрсетіңіз.
А) Жіңішке, ашық. B) Жуан, жіңішке. C) Ашық, қысаң. D) Жуан, ашық. E) Еріндік, езулік.
10.Құрамында үш дауысты дыбысы бар сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) Көмек, бақташылар. B) Барымташы, жақсылық. C) Келіссөз, жеңілдік.
D) Сағыныш, аспан. E) Тапсырма, табалдырық.
11. Сөз соңында келмейтін дауыстылар қатарын табыңыз.
А) А, ы, ө. B) Ы, і, о. C) Ә, о, и. D) Ү, ы, ә. E) Ө, ұ, ү.
12. Бірыңғай жуан дауыстылардан тұратын сөздерді табыңыз.
А) Ынталы, қауесет, дауылпаз. B) Ойшыл, әулие, көлеңке. C) Ұлағат, байланыс, құнарлы.
D) Талап, тілек, керуен. E) Тәжірибе, дүние, туынды.
13.Жуан және жіңішке дауыстылар араласып келген сөздерді табыңыз.
А) Найзағай, қолтаңба, дәулет. B) Ұшқын, жасын, сәуле. C) Тәлімгер, түлек, талап.
D) Ғарышкер, бапкер, Ақтөбе. E) Мөлдір, кәусәр, бұлақ.
14.Бірыңғай жуан дауыстылардың қатарын табыңыз.
А) А, ы, ұ, ө, о. B) О,ө, ы, і, у. C) Ұ, ы, а, ә, ү. D) О, а, ы, у, ұ. E) У, и, а, ы, і.
15.Бірыңғай жіңішке дауыстылардан құралған сөздерді табыңыз.
А) Сабыр, салмақ, сәлем. B) Көмек, кітап, бағбан. C) Қауіп, қатер, күнә.
D) Сезім, төзім, білім. E) Кеңшілік, дәурен, қадір.
16.Ашық дауысты дыбыстар қатарын табыңыз.
А) А, ә, о, ө, е, э. B) А, ә, ұ, ү, у. C) Ы, і, и, ұ, ү, у. D) О. ө, а, ә, е, у. E) А, ә, е, о, ө, ұ, ү.
17.Қысаң дауысты дыбыстан құралған қатарды табыңыз.
А) Күшік, кешік. B) Ыстық, қапырық. C) Қыран, тұлпар. D) Дәстүр, мүлік. E) Түлкі, күлкі.
18.Ашық және қысаң дауыстылар араласып келген сөздер қатарын табыңыз.
А) Көгілдір, бозша. B) Масаты, төзім. C) Күлкі, түлік. D) Ырыс, құдірет. E) Уақыт, тұрмыс.
19.Бірыңғай еріндік дауыстылардан құралған сөздерді табыңыз.
А) Отан, ел. B) Бұлбұл, құс. C) Ұрпақ, жәдігер. D) Төзім, молшылық. E) Уақиға, толқын.
20.Еріндік және езулік дауыстылар араласып келген сөздерді анықтаңыз.
А) Құштарлық, құлаш. B) Жарық, жаңалық. C) Тән, жан. D) Жазылым, айтылым. E) Береке, бірлік.
21.Еріндік дауыстылар қатарын анықтаңыз.
А) О, ө, у, ұ, ү. B) А, ә, о, ө, ұ, ү. C) Ұ, ү, ы, і, о, ө. D) У, ұ, ү, а, ә. E) У, о, ө, ы, і.
22.Бірінші буыны езулік дауыстыдан тұратын сөзді анықтаңыз.
А) Өмір. B) Қарақұм. C) Ұстаз. D) Мұздақ. E) Ошаған.

Дауыссыз дыбыстар санын анықтаңыз.


А) 24.
B) 25.
C) 26.
D) 27.
E) 30.
Дұрыс жауап: С

Дауыссыздар жасауға қажетті қатарды анықтаңыз.


А) Салдыр мен дыбыс.
B) Үн мен салдыр.
C) Дыбыс пен үн.
D) Салдыр мен дауыс.
E) Дауыс пен үн.
Дұрыс жауап: В

Дауыссыз дыбыстардың түрін анықтаңыз.


А) 4.
B) 2.
C) 6.
D) 5.
E) 3.
Дұрыс жауап: Е

Үнді дауыссыздардың жасалуын көрсетіңіз.


А) Салдыр мен үннен жасалып, үні басым болады.
B) Үн мен салдырдан жасалып, салдыры басым болады.
C) Үн мен дыбыстан жасалып, үні басым болады.
D) Салдыр мен дауыстан жасалып, салдыры басым болады.
E) Дыбыс пен үннен жасалып, дыбысы басым болады.
Дұрыс жауап: А

Бірыңғай үнді дауыссыз қатысқан сөздер қатарын табыңыз.


А) Раушан, келбет.
B) Оспан, өмірлік.
C) Ұсыныс, ынтымақ.
D) Лағыл, дүние.
E) Лаула, өнер.
Дұрыс жауап: Е

Үнді дауыссыздардың қатарын көрсетіңіз.


А) Р, л. й, у, м, н, ң.
B) П, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.
C) Б, в, г, ғ, д, з, ж.
D) Т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ, р, л, м, н.
E) У, м, н, ң, б, в, г, ғ, д, з, ж.
Дұрыс жауап: А

Мақал құрамындағы үнді дауыссыздардың санын анықтаңыз.


Күшіңе сенбе, ісіңе сен.
А) 4.
B) 6.
C) 3.
D) 2.
E) 5.
Дұрыс жауап: А

Қатаңдардың жасалу жолын көрсетіңіз.


А) Тек қана үннен тұрады.
B) Салдырдан жасалады.
C) Үннен салдыры басым болады.
D) Салдырдан үні басым болады.
E) Үнге қоса дыбысы болады.
Дұрыс жауап: В

Қатаң дауыссыздан басталған тұрақты тіркесті табыңыз.


А) Жаны мұрнының ұшына келу.
B) Аузын майлау.
C) Көзінен таса қылмау.
D) Беті бүлк етпеу.
E) Мұрнына исі бармау.
Дұрыс жауап: С

Өзара жұп құраған қатаңдар қатарының дұрысын белгілеңіз.


А) С, ш.
B) Қ, ғ.
C) Т, с.
D) Ц, щ.
E) Т, ж.
Дұрыс жауап: В

Сөз соңында келген қатаң дауыссызды қатарды табыңыз.


А) Ұшақ, анар, арық.
B) Шама, нарық, ысырап.
C) Тулақ, бейбітшілік, атырап.
D) Орыс, көмір, өркеш.
E) Уақыт, таңғыш, ұран.
Дұрыс жауап: С

Ортаңғы буында ұяң дауыссыз келген қатарды табыңыз.


А) Аңсарым.
B) Жартыкеш.
C) Бұрынғы.
D) Зымыра.
E) Қажырлы.
Дұрыс жауап: Е

Ұяңнан басталып, ұяңға аяқталған сөзді көрсетіңіз.


А) Жауын.
B) Дарқан.
C) Дарбыз.
D) Болат.
E) Ғасыр.
Дұрыс жауап: С

Ұяң дауыссыздан басталған қатарды табыңыз.


А) Түйменің инесіз күні жоқ.
B) Ерінген екі істейді.
C) Шам жарығы түбіне түспейді.
D) Жол азабы – көр азабы.
E) Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
Дұрыс жауап: D

Құрамында ұяң дауыссызы бар сөзді көрсетіңіз.


А) Қырсық.
B) Мәлімет.
С) Намыс.
D) Ықылас.
E) Тағдыр.
Дұрыс жауап: Е

Сөз басында келмейтін дауыссызды көрсетіңіз.


А) Ж.
B) Ф.
C) Т.
D) У.
E) Ң.
Дұрыс жауап: Е

Сөз соңында келмейтін дауыссызды көрсетіңіз.


А) У.
B) Һ.
C) Ғ.
D) Ң.
E) Й.
Дұрыс жауап: С.

«У» дыбысы дауыссыздың қызметін атқаратын жауапты таңдаңыз.


А) Қуаныш.
B) Жауын.
C) Туырлық.
D) Ару.
E) Бұзу.
Дұрыс жауап: В

Сөз басында келмейтін дауыссызды көрсетіңіз.


А) Ғ.
B) Ф.
C) Х.
D) Ң.
E) У.
Дұрыс жауап: D

Буынның неден құралатынын табыңыз.


А) Әріптен.
B) Фонемадан.
C) Түбірден.
D) Қосымшадан.
E) Сөзден.
Дұрыс жауап: В

Буынға бөлінбейтін сөзді табыңыз.


А) Тарс.
B) Мұра.
C) Бұлақ.
D) Ана.
E) Тілек.
Дұрыс жауап: А

Буынға бөлінбейтін сөзді табыңыз.


А) Қарт.
B) Жарты.
C) Ұнау.
D) Оңай.
E) Ата.

Төрт буынды сөзді табыңыз.


А) Құмырсқа..
B) Қарапайым.
C) Адамгершілік.
D) Арбакеш.
E) Таңертеңгілік.
Дұрыс жауап: В

Ашық буынды қатарды көрсетіңіз.


А) Жаңбыр, алақан, сенім.
B) Кесте, ерулік, жаңа.
C) Дала, жылы, орама.
D) Тапсырма, дәулет, балық.
E) Лағыл, кәусар, уақыт.
Дұрыс жауап: С

Мақал-мәтелдің ішінен ашық буынды қатарды анықтаңыз.


А) Алтын алма, ақыл ал.
B) Сөз тапқанға қолқа жоқ.
C) Семіздікті қой көтерер.
D) Ажалды киік адырға қашады.
E) Бала ісі шала.
Дұрыс жауап: Е

Ашық буынның ережесін белгілеңіз.


А) Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буын.
B) Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталатын буын.
C) Дауыстыдан басталып, дауыстыға аяқталатын буын.
D) Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталатын буын.
E) Дауысты дыбыстардан ғана тұратын буын.
Дұрыс жауап: А

Тіркестердің ішінен ашық буыны бар қатарды анықтаңыз.


А) Аспандап кеткен.
B) Айтылған сыр.
C) Көлгір жан.
D) Тас жүрек.
E) Көп арман.
Дұрыс жауап: D

Тұйық буынды сөзден басталатын қатарды анықтаңыз.


А) Жұртпен жүрген жүдемес.
B) Ұрыс болса, ырыс қашады.
C) Құс қанатымен, ер атымен.
D) Досыңның асын қсыңдай іш.
E) Ас адамның арқауы.
Дұрыс жауап: Е

Бірыңғай ашық буынды қатарды көрсетіңіз.


А) Ерлік пен бірлік.
B) Толған ел.
C) Құлқынның құлы.
D) Ел намысы.
E) Тілегіне жету.
Дұрыс жауап: Е

Тұйық буыны жоқ қатарды анықтаңыз.


А) Көңіл, тамақ, сайра.
B) Орындық, ардақты, бостандық.
C) Ұрпақ, ертең, ырым.
D) Сынақ, ірге, күнделік.
E) Уайым, ождан, ізгілік.
Дұрыс жауап: А

Тұйық буынды еліктеуіш сөздер қатарын көрсетіңіз.


А) Тарс ету, елп ету.
B) Кегжең ету, саңқ ету.
C) Пыс ету, шаңқ ету.
D) Арс ету, ыңқ ету.
E) Мырс ету, ірк ету.
Дұрыс жауап: D

Бітеу буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.


А) Шаңғы, қайқаң, торпақ.
B) Бақбақ, шындық, маңғаз.
C) Дәлдік, батылдық, маңай.
D) Растау, уылдырық, сақтық.
E) Жорамал, қасқыр, рет.
Дұрыс жауап: В

Бітеу буынды қатарды көрсетіңіз.


А) Топқа түсу.
B) Баппен сөйлеу.
С) Әдемі қала.
D) Арлы кісі.
E) Шамалы ас.
Дұрыс жауап: В

Бітеу буынды қатарды көрсетіңіз.


А) Ынтымақтың түбі – игілік.
B) Бірлік болмай, тірлік болмас.
С) Тісі ауырғанның көңілін сұрамайды.
D) Баланың бас ұстазы – ата-ана.
E) Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
Дұрыс жауап: В

Төрт рет тасымалданатын сөзді көрсетіңіз.


А) Аударыспақ.
B) Шапағатты.
С) Көкжиек.
D) Оңтайландыру.
E) Көңілдірек.
Дұрыс жауап: D

Тасымалдауға келмейтін сөзді анықтаңыз.


А) Ирелең.
B) Көлденең.
С) Әрең.
D) Тұлға.
E) Ойпат.
Дұрыс жауап: С

Тасымалдауға келмейтін жауапты табыңыз.


А) Еңбегі жану.
B) Қуанышқа ортақтасу.
С) Дұрыстап айту.
D) Сылқ ету.
E) Шаттыққа толы.
Дұрыс жауап: D

Тасымалдауға келмейтін сөзді анықтаңыз.


А) Жырақ.
B) Орақ.
С) Құрақ.
D) Пырақ.
E) Орта.
Дұрыс жауап: В

Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздерінің жазылуын белгілеңіз.


А) Ережеге сай жазылады.
B) Түбірі сақталып жазылады.
С) Бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке жазылады.
D) Дыбыс үндестігіне бағынып жазылады.
E) Қосымша қосуға лайықталып жазылады.
Дұрыс жауап: С

Буын үндестігіне сай келмейтін қосымшаны табыңыз.


А) Самалды.
B) Кітаптар.
С) Өңір.
D) Дәлдікке.
E) Күнәлар.
Дұрыс жауап: E

Буын үндестігінің ережесін анықтаңыз.


А) Сөздегі, сөз бен қосымша аралығындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке

болып үндесуі.


B) Сөздегі, сөз бен қосымша аралығындағы дауыстылардың бірыңғай жуан болып үндесуі.
С) Сөздегі, сөз бен қосымша аралығындағы дауыстылардың бірыңғай жіңішке болып үндесуі.
D) Сөздегі, сөз бен қосымша аралығындағы дауыстылардың бірыңғай ашық болып үндесуі.
E) Сөздегі, сөз бен қосымша аралығындағы дауыстылардың бірыңғай қысаң болып үндесуі.
Дұрыс жауап: А

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар қатарын анықтаңыз.


А) -тар, -лер, -паз.
B) -қой, -мен, -лық.
С) -дық, -дік, -хана.
D) -нікі, -ов, -тал.
E) -пен, -лы,-қой.
Дұрыс жауап: D

Буын үндестігіне бағынбайтын күрделі сөздерді көрсетіңіз.


А) Алатау, ала-құла, ырың-жырың.
B) Қалғып-шұлғып, шым-шытырық, қолқанат.
С) Сап-сары, іс-міс, жігіт-желең.
D) Аққұтан, азық-түлік, кәріқыз.
E) Атамекен, ауыл-үй, жай-күй.
Дұрыс жауап: Е

Септік жалғауы дәнекер «і» дыбысы арқылы жалғанатын сөзді көрсетіңіз.


А) Парашют.
B) Парк.
С) Томск.
D) Хирург.
E) Тарих.
Дұрыс жауап: С

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз.


А) Далалық.
B) Әкетай.
С) Жұмысшы.
D) Орындаушылар.
E) Көркемірек.
Дұрыс жауап: В

Кісі аттарындағы кейінді ықпалды табыңыз.


А) Болатқожа, Алшағыр.
B) Таңшолпан, Дәмежан.
С) Ханшайым, Зәмзагүл.
D) Сәрсенбек, Ауданбай.
E) Айдархан, Әубәкір.
Дұрыс жауап: D

Қатаңға аяқталған сөздердің соңғы дыбысын өзгертетін қосымшаны табыңыз.


А) Жіктік жалғауы.
B) Тәуелдік жалғауы.
С) Септік жалғауы.
D) Көптік жалғауы.
E) Сөз тудыратын жұрнақтар.
Дұрыс жауап: В

Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.


А) Тамшыдан тама-тама дария болар.
B) Терең құдықтың суы тәтті.
С) Көптің құрығы ұзын.
D) Көп жүрген жер көңілді.
E) Сараңдық пен арамдық ағайындас.
Дұрыс жауап: С

Қосымша қосылғанда кейінді ықпалдың әсерінен өзгеретін түбірді табыңыз.


А) Зыт, қаш.
B) Тарт, жар.
С) Ор, құлат.
D) Кеп, жап.
E) Жат, сат.
Дұрыс жауап: D

Тұтастай ілгерінді ықпалға бағынған мақал-мәтелді табыңыз.


А) Арықтың жілігі татымас.
B) Тату үйдің тамағы тәтті.
С) Қымызы бар үйдің қызығы бар.
D) Жұмысы бағу еді.
E) Піл көтермегенді тіл көтереді.
Дұрыс жауап: Е

Айтылуында өзгешелік байқалатын қатарды анықтаңыз.


А) Ала-құла, іске қосу.
B) Асқан сұлу, келген еді.
С) Орамжапырақ, қылшық-қыбыр.
D) Қақ төрі, алып кет.
E) Қосымшасы бар, жазғы леп.
Дұрыс жауап: А

Орфоэпияның негізгі нормасын көрсетіңіз.


А) Ережеге сай айтылу.
B) Түбір мен қосымшаның үндестігі.
С) Дыбыс үндестігі.
D) Буын үндестігі.
E) Орфографиялық норма.
Дұрыс жауап: А

Дұрыс жазылған қатарды көрсетіңіз.


А) Алағ-жұлақ, бөлтірік, бір тектес.
B) Бірыңғай, ата тек, шаң сорғыш.
С) Тауқымет, төрттаған,сүт қоректі.
D) Қараөзек, қара шымшық, шай қурай.
E) Бойтұмар, айы-күні, алакөз.
Дұрыс жауап: Е

Айтылуында өзгешелік байқалатын қатарды анықтаңыз.


А) Көл жағасынан құдық қазба.
B) Үйінде озған – түбінде озар.
С) Ақыл – бастан, асыл – тастан.
D) Ақыл айтсаң – батыл айт.
E) Егінші – мәрт, жер – жомарт.
Дұрыс жауап: В

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет