1. Жүйелер теориясының негізгі элементтерін нақтылап көрсетіңіз. Жүйенің қасиеттерін атаңыз және әр қасиетіне сипаттама беріңіз


Ақпараттық жүйелердің құрылымының жабдықтау бөлімінің құрылымын толық ашып жазыңыз. Әр жабдықтауға сипаттама беріңіз



бет5/28
Дата30.09.2023
өлшемі2,1 Mb.
#112038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Қосымша мәліметтер

4.Ақпараттық жүйелердің құрылымының жабдықтау бөлімінің құрылымын толық ашып жазыңыз. Әр жабдықтауға сипаттама беріңіз. 
Ақпараттық жүйелер құрылымы бойынша функционалды және жабдықтаушы бөлімнен тұрады: Ақпараттық жүйенің функционалды бөлімі-бұл басқарудың мағыналы бөлігінен тұратын ішкі жүйелер жиынтығы.
Ақпараттық жүйенің жабдықтаушы бөлімі-бұл жүйені жұмыс істетуге қажетті шарттардың жиынтығы.
Техникалық жабдықтау–бұл ақпараттық жүйені жұмыс істетуде қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы Техникалық жабдықтау құрылымы:
Ақпаратты дайындау, жинау және тіркеу құралдары алғашқы ақпараттарды ақпараттық тасығыштарға бекітуге арналған.

  • Ақпаратты өңдеу құралдары алғашқы мәліметтерді түрлендіру қызметін атқарады.

  • Ақпаратты беру құралдары машиналық тасығыштарға жазу үшін қолданылады.

  • Ақпаратты тапсыру құралдары ақпараттарды серверлерге немесе оларды қолданатын орындарға жеткізуге арналған.

  • Ұйымдастыру техника құралдарына ақпаратты қорғау, бейнелеу құралдары кіреді.

Техникалық жабдықтаудың ақпараттық жүйесі келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:

  • ақпараттық есептерді максималды автоматтандыру;

  • мәліметтерді іздеу, жылдам енгізу және жоғары өнімділікті қамтамасыз ету;

  • функционалды сенімді болу;

  • сұхбаттық режимде ақпаратты өндіру;

  • программамен қамтамасыз етуді, өңдеуді және техникамен қызмет көрсетуді жеңілдететін техника құралдарымен қамтамасыз ету.

Математикалық жабдықтау– ақпаратты өңдеудің алгоритмінің үлгісі және математикалық әдістердің жиынтығы.
Математикалық жабдықтаудың ақпараттық жүйесі нақты есептерді шығару үшін арналған. Математикалық жабдықтаудың ақпараттық жүйесінің негізгі талаптарына келесілер жатады:

  • математикалық әдістер мен алгоритмдерді қолдану;

  • шешімнің тұтастылығын және бір мағыналығын қамтамасыз ету;

  • программалау тілінде есеп шешімінің алгоритмдерін бейнелеуге максималды қолдану мүмкіндігі;

  • есептердің функционалды өзара байланысын қамтамасыз ету.

Программалық жабдықтау деп техникалық жабдықтау жабдығын жұмыс істетуді жабдықтайтын, АЖ–ң қызметін жүзеге асыратын программаның бірігуі, ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты «жұмыс істейтін» пішіні болады.
Программалық жабдықтау келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:

  • программалық жабдықтаудың ең маңызды талаптары болып табылатын сенімділікті, әрбір ақпаратты максималды қорғау мүмкіндігі;

  • қолайлылықты, яғни программалық жабдықтау компьютерлік программалармен жұмыс істей алатын пайдаланушыларға есептелуі тиіс;

  • жеңіл меңгерілуі, яғни жұмыс жасауға қолайлы болуы тиіс;

Жалпы программалық жабдықтау– бұл жабдықтаудың кең көлемдегі қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесетін есептеу кезеңінің «және–немесе» шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін ақпараттық жүйенің программалық жабдықтаудың бөлімі.
Арнайы программалық жабдықтау- нақты мәселелерді шешуге және жеке функцияларды орындауға арналған программалық жабдықтау.
Ақпараттық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйелерде қолданылатын ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттарының және ақпараттық массивтердің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі. Ақпаратпен жабдықтаудың негізгі міндетіне ақпаратты сақтау мен жинау, ақпараттар қорына өзгерістер енгізу, басқару шешімдерін қабылдау үшін шығыс ақпараттарды беру жатады. Ақпараттық жүйені жүзеге асыру үшін құрамын, құрылымын және ақпараттық жабдықтауды ұйымдастыру қағидасы келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

  • мәліметтердің қарама–қарсылығының болмауы;

  • ақпаратты тіркеу және қайтадан жинаудың болмауы;

  • ақпараттың түсуінің жеткіліктілігі;

  • кіріс ақпаратының нақтылығы және ыңғайлылығы;

  • қайталанған сақталған мәліметтердің азаюы;

  • мәліметтерді өңдеуге кететін уақыттың азаюы;

  • мәліметтер қорының ұлғаю мүмкіндігі;

  • басқару деңгейінде шешім қабылдауға қажетті ақпараттың жеткіліктілігі;

  • ақпаратты сақтау сенімділігі;

Нормативті–анықтамалық құжаттар келесі талаптарға жауапты болуы тиіс:
барлық бөлімдерге мәліметтердің бір мағыналығының көрсетілуі;
нормативті–анықтамалық ақпараттардың шынайылығы және толықтығы.
Нормативті–анықтамалық құжаттарға толтыру, енгізу, түзетулер (корректировка) жүргізуге болады.
Жедел ақпарат қазіргі уақыттағы объектілер күйін көрсетеді, яғни өңделмеген ақпарат, ол келесіге жауапты болуы тиіс:

  • ақпараттардың толықтығын және бір мағыналығын қамтамасыз ету;

  • құжаттар жүйесінің даму мүмкіндігі;

  • құжаттардың ақпаратпен сыйымдылығын қамтамасыз ету;

  • ақпараттың қайталанбауы;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет