1. Жүйке жүйесінің маңызы



Дата02.03.2023
өлшемі14,83 Kb.
#71322
Байланысты:
Документ


1.Жүйке жүйесінің маңызы 


Жүйке жүйесінің маңызы. Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай анықтауға болады: 
1. мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, ағзаның біртұтастығын іске асырады; 
2. денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің әрекеттерін реттейді; 
3. ағзаны сыртқы ортамен байланыстырады; 
4. сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына ағзаны бейімдейді; 
5. денедегі барлық торшалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл ағзаның тірлігін қамтамасыз етеді. 
Адамның жүйке жүйесі 2 бөлімнен тұрады: орталық және шеткі жүйке жүйесі. Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда 52 см, салмағы 37-38 г. Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады, оның өсуі алғашқы жылы өте күшті, ал 2-3 жасқа келгенде 14 г болады (нәрестеде 2,8-2,9г), 4- 6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын деуге болады, 20 жаста жетілуі аяқталады. Осы мерзімде жұлын 8 есе ұлғаяды. Жұлын жүйке жүйесінің маңызды бөлімдерінің бірі. Түрлі нерв әрекеттерінің бағытталуы мен реттелуі жұлын арқылы іске асады. Себебі жұлын өткізгіштік қызмет атқарады да, оның бойымен дененің барлық жерінен миға нерв импульстері тасылады, ал мидан бүкіл дененің еттерін қозғайтын нерв импульстері мүшелерге барып, олардың қызметін реттейді. Жұлында адамның қарапайым рефлекстерінің орталықтары орналасқан (тізе рефлексі). Адам өмірі үшін маңызды ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері – жүрек-қан тамырлары, ас қорыту, зәр шығару жұлын арқылы орындалады.
2. Жүйке жүйесінің ақпаратты қабылдау, өңдеу, өткізу, психикалық қызметтерін атқару кездеріндегі рөлі. 
Жүйке жүйесі мидың , жұлынның және күрделі нейрондардың желісін қамтиды. Бұл жүйе органның барлық бөліктерінен ақпарат жіберу, қабылдау және түсіндіруге жауапты. Жүйке жүйесі ішкі органның функциясын бақылайды және үйлестіреді және сыртқы ортадағы өзгерістерге жауап береді. Бұл жүйені екі бөлікке бөлуге болады: орталық жүйке жүйесі және перифериялық жүйке жүйесі .


3. Нейронның құрылысы мен қасиеттері 
Жүйке жуйесінің құрылысы мен әрекеттік негізі - нерв жасушасы немесе нейрон. Орталық жуйке жүйесінде (ОНЖ) нейрондарды қосымша жасушалар – глиялар қоршаған. Нейрондар мен глиялар нерв ұлпасын құрайды. Нейронның денесін сома деп атайды. Оның пішіні әртүрлі: сопақша, ұршық тәрізді, жұлдыз тәрізді және т.б. Денесінен ұзынды-қысқалы өсінділері – нерв талшықтары шығады.Ұзын талшығын аксон (грек тіліннен- тірек деген мағынаны білдіреді), қысқа талшықтарын дендриттер деп атайды (дендрон-ағаш). Аксон арқылы нерв жасушасының денесінен басқа нейрондарға, жұмысшы мүшеге нерв импульстері тасылады. Дендриттер-тармақталған қысқа өсінділер. Олардың ұштары сәл жуандап бұдырланады. Бұл – нейрондардың басқа жасушалармен ұштасу ауданын үлкейтеді. Дендриттердің бүртіктері бала тұғаннан кейін көбейе түседі.
Нейрондардың бір-бірімен байланысы синапс деп аталатын арнайы ерекше құрылым арқылы іске асады. Нерв талшықтары ағзада топтасып дәнекер ұлпадан тұратын қабықпен қапталып нервтерге айналады. Бір нервтің құрамында қозуды ОЖЖ өткізетін және орталықтан жұмысшы мүшеге әкелетін талшықтар болады. Қозуды орталыққа өткізетін нервтерді орталыққы тепкіш немесе афференттік нервтер деп атайды, ал қозуды орталықтан жұмысшы мүшеге таситын нервтерді орталықтан тепкіш немесе эфференттік нерв дейді. Нервтердің көпшілігі аралас нервтер. Олардың құрамында афференттік және эфференттік нервтер болады. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет