13-билет
1.Жүйке талшықтарының қозуды өткізу ерекшеліктері (заңдары).
Ответ : Жүйке талшықтарының морфологиялық және физиологиялық заңы бойынша жүйкені созса, қысып жаншыса,кессе, кептірсе, оның морфологиялық құрылысы бұзылып зақымданады. Мұндай жүйке талшығы қозу үрдісін өткізбейді.Мұнымен бірге кейбір ұйықтататын есірткі заттар әсерінен жүйке талшығы қозу үрдісін үақытша өткізбей қояды.
Қозуды екі жақты өткізу заңы.Жүйкенің орындайтын қызмет түріне қарамастан,оның қай-қайсысы болса да тітіркендірілген жерден бастап қозу үрдісін екі жаққа қарай өткізеді.Оны бақаның шоңданай жүйкесіне жасаған тәжірибеден көруге болады. Егер денеден бөлініп алынған жүйкенің екі жақтағы ұшына әрекет потенциалын тіркейтін аспапты бекітіп, дәл ортасынан тітіркендіріп қоздырса ,екі аспап та сол жерге әп-ң жеткенін көрсетеді.
Қозуды жеке өткізу заңы әрбір шеттегі жүйке құрылымында жүздеген мыңдаған жүйке талшықтары бар, алайда әрбір талшық қозуды қатар жатқан талшықтарға жаймай , тек өз бойымен өткізіп, тек өзімен ғана байланысқан ет талшықтарына туп-тура жеткізеді.
2.Ортанғы мидың физиоллогиясы.(презентация ақпараты)
Ответ : Ортаңғы ми — ортаңғы ми қақпағы мен үлкен ми аяқшаларынан тұратын ми бөлігі.Ортаңғы мида аралық мидағы үшінші ми қарыншасы қуысын ромбы тәрізді мидағы төртінші ми қарыншасы қуысымен байланыстыратын түтікше қуыс — суқұбыры (суағар) болады. Ортаңғы ми қақпағы — қақпақты пластинканың беткей қабаты ақзаттан, ал терең қабаты сұрзаттан құрылған. Төрт төмпектің алдыңғы жұп төмпегінің сұрзаты — афференттік қыртысасты көру рефлекстерінің, ал артқы жұп төмпегінің сұрзаты тепе-теңдік және есту рефлекстерінің орталықтарын түзеді.
Ортаңғы мида ядролар орналасады, олар қаңқа бұлшық еттеріне үнемі жүйке импульстарын жіберіп, олардың — тонусын сақтауға мүмкіндік береді. Көру және дыбыс тітіркенуін қабылдайтын бағдарлау рефлекстерінің рефлекс доғалары ортаңғы ми арқылы өтеді. Бағдарлау рефлекстері бас пен денені тітіркендіргішке қарай бұрудан бөлінеді.
3.Бүйрек үсті бездерінің физиологиясы. Ми және қыртыс қабаттары гормондарының организм функцияларын ретеудегі маңызы
Ответ : Бүйрек үсті бездері бүйректердің жоғарғы жағында орналасқан. Олардың салмақтары 6-12 грамға тең. Екі қабаттан тұрады: милы және қыртысты. Қыртысты қабат милы қабатқа қарағанда бездердің көп бөлігін алады. Бүйрек үсті бездерінің салмағы аз болғанмен, маңызы өте зор. Мысалы жануарларда осы бездерді алып тастаса (бұл экстирпация деп аталады) ол бір-екі жұманың ішінде қайтыс болады.
Бүйрек үсті бездері екі қабаттан тұратын болғандықтан, олардың әр-қайсысы түрлі гормондар түзеді.
Қыртысты қабат: 40-тан астам кортикостериодтарды түзеді. Физиологиялық қызметіне байланысты олар 3 топқа жіктеледі.
Глюкокортикостериодтар – кортизон, гидрокортизон, кортикостерон гормондары. Олар катоболизм үдерістерін күшейтеді; белок пен майдың алмасуына әсер етеді; көмірсулардың алмасуына, яғни гликоген мен глюкозаның алмасуын реттейді; аллергияға қарсы тұру қабілеттерінің артуын қарастырады.
Минералокортикоидтар – альдостерон мен 2-дезоксикортикостерон. Олар су мен тұздардың алмасуын; кальций мен магнийдің сыртқа шығарылуын; натрий мен хлор иондарының алмасуын реттейді.
Андрокортикостероидтар – андростерон, эстрол, прогрестерон гормондары. Олардың негізгі қызметі – жыныс бездері өз жұмысын тоқтатқан кезде жыныс гормондарын түзу болып табылады. Бұлардың маңызы кәрілік кезде зор болады.
Милы қабат: адреналин мен норадреналин гормондары түзіледі. Олардың организмге физиологиялық әсері:
Жүрек-тамыр жүйесін реттейді (жүректің соғу ырғақтылығы, қан тамырлапының тартылуы); ішектің біріңғай салалы еттерінің қозғалысын тежейді; бронхының біріңғай салалы еттерін босаңсытады; көздің қарашығын үлкейтеді; жүкті әйелдердің жатырының біріңғай салалы еттерінің жиырылуына әсер етеді; бауыр еттеріндегі гликогенолизді күшейтіп, гипергликемия мен глюкозурияны тудырады. Сонымен қатар адреналин гормонын «эмоциялық гормон» деп те атайды. Ол экстрималды жағдайда организмнің қызметін жылдам бейімделуіне көмектеседі.
Ми және қыртыс қабаттары гормондарының организм функцияларын ретеудегі маңызы.
Ми мен мидың қыртыс қабаттарындағы гормондарға бізде гипофиз және эпифиз бездерінен бөлінетін гормондар жатады. Гипофиздің алдыңғы бөлігінен өсу гормоны бөлінеді және ол организмнің көмірсулар, майлар мен нәруыздарды синтездеу арқылы өсуін реттейді. Ортаңғы бөлігінде түзілетін меланотропин гормоны адам организімінің пигментациясын реттейді. Ал артқы бөлігіндегі окцитоцин мен вазопрессин гормондарының организм функцияларын реттеудегі маңызы: окцитоцин жатыр бұлшықеттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді, ал вазопрессин біріңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуына жағдай жасайды.
Эпифизден бөлінетін мелатонин гормоны меланоцид жасушаларының жұмыстарын тежейді және организмдегі тәуіліктік ырғақтылыққа әсер етеді.