1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары


Сопақша мидағы торлы құрылым екі түрлі қызмет атқарады



бет11/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   169
Байланысты:
1-90 сессия сурак

Сопақша мидағы торлы құрылым екі түрлі қызмет атқарады :

а) жұлын қызметін күшейтіп не әлсірететін төмен қарай бағытталған әсер ;

б) ортаңғы мидың торлы құрылымымен бірге мидың басқа бөлімдерінің қызметін күшейтетін жоғары жаққа қарай бағытталған әсер . 

Сопақша мидың рефлекстері туа біткен рефлекстер болғанымен бұлардың орталықтарына ми қыртысы әсер ете алады. Ми қыртысының сопақша ми қызметіне қандай әсер ететінін төменде келтірілген мысалдардан көруге болады . Емізер алдында баланың жаялығын құрға тып құндақтап отырса , балада осы қимыл әрекетіне сай шартты рефлекс қалыптасады да құндақтай бастасымен онда ему рефлексі басталады. Ми қыртысының құсу орталығына тигізетін әсерін мынадан көруге болады. Аузына ас аларда оның шірік иісін сезсе, шірік-ау деген ойға келсе, адам лоқсуы, тіпті қусуы мүмкін. Бұл тәжірибе әсіресе гипноз ( иландыру ) жағдайында анық байқалады. Артистер сахнада жүріп, қажет болса көз жасын төгіп жылай алады. Бұл айтылғандар сопақша мидың қызметін ми қыртысы реттейтінін көрсетеді.



Варолий көпірі:

Артқы мидың құрамына сопақша ми және Варолий көпірі кiредi. 

Варолий көпiрi және сопақша мимен бiрге ортаңғы ми ми діңінің негiзiн құрады.

Варолий көпірінiң қызметi осы күнге дейiн толық анықталмаған. Ми көпiрінiң құрамында ақ зат көп. Ақ заты жоғары бағытталған және мидың жұлынға қарай (төмен) бағытталған жолдарын құрады.

Ақ заттар аралығында бөлек-бөлек нейрон шоғырлары жайылған. Бқлардың ішінде бас сүйек-ми жүйкелерінің V, VI, VII жұптарының ядролары, көлденең жолақ еттерді ширықтыруға қатысатын рефлекс орталықтары, ұйықтау және сергу тәртібін реттейтін торлы құрылымның нейрондары бар.

Ортаңғы ми мен Варолий көпірінiң торлы құрылымының жасушаларының бiраз бөлігi адреналин мен норадреналиннiң әсерінeн қозады, ал орта ми мен аралық мидың торлы құрылымының бiраз бөлігi ацетилхолиннiң әcеpiнeн қозады. Ацетилхолиннiң торлы құрылымға әcеpi оның iшкі мүшелерге eтeтiн шеткі әсеріне қарама-қарсы.

Варолий көпiрiнiң және орта мидың торлы құрылымының бүйiр бөлiмдерi қимыл рефлекстерiн жеңiлдетiп, сопақша мидағы оның ортаңғы бөлiмдерi оны тежейдi. Жеңiлдету және тежеу торлы құрылымдағы тiтiркенiстiң жиiлігiне байланысты болады. Ол, сонымен қатар, жұлынның жоғары қарай импульстердi өткізетiн жолдарының қозғыштығын езгертедi.

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет