1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары


Өттің құрамы мен қасиеті.Асқорытудағы өттің бөлінуі,өт бөліну фазалары



бет4/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   169
Байланысты:
1-90 сессия сурак

3.Өттің құрамы мен қасиеті.Асқорытудағы өттің бөлінуі,өт бөліну фазалары.
   Өт- бауыр клеткаларында (гландулоциттерде) түзіліп, он екі елі ішекке құйылып тұратын сұйық зат. Ол ашқарында жалпы өт өзегі арқылы бауырдағы өт қабына, ал тамақ ішкен соң он екі елі ішекке келіп құйылады. Өт өзегінің он екі елі ішекке келіп ашылатын аузын айналдыра Одли сфинктерi қоршаған. Өт он екі елі ішекке осы сфинктер босансыған сәтте құйылады.Аш карында сфинктер жиырылып, өт қабындағы өттiң жиналуына себепкер болады. Өт қабынын жалпы өт өзегімен жалғасқан жерiнде де сфинктер бар. Олди сфинктері жиырылған сәтте өт қабы сфинктері (Миркцци) жазылып босаңсиды. Сондықтан да үздіксiз бауырдан шыққан өт, өт кабында жинала береді. 
    Өттің он екі eлi iшекке құйылу тәртібі мен бауырда үздіксіз бөлінуі қалай реттелетiнi тәжірибе жүзінде тексерілген. И. П. Павлов лабораториясында бауырда үздіксіз өт түзілуін және онын реттелу тәртiбiн тексеру үшін иттін өт қабына фистула койды. Операция жасау әдісі қарынга Басовша фистула қою әдісімен бірдей: от кабын тесiп, оған ұзын фистула түтігінің бір жақ ұшын кіргізіп, бекiтiп тiгiп тастайды, фистула түтігінің екінші ұшы құрсақ жарасы арқылы сыртка шығарылып, теріге тігіледі. Бауырдан шыққан өт фистула түтігі арқылы ұдайы сорғалап ағып тұрады. Сөйтіп, өттiң неліктен көп не аз шыгатынын байқауға болады. Ал оның он екі елі ішекке қалай құйылатынын тексеру үшiн өт өзегiне операция жасалады. Ол ушiн iшек қабырғасын өт өзегінің он екi елi ішекке ашылған жерінен айналдыра тіл тәрiздi етiп тiледi де, өт өзегінін аузын сыртқа шығарады. Операция жасалған жердегі жараның жиектерiн бiр-бiрiне тартып тігіп тастайды. Он екі елі ішектен тiлiп алынған бөлiгiнiн бiр шетін құрсак терісіне, сол арадағы жараға тiгiп кояды.

Құрамы.

➢ Өт өт қабында неғұрлым ұзақ сақталса, соғұрлым қойыла түседі, өйткені өт суы өт қабы қабырғасындағы қан тамырларына сiңiп отырады. Сондықтан енді ғана бауырдан шыққан өт өт қабында жиналып, ұзақ сакталған өттен бес есе сұйық келеді. Бауыр өтіндегі құрғақ заттың мөлшері 4%-тей болса, өт қабындағы мөлшері 20%-ке жетеді.

➢ Өттiң түсi оның құрамына кіретін пигменттерге байланысты. Шөп қоректi малдың өтiнде биливердин пигменті көп, осыған орай өттің түсі де шөп тәрізді жасыл болады. Ал ет қоректілердің (адамның) өтінде билирубин пигменті көп, сондықтан сарғылт-қызыл түсті болады. Өт құрамындағы пигменттерден нәжісті табиғи түске бояйтын пигмент пайда болады.

➢ Өт құрамында, мұнымен катар, холестерин, лецитин, өт қышқылдары (таурохол, адамда- гликохол), олардың тұздары және муцин, май кышкылдары, бейтарап майлар, Na, K, Ca, Mg тұздары болады.

Ас қорытудағы маңызы.

1.Өт ұйқы безі сөліндегі ферменттердін, әсіресе липаза ферментінің әрекетін күшейтеді.

2. Өт қышқылдары майды ұсақ бөлшектерге.Майдыңлипаза ферментiмен жанасу дәрежесін ұлғайтады, сөйтіп майдың ыдырауына бірден-бір қолайлы жағдай туғызады. Липазанын әсерімен май май қышқылдары және глицерин болып ыдырайды.

3. Ыдырау барысында пайда болған бұл екі өнім өтсіз сіңбейді. Май қышқылдары мен глицерин лимфаға өтуі үшін алдымен мицеллаға айналуға. Мицелла эмульсияланған ең ұсак май тамшыларынан 100 есе ұсак. Әрбір мицелланың көлденеңі 0,5 мкм. Май ішектін шырышты қабындағы лимфа тамырларына, көбінесе мицелла күйiнде етеді. Эмульсня күйінде ішекте ұзақ уақыт жатып қалca, май өте ұсақ күйіндеде сіңе береді. 

4. Өт қарыннан он екі елі ішекке өткен химус құрамындағы НСІ-ды бейтараптап, пепсин ферментінің әсерін азайтады да, ұйкы безі сөліндегі күрделі ферменттерді (белоктарды) пепсиинің әсерінен қорғайды. 

5. Өт ішектін қимылын күшейтеді.

6. Өт қышқылдары он екі елі ішек бөліп шығарған просекретин гормонын секретинге айналдырады, ал секретин ұйқы безiнің сөл шығару қабілетін күшейтеді.

7. Өт, оның ішіндегі қышқылдары қанға сіңіп, бауырда өт түзiлуiн, өттiң он екі елі ішекке құйылуын тездетеді.

8. Өттің бактериоцидтік (бактерия өлтіру) қасиеті бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет