Радиоактивті дайындаманың негізгі сандық сипаттамасы оның активтілігі. Радиоактивті дайындаманың активтілігі дайындамада бірлік уақыт ішінде ыдырайтын ядролар санымен анықталады:
(3.1)
Мұнда - уақыт ішінде радиоактивтік ыдыраулар саны. N - берілген уақыт кезіндегі радиоактивті ядролар саны, - ыдырау тұрақтысы. Халықаралық жүйеде активтіліктің өлшем бірлігі Беккерель(Бк). 1Бк=1 ыдырау/с. Жүйелерге кірмейтін бірлік – Кюри. 1Ки=3,7·1010Бк.
Активтілікті анықтаудың салыстырмалы әдісі басқалардан өзінің қарапайымдылығымен тартымды. Ол дайындамалардың активтіліктерін салыстыруға негізделген. Егер дайындаманың активтілігі белгілі дайындаманікімен (эталондікімен) салыстырса, дайындаманың активтілігі дәл анықталады.
Радиоактивті дайындамада бірлік уақыт ішінде A ядро ыдырап, А бөлшек шығарылса, қарапайым қондырғы Z(ZК= G ƒα ƒβ ƒγ ƒμ ƒτ ƒλ
G радиоактивті көзден шыққан бөлшектер детекторға тиетін денеліқ бұрышқа түзету.
ƒα - шығарылатын бөлшектедің дайындаманың өзінде жұтылуына түзету.
ƒγ – нұрдың ауа мен санағыштың қабырғасында жұтылуына түзету.
ƒμ – қоршаған нәрселерден шағылған бөлшектердің санағышқа тию ықтималдығын ескеретін түзету.
ƒτ – санағыш қондырғының айнығу қабілетіне тәуелді әлі уақыттық түзету.
ƒλ – детектордың жалған импульстерді тіркеуіне түзету.
Активтілікті дәл анықтау үшін К-ны көптеген тәжерибелер жүргізіп, түзетулерді көп еңбек сіңіруді қажет ететін есептеулерден анықтау керек. Дегенмен, егер дайындама мен эталонның активтіліктерін өлшеулердің барлық жағдайлары бірдей болса, олардың санау жылдамдықтарының қатынасы олардың активтіліктерінің қатынасына тең:
(3.2)
эталонның активтивтілігі Аэ мен дайындаманың және эталонның санау жылдамдықтары Zд мен Zэ белгілі болса, дайындаманың Ад активтілігін анықтауға болады. Дәл бірдей өлшеу жағдайларын қамтамасыз ету, әрине, мүмкін емес сондада керек түзетулер санын мүмкіндігінше азайтуға тырысады.