№ 1 жұмыс Тақырыбы: Организм және оның құрамдас бөліктері. Анатомиялық терминология
Жұмыс жоспары: 1. Организмнің біртұтастығының маңызы. Организмнің қоршаған ортамен қатынасын қарастыру;
2. Анатомиялық терминологиямен танысу;
3. Адам қаңқасының жалпы құрылысымен танысу;
4. Сүйектің химиялық құрамын түсіну үшін отқа күйдіріп, тұз қышқылының ерітіндісіне салған сүйектің қасиетін зерттеу.
Жұмысқа керекті құрал-жабдықтар: «Адам қаңқасы мен жеке сүйектер». «Сүйектің (ұзына бой жән көлденең) кесінділері». «Тұз қышқылының ерітіндісіне салып жұмсартылған және отқа күйдіріп қатайтылған сүйектер». Атластар мен осы тақырыпқа байланысты таблицалар: «Адам қаңқасы», «Бас сүйектер», «Қол-аяқ сүйектері».
1-сурет. Сүйектің құрылысы
2-сурет. Сүйектің құрылысы
3-сурет. Сүйектің микроскопиялық құрылысы
Бақылау сұрақтары: Адамның табиғаттағы орны
Организмнің тұтастығы
Біртұтас организмнің және оны құрайтын элементтердің арақатынасы
Организм және орта
Организмнің кеңістіктегі орнын анықтау мақсатында қандай жазықтықтар қолданылады?
Анатомияда қолданылатын терминдер
Тірек-қимыл аппаратына не жатады? Олардың атқаратын қызметтері қандай?