1. ЖӨР жүргізу кезінде кеуде компрессиясының жиілігі:
1. минутына 30-дан кем емес
2. минутына 60-дан кем емес
3. минутына 80-дан кем емес
4. минутына 100-дан кем емес
5. минутына 120-дан кем емес
2. Зардап шегушіге жүрек -өкпе реанимациясын жүргізген кезде жүрекке сыртқы массаж жасау үшін алақанды төмендегідей орналастыру керек:
1. төстің жоғарғы үштен бір бөлігіне
2. төстің ортаңғы үштен бір бөлігіне
3. төстің төменгі бөлігіне
4. төстің ортаңғы және төменгі үштен бір бөлігіне
5. төстің жоғарғы және ортаңғы үштен бір бөлігіне
3. ЖӨР жүргізуге негізгі көрсеткіш
1. тыныстың тоқтауы
2. жүректің тоқтауы
3. естің болмауы
4. жүрек аритмиясы
5. қарашық реакциясының болмауы
4. ЖӨР жүргізу кезінде компрессия мен дем шығару
арақатынасын қатаң сақтау қажет. Бұл қатынас қандай:
1. 1-ге 10
2. 1-ге 15
3. 2-ге 10
4. 1-ге 30
5. 2-ге 30
5. Зардапшегушіге ЖӨР жүргізілуде. ЖӨР 2 кезеңінен кейін барлық ісшара тоқтатылды, себебі зардап шегуші есіне келе бастады. ЖӨР нәтижелігінің критерилерін атаңыз:
ұйқы артериясында пульстің пайда болуы
АҚ жоғарлауы, қозғалу белсенділігі
Тыныс алудың қалпына келуі және жөтел
Жіп тәрізді пульстің пайда болуы
есінің, тыныс белгілерінің қалпына келуі,ұйқы артериясында пульстің пайда болуы
6. Сафардың үш рет қабылдау әдісін жүргізу кезінде дұрыс әрекет алгоритмін таңдаңыз:
1. тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету, ӨЖЖ жүргізу, жүрекке массаж
2. пациент бүйіріне бұру, төменгі жақсүйегін көтеру, мұрынды қысу
3. пациенттің аузын ашу, басын шалқайту, төменгі жақ сүйегін жылжыту
4. басын шалқайту, төменгі жақ сүйегін жылжыту, пациенттің аузын ашу
5. пациенттің аузын ашу, мұрынды қысып, кенеттен дем шығару
Достарыңызбен бөлісу: |