1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы


V жұп ми нервтің бірінші тармағы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.100%



бет79/116
Дата24.04.2023
өлшемі268,37 Kb.
#86141
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   116
Байланысты:
1. Æ?ðåê, äàìóû, òîïîãðàôèÿñû, øåêàðàëàðû, æ?ðåê ?à?ïà?òàðûíû? à

79. V жұп ми нервтің бірінші тармағы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.100%
Үшкіл нерв - nervus trigeminus V жұп басүйек нерві, аралас нерв болып саналады құрамында қозғалтқыш және сезімтал талшықтары болады. Сонымен қатар вегатиивтік түйіндердің келетін постганглийдік парасимпатикалық талщықтарында бірге жүретіндігін ескерген жөн:
Ядроларына келсек:
1-nucleus spinalis-сезімтал жұлында жатады.
2-nucleus pontinus-сезімтал көпірде орналасқан
3-nucleus mesencephalicus-сезімтал ортаңғы мида жатады
4 nucleusmototiusn.trigemini-көпірде орналасады
Мида орналасқан жеріне келсек: n.trigeminusсабауы- көпір мен мишақтың ортаңғы аяқшасының бір-бірімен қосылған жерінде немесе үшкіл бет сызығы бойында орналасқан.
Бас сүйектен өтетін жеріn.trigeminus бассүйек ішінде үш ірі тармаққа бөлінеді ж/е олардың өтетін жерлері:
1-Көз нерві - n. ophthalmicus
2- Жоғарғы жақсүйек нерві - n.maxillaris
3- Төменгі жақсүйек нерві - n.mandibularis
1.Көз нерві - nervus ophthalmicus [V1]— үшкіл нервтің бірінші тармағы болып саналады, көз алмасын, бездерді, көзжас қапшығын, торлы лабиринттің шырышты қабығын, маңдай ж/е сына тәрізді қойнауларды, жоғарғы қабақтың терісін сонымен қатар маңдай ж/е мұрынның қабырғасын нервтендіреді.

Көз нерві бассүйектің жоғарғы көздік саңылау арқылы бассүйек қуысының көзұясына өтеді. Бірақ осы жерде яғни өтер алдында тағы да үш тармаққа бөлінеді олар: мұрын-кірпікті, маңдай және көзжас нервтері. Көзұясына кірмес бұрын мидың қатты қабығының тармағы яғни ramus meningeus-ке береді.
Мұрын-кірпік нерві - nervus nasociliaris көзұясында— көз алмасының медиалді тік ж/е жоғарғы қиғаш бұлшықеттері арасында медиалді орналасады.
Оның беретін тармақтары:
1) артқы және алдыңғы тор нервтері -nervi ethmoidales posterior et anterior ол торлы лабиринттің шырышты қабығын ж/е мұрын қуысын нервтендіреді;
2) ұзын кірпікті нервтері - nervi ciliares longi ол көз алмасының ақ қабығына ж/е көз алмасының тамырлы қабығына барады;
3) мұрын тармақтары - rami nasales— мұрын арқасына және мұрын қуысының алдыңғы бөлігінің шырышты қабығына барады;
4) кірпікті түйінмен байланысатын тармақ - ramus communicans cum ganglio ciliari, кірпікті түйінге сезімтал нерв талшықтарын алып келеді, олар түйін арқылы транзиттіктүрде өтеді және қысқа кірпікті нервтер (nervi ciliares breves) ретінде жалғасады. Бұл нервтердің құрамында, сезімтал талшықтардан басқа, кірпікті түйіннің нейрондарының түйіннен кейінгі постганглионарлы парасимпатикалық талшықтары және жоғарғы мойын түйіні нейронының түйіннен кейінгі постганглионарлы симпатикалық талшықтары болады. Қысқа кірпікті нервтер нұрлы қабықты және кірпікті бұлшық етті нервтендіреді.
Маңдай нерві nervus frontalis— көз алмасының ең ірі тармағы, көзұясының жоғарғы қабырғасы арқылы өтеді. Ол екі тармаққа бөлінеді:
1) көз ұясының жоғарғы нерві - nervus supraorbitalis көзұясынан көз ұясының жоғарғы тілігі арқылы шығып, медиалді және латералді тармақтарына бөлінеді, сонымен қатар маңдай терісін нервтендіреді;
2) шығыршық үсті нерві - nervus supratrochlearis көз алмасының жоғарғы қиғаш шығыршығы үстінен өтіп, мұрын түбірінің терісін, маңдайдың төменгі бөлігін және жоғарғы қабақты нервтендіреді.
Көз жасы нерві nervus lacrimalis - сезім және парасимпатикалық талшықтардан тұрады.Көзұясында латералді орналасады, көзжас безінің сезімталдығын қамтамасыз етеді. Көзжас нерві байланыстырушы тармағын бет сүйегі нервінен алады.Көзжас нерві өз жолында бетсүйек нервінің анастомоздық тармағымен, r.communicans cum n. zygomatico (қанат-таңдай түйіні, ganglion pterygopalatinum, тармағы) қосылып, көзжас нервтің тармактарымен бірге көзжас безін нервтендіреді. n.lacrimalis үшкіл нервтің екінші тармағы n.maxillaris-тың n.zygomaticus-пенқосылып яғни анастомоз жасап, көзжасы безіне парасимпатикалық импульстарды жеткізеді;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет