1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


ВНЖ парасимпатикалық бөлігінің краниалді бөлімі, орталық және шеттік



Pdf көрінісі
бет113/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

120.ВНЖ парасимпатикалық бөлігінің краниалді бөлімі, орталық және шеттік 
бөліктері. 
(Ракышев 245 б,247 б) Суреттери сонда 
Вегетативтік нерв жүйесі ол біздің санамызға байланыссыз жиырылатын, яғни жазық 
бір салалы бұлшықеттерді (ішкі ағзаларды, жүректі, тамырларды) және бездерді 
иннервациялайтын нерв жүйесінің бір бөлігі болып табылады. 
Қызметіне байланысты ол өз кезегінде 2 бөлінеді. Олар симпатикалық және 
парасимпатикалық. 
Вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің орталық бөлімі, мидың маңында 
орналасқан - III, VII, IX және X жұп бассүйек нервтерінің парасимпатикалық ядроларынан 
және 2-4 сегізкөз сегменттері деңгейінде орналасқан жұлынның сұр затының бүйір 
мүйізшелерінде жататын сегізкөз парасимпатикалық ядроларынан (nuclei parasympathici 
sacrales) тұрады. 
Парасимпатикалық нерв жүйесіне интрамуралды нерв жүйесі деп аталып та 
жатады. 
Вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігі өз кезегінде 2 бөлімге бөлінеді: 
краниалды және сакралды 
Краниалдының ортаңғы бөлігі ортаңғы мида (мезэнцефалдық бөлік) және ромбтәрізді 
мида - көпір мен сопақша ми (бульбарлық бөлік) жайғасқан орталықтардан тұрады. 


 Мезенцэфалдық бөлікті nucleus accessories n. oculomotorii мен ортанғы сыңар ядро 
құрайды, олар арқылы көз бұлшықеттері m. sphincter pupillae мен m. ciliaris 
нервтендіріледі.
 Бульбарлық бөлікті nucleus salivatorius superior n. facialis (дәлірек n. intermedius), 
nucleus salivatorius inferior n. glossopharyngei мен nucleus dorsalis n. vagi кұрайды. 
Парасимпатикалық жүйенің краниалды бөлімінің шеткі бөлігін құрайтындар:
 бассүйек нервтерінің III, VII, IX және Х жүптары кұрамындағы (I және IX жұптар 
құрамында да болуы мүмкін) түйінге дейінгі талшықтар;
 мүшелер жанында орналасқан терминалды түйіндер, атап айтқанда: ganglion ciliare, 
pterigopalatinum, submandibulare, oticum және
 түйіннен кейінгі талшықтар, олардың дербес жолы болады, мысалы, ganglion 
ciliare-ден шығатын, nn, ciliares breves сияқты немесе олар қайсыбір нервтердің 
құрамында жүреді, мысалы ganglion oticum-нен шығып, п. auriculotemporalis-тің 
құрамында жүретін түйіннен кейінгі талшықтар..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет