Еркек жыныс мүшесінің қанмен қамтамасыз етілуі:
• Еркек жыныс мүшесінің қабықтары мен терісі сыртқы жыныс артериясының алдыңғы
Ұмалық тармақтарымен, rr. scrotales anteriores,және ішкі жыныс артериясының еркек
жыныс мүшесінің дорсалді артериясымен, a. Dorsalis penis, қанмен қамтамасыз етіледі.
Еркек жыныс мүшесінің кеуекті және үңгірлі денелері еркек жыныс мүшесінің терең
артериясымен, profunda penis, және ішкі жыныс артериясының еркек жыныс мүшесінің
дорзалді артериясымен, a. dorsalis penis, қанмен қамтамасыз етіледі. Еркек жыныс
мүшесінің буылтығына жыныс буылтығының артериясы, аа. Bulbi penis, және кеуекті
денесіне ішкі жыныс артериясының несеп шығаратын өзек артериясы, аа. urethrales,
кіреді.
• Еркек жыныс мүшесінен веналық қан терең дорсалді вена, v. dorsalis penis profunda,
және буылтық вена, v. bulbi penis, арқылы қуықтық веналық өрімге, plexus venosus
vesicalis, сонымен катар еркек жыныс мүшесінің терен веналары, vv. profundaepenis,
арқылы ішкі жыныс венасына, v. Pudenda interna, ағады.
Достарыңызбен бөлісу: