1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек



Pdf көрінісі
бет75/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

geniculocalcarinus)орналасады. 
2- Ми күмбезі (fornix cerebri) – иіс сезудің қыртысасты орталығы емізіктәрізді денелерді 
(corpora mamillaria-ны) иіс сезудің проекциялық орталықтары гиппокамп жанындағы 
қатпар (gyrus parahippoсampаlis) және ілмекпен (uncus-пен) қосатын екі доғатәрізді 
проекциялық талшықтар.Д оғатәрізді талшықтар орта жерінде бір-бірімен қосылған, ал 
алды мен артқы жағында бірбірінен ажырап төмен қарай бағытталады7 
Проекциялық талшықтар ұзындығына қарай мынадай жүйелерге бөлінеді. 
• 1. Tractus corticospinalis қозғалтқыш ерікті импульстарды дене,қолаяқ бұлшықеттеріне 
өткізеді. Орталық алдындағы қатпардың ортаңғы және жоғарғы бөліктері қыртысының 
пирамидалы жасушаларынан басталған пирамидалы жол талшықтары сәулелі тәж 
құрамында төмен жүріп, ішкі қапшықтың артқы аяқшасының алдыңғы 2/3 бөлігі арқылы 
өтеді. Бұл жерде қолға баратын талшықтар аяққа баратын талшықтардың алдында 
орналасады. Олар әрі қарай ми аяқшасы, pedunculus cerebri, арқылы көпірге, одан төмен 
сопақша миға барады. 
 • 2. Tractus corticonuclearis бассүйек нервтерінің қозғалтқыш ядроларына өткізгіш 
жолдар. Олар орталық алды қатпарының төменгі бөлігі қыртысының пирамидалық 
жасушаларынан басталып, ішкі капсула иіні мен ми аяқшасы арқылы өтіп,содан кейін 
ортаңғы миға, сопақшамиға көпірге келіп, қарсы жағына ауысып, қиылыс түзе, 


қозғалтқыш ядроларында аяқталады. Талшықтардың шамалы бөлігі қарсы жаққа өтпей өз 
жағында аяқталады. 
3.Tractus corticopontini ми қыртысынан көпір ядроларына баратын жолдар. Олар маңдай 
– tractus frontopontinus, шүйде – tractus occipitopontinus, самай – tractus temporopontinus 
және шеке үлестерінен – tractus parietopontinus шығады. Бұл жолдардың жалғасы ретінде 
көпір ядроларынан мишыққа оның ортаңғы аяқшаларының құрамында талшықтар барады. 
Үлкен ми қыртысы осы жолдардың көмегімен мишық қызметіне тежеуші және реттеуші 
әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет