22.Сезiм ағзаларынын анатомиясы. Көру мүшесi. Құрылысы мен кызметі,Косымша аппараты.
СЕЗІМ АҒЗАЛАРЫ ТУРАЛЫ ІЛІМ (ЭСТЕЗИОЛОГИЯ) ORGANA SENSUUM
Сезім мүшелері сыртқы қоршаған ортадан және ағзаның өзiнiң – ішкі органдарынан келген ақпаратты алғашқы талдау жасайтын перефериялык арнайы анатоми-физиологиялық жүйе, Сенсорлық жүйенің перефериялық бөлімі. Қоршаған ортадағы барлық мәліметтерді бiз сезім мүшелерінің көмегімен аламыз.
Адамда 5 сезім мүшелері бар, оларға: 1. Көру мүшесі-көз,
2. есту мүшесі – құлақ,
3. дәм сезу мүшесі – тіл,
4. иіс сезу мүшесі – мұрын,
5. сипап сезу мүшесі – тері жатады. Сезім мүшелерінде сезгіш нейрондардың ұшы (рецепторлар) әр түрлі тітіркенулерді қабылдайды. Дыбыс, температура, химиялык iсер т.б. тітіркендіргіштерге жатады. Әрі қарай сезгіш нейрондардын өсінділері арқылы козу үлкен ми сыңарлары қыртысынын белгілі бір аймағына беріледі.
Көз – oculus (грекше ophtalmos, осыдан- офтальмология), көз алмасынан – bulbus oculi және оны коршап жаткан косымша (қосалкы) агзалардан тұрады.
Көз алмасы, bulbus oculi, көз ұясында орналасқан шар тәрізді дене. Көз алмасында алдыңғы полюсті ( мөлдір қабықтың ең дөңес нүктесіне сәйкес ) және артқы полюсті (көру нерві шығатын жерден латералды ) бөледі. Екі полюсті қосатын түзу сызық оптикалық сызық немесе сыртқы көз білігі деп аталады. Оның мөлдір қабықтың артқы беті мен торлы қабықтың арасындағы бөлігі ішкі көз білігі деп аталады.Көз алмасы оның ішкі ядросын қоршап жатқан 3 қабықтан тұрады: Сыртқы – талшықты; 2) ортаңғы – тамырлы; 3) ішкі – торлы қабық.
І.Талшықты қабық – көз алмасын сыртынан қоршап, қорғаныш қызметін атқарады. Оның артқы үлкен бөлігі – ақ қабық, алдыңғы бөлігі мөлдір қабық деп аталады.
1.Ақ қабық, sclera – тығыз дәнекер тіннен тұрады, ақ түсті, оның 2 қабық арасындағы көрінетін бөлігі көздің ағы деп аталады. Жарық көз алмасы ішіндегі торлы қабықтың жарық сезгіш элементтеріне жету үшін, талшықты қабықтың алдыңғы бөлігі мөлдірленіп, мөлдір қабыққа айналады.
2.Мөлдір қабық, cornea – ақ қабықтың тікелей жалғасы, мөлдір, дөңгелек, алдына қарай дөңес те, артқы жағына қарай ойыс табақша тәрізді, сағат әйнегіне ұқсас, өзінің жиегімен ақ қабыққа кіріп тұрады.
ІІ.Көз алмасының тамырлы қабығы, tunica vasculosa – тамырларға өте бай, жұмсақ, пигменттерге орай қара түсті, дәл ақ қабықтың астында жатады. Онда 3 бөлім болады: 1) меншікті тамырлы қабық; 2) кірпікті дене; 3) нұрлы қабық.
ІІІ.Торлы қабық, retina – көз алмасының үш қабығының ең ішіндегісі, ол тамырлы қабыққа қарашыққа дейін жанасып жатады. Ол 2 бөліктен тұрады: 1) сыртқы – пигментті; 2) ішкі – нервті бөлік. Ішкі нервті бөлік өзінің қызметі мен құрылысы жағынан екі бөлімге бөлінеді: 1) Артқы бөлімде (көру бөлік) сауытшалар мен таяқшалар деп аталатын жарық сезгіш элементтер бар да, ал алдыңғы бөлімінде (соқыр бөлік ) олар болмайды.
Көздің ішкі ядросы мөлдір жарық сындырғыш орталардан: шыны тәрізді денеден, көзбұршақтан және көздің тамырсыз түзілістерін қоректендіруге арналған көз камераларын толтырып тұратын сулы ылғалдан тұрады. Шыны тәрізді дене мен көзбұршақ кескінді торлы қабықта құруға арналған.
Шыны тәрізді дене, corpus vitreum – көз алмасы қуысын торлы қабықтан ішке қарай толтырып тұрады, іркілдек келген, көзбұршақтың артында жататын мөлдір зат.
Көздің қосымша аппараттары
Көздің көмекші аппараттары: көз қимылдатқыш бұлшықкеттер, жас мүшелері, қабақтар және дәекер қабық жатады.
Көз қозғалтқыш бұлшықеттер- көздің барлық бағытта қимылдауын қамтамасыз етеді. Олар: төрт түзу және екі қиғаш бұлшықеттер.
Түзу бұлшықеттер( жоғары, төмен, сыртқа және ішке) көз шарасының ұшындағы көру нервісінің айналасында, Цинн байламынан басталып, лимбтен 5-8 см қашықтықта ақ кабыкка бекінеді.