7. Жұлынның қабықтары жайында жазып беріңіз.
Жауабы: Жұлын мезодермадан пайда болатын үш дәнекер тінді қабықтармен --meninges – қапталған. Егер беткей жағынан терең жүрсек, бұл қабықтар мыналар: қатты қабық dura mater spinalis, тoрлы қабық – агachnoidea mater spinalis және жүмсақ қабық - pia mater spinalis. Yшеуі де мидың осындай кабықтарына жалғаcады. Осы үш қабықтардың арасында үш кеңістік бар. 1.Жұлынның қатты қабығы, dura mater spinalis, жұлынды сырт жағынан қап түрінде қаусырады. Ол сүйек қабығымен жабылған омыртқа өзегінің қабырғаларына тығыз жанаспайды. Сүйек қабығын қатты қабықтың сыртқы жапырақшасы деп те атайды. Екеуінің арасында эпидуралды кеңістік саvitas еріduralis - жатады. Онда шелмай мен веналык өрімдер рleхus venosi vertebralis interni - жайғасады, бүл өрімдерге жүлын мен омырткалардан веналык қаны құйылады. Қатты қабық шүйде сүйегінін үлкен тесігінің жиектерімен бітісіп өседі де, ал құйрық жағында II-III сегізкөз омыртқалары денгейінде аяқталады, одан кейін жіңішке жіп- filum dirae matris spinalis тү- рінде құйымшаққа барып бекиді. 2. Жұлынның торлы қабығы, агаchnoidea spinalis, жұқа тамырсыз жапырақша түрінде іш жағынан қатты қабыққа жанасып жатады, одан дәнекертінді талшыктардың жінішке будаларымен торланған саңылау тәрізді субдуралды кеністікпен, spatium subdurale, бөлінген. Торлы кабық пен жұлынды тікелей жауып тұратын жұқа қабық арасында торлы кабык астындағы кеністігі cубарохнойдальды кеңістік, сavitas subarachnoidalis бар, онда көп мелшерде жүлын-ми сұйықтығымен, liqиor cerebrospinalis, қоршалған жұлын мен нерв түбіршіктері бос орналасқан. Бүл кеңістік әсіресе торлы қабықтың төменгі бөлігінде кеңдеу болады, сол жерде ол жұлынның саuda equinа-сын қоршап жатады. Торасты кеңістігін толтырып тұрған сұйықтық ми мен мидың және торасты кеңістіктеріндегі қарыншаларындағы сұйықтықпен үздіксіз қатынаста болады. Торлы кабық пен жұлынды жауып тұратын жүмсақ қабық араларында мойын аймағының артқы жағында, ортаңғы сызық бойында қалқа, septum сervicale intermedium, түзіледі. Сонымен қатар, жұлынның бүйір жақтарында фронталды жазықтықта алдыңғы және артқы тубірmіктер аралыктарынан өтетін, 19-23 тісті байлам, ligamentum denticulatum, орналасады. Тісті байламдар миды ұзына бойына созылуга мүмкіндік бермей, бір орында бекіту үшін кажет. Екі ligg. denticulatae apқылы торлы кабықастындағы кеңістік артқы және алдыңғы бөлімдерге бөлінеді. 3. Жұлынның жүмсақ қабығы, ріа mater spinalis, бет жағынан эндотелимен жабылған, жұлынды тікелей коршайды, онын екі жапырақшасы арасында тамырлар бар, олар тамырлардың айналасында периваскулярлы лимфалық кеңістік түзе, жұлын жүлгелері мен ми затына енеді.
Достарыңызбен бөлісу: |