Кезбе жүйкенің мойын бөлімінің тармақтары: Жұтқыншақ тармақтары (rami pharyngeales) құрамында сезімтал, қозғалтқыш және парасимпатикалық талшықтары болады. Олар төмегі түйіннен басталып, сыртқы және ішкі ұйқы артериялары аралығынан жұтқыншақтың бүйір қабырғасына өтіп, тіл жұтқыншақ жүйкесінің жұтқыншақ тармақтары және симпатикалық сабаудың жүйке тармақтарымен бірігіп, жұтқыншақ ми жүйкесінің өрімін құрап, жұтқыншақтың шырышты қабықшасын, оның көлденең жолақты қысқыш бұлшықеттерін және жұмсақ таңдайдың шымылдығын керетін бұлшықеттерін тиsculus tensor veli palatini жүйкелендіреді. Жұтқыншақтың сезімтал және парасимпатикалық талшықтары кезбе және тіл-жұтқыншақ жүйкелерінің де тармақтары болып табылады.
Жоғарғы көмей жүйкесі (nervus laryngeus superior) құрамында сезімтал, қозғалтқыш және парасимпатикалық талшықтары болады, кезбе жүйкенің төменгі түйінінен басталып, жұтқыншақтың бүйір қабырғасымен төмен түседі. Тіл асты сүйегінің үлкен мүйізінде жүйке екі тармаққа бөлінеді: сыртқы (ramus externus) және ішкі (ramus internus). Сыртқы тармағы калканша тәрізді шеміршектің артқы жиегімен жүзік тәрізді бұлшықетке барады. Ішкі тармағы жуан, сезімтал және парасимпатикалық калкан-тіл асты жарғағын тесіп өтіп, көмей мен тіл түбірінің шырышты қабығын жүйкелендіреді.
Мойын аумағынан басталатын жүректің жоғарғы жүйкесі (rami cardiaci cervicales superiores) кұрамында сезімтал және парасимпатикалық талшықтары болады және жүрек өрімін кұруға қатысады.
Мойын аумағынан басталатын жүректің төменгі жүйкесі (rami cardiaci cervicales inferiores) сезімтал және парасимпатикалық, көмей қайырма жүйкесінен басталып, жүректің беткей немесе теренде орналасқан өрімін түзуге қатысады.